ҚР еңбек сіңірген әртісі Досымжан Таңатаров балалық шағын есіне алып, қандай ата-анадан тәрбие алғанын айтып берді. Өнер иесі “1001 түн” бағдарламасында сұхбат беріп, алғаш өнер жолына түскенін баяндады. “Біздің заманымызда ата-ананың беделі үлкен мәнге ие еді. Баяғыда әкелерімізді құрметтеуді, анамыздан көретінбіз. Бізді қорқытса да, әкемізді айтатын. Бірақ менің әкем еш уақытта зекіп, ұрсып-ұрған емес. Бірақ оның қасында анамнан таяқтың көкесін жедік. Сыпырғышпен ұрып, оқтаумен сабайтын. Қуып жүріп ұратын. Анамның қатал тәрбиесін көрдік. Сонда «әкең келеді» деп қорқытатын», – дейді әнші. Сондай-ақ өнер иесі әкесінің болмысын айтып, балаларын ешқашан еркелетпегенін жеткізді. «Әкем біртоға кісі болды. Ол кісі маңдайымнан сүйген емес. Мен 2000 жылы Астанаға…
Автор: author
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қазақстандағы телефон кодын өзгертуге қатысты ұстанымын айтты. “Менің азаматтық ұстанымым: мен нөмірлерді +7-ден +9-ға ауыстырып отырғым келмейді. Мен қосымшаларға нөмірімді тіркеп қойдым. Мен оны өзгерткім келмейді. Байланыс операторларымен бірлесіп жүргізіліген консультациялардың нәтижесінде қаржылық, экономикалық және техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып, +7 деңгейінде қалу керек деген пікірге тоқталдық”, – деді Жаслан Мәдиев. Журналистер қазір Қазақстанның Ресеймен бір префиксте екенін атап өтті. Олардың “Қазақстан үшін кейбір бағдарламалық жасақтамаға салынған санкцияларға байланысты шектеулер қауіпті емес пе?” сауалына министр: “Бұл мәселені байланыс операторлары да зерттеді, ауқымды кеңестер жүргізіліп, қаржылық және техникалық мәселелер сараланды. Сондықтан байланыс операторларымен +7-ні қалдырған дұрыс деген шешімге келдік. Санкцияларға…
Биыл «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің 100 жыл толып отыр. Мерейтойға орай Түркістан қаласында қазақ күресінен турнир өтті. Ұлттық спорт бәсекесінің салтанатты ашылуына облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің директор-Бас редакторы Абай Балажан және зиялы қауым өкілдері қатысты. – Облыс баспасөзінің қарашаңырағы саналатын «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің қоғам үшін орны ерекше! Бұл тек ұжымның ғана емес, облыстың, қазақ баспасөзінің тойы деп ойлаймын. Өйткені өңіріміздің бір ғасырлық өмір тарихы осы газеттің әрбір бетінде сақталып тұр. Бұл басылымда бір кезеңдері ұлт қайраткерлері, мемлекет және қоғам деңгейіндегі тұлғалар қызмет атқарды. «Қазақ күресінің» Түркістан төрінде өтуі заңдылық. Аталған сайыстың осыдан 15…
Түркістан облысында 11 жыл үздік оқыған түлектерге өздері оқыған білім ордасында “Алтын белгі” табысталды. 2023 -2024 оқу жылында Түркістан облысында 1704 түлек “Алтын белгі” иесі атанды. Сондай-ақ 2400 оқушы “Үздік аттестат” алды. Айта кетерлігі, биыл мемлекеттік қорытынды емтихан 9 сынып оқушылары үшін 29 мамырдан бастап, 10 маусым аралығында жүргізілді. Ал, 11 сынып оқушылары 28 мамыр мен 11 маусым аралығында қорытынды емтихандарын тапсырды.
Түркістан облысында орман және дала өрттерімен күрес және олардың алдын алу барысы қатаң бақылауда. Бүгін аталған мәселе Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланып, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берілді. – Өрт пен су тасқынына қарсы күрес облысымыз үшін өте өзекті. Сондықтан аудан, қала әкімдері мен тиісті басқармаларға қауіпсіздік шараларын жауапкершілікпен атқаруды тапсырамын. Жолдың жиектерін жыртып, өртке қарсы минералды жолақтар салу жұмысын шұғыл аяқтаңыздар. Екіншіден, өрт қауіпсіздігіне қажетті техника алу, бекеттер салуға қатысты ұсыныстарыңызды беріңіздер. Зерделеп, маңызына қарай қаржы бөлуге тырысамыз, – деді Дархан Сатыбалды. Аппараттың апталық мәжілісінде Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Бекболат Төреқұловтың есебі тыңдалды. Оның…
Түркістанда Мақтаарал ауданының мәдени күндері қорытындыланды. «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында ұйымдастырылған іс-шара екі күн бойы қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Аудан өнерпаздарының «Керуен сарай» туристік кешенінде өткен гала-концертіне белгілі әнші, өнер жұлдызы Жұбаныш Жексенұлы қонақ болды. Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова арнайы қатысып, келген көрерменге алғысын білдірді. Бұдан бөлек «Дариға» би ансамблі, «Мерей» вокалды-аспапты ансамблі, «Тұмар» би ансамблі, Бекбосын Мықтыбек, Айна Мейірбекова, Лобархон Захидова, Макхамбай Құрбанов, Жаңабай Сайфуддинов, Жәнібек Тағаеев, Абдували және Саидвали Каландаровтар, Біржан Жанту, Нұрдәулет Жалалов, Мадина Әуезова, Олег Бахараев, Ақерке Зұлпыхарова және тағы басқалар өнер көрсетті. Шараның алғашқы күні ұлттық құндылықтар…
Ауыл шаруашылығы дақылдарына келетін кері әсердің алдың алу үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігі тарапынан келісілген шегірткеге қарсы қосымша химиялық өңдеу жұмыстарының негізгі бөлігі жүргізілді. Қауіп сейіліп, жағдай тұрақтанды. Егістікті шегірткеден қорғау шаралары Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде баяндалды. Облыс әкімі жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырма берді. Қауіп толық сейілгенше жұмыстарды тоқтатпауды жүктеді. Болжам бойынша, өңірде шегірткелердің таралу аумағы 271,5 мың гектарды құрады, іс жүзінде 340 мыңнан астам гектар өңделді. Шегірткенің белсенді өсу кезеңінде жұмысты күшейту үшін қосымша техника тартылды. Арнайы топ мүшелері зиянкестерден келетін қауіп толық сейілгенше залалсыздандыру шаралары қолға алынған және…
Қазақстандық делегация Әйелдер арасындағы гендерлік теңдік бойынша озық тәжірибе орталығының (UN Women Centre of Excellence for Gender Equality) жұмысымен танысу үшін Сеулге барды. Делегация құрамында ҚР МАМ, ҚР СІМ және ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның өкілдері бар. Қазақстандық делегация отбасылық және гендерлік саясатпен айналысатын Оңтүстік Кореяның мемлекеттік органдарының өкілдерімен кездесулер өткізді. ҚР МАМ жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров кореялық отбасын қолдау орталықтарының жұмысымен танысты. «Оңтүстік Кореяда сегіз бағыт бойынша жұмыс істейтін 244 орталық бар. Үздік бастамалар мен тәжірибелерді Қазақстанда қолдануды жоспарлап отырмыз», — деп атап өтті Қайрат Қамбаров. Естеріңізге сала кетейік,…
“Бұлбұл құсым жырақтама” деп ән салған Нұржан Қалжан өнердегі достарына реніші барын жасырмады. Жақында өнер иесі “Қазақстанның құрметті азаматы” атағын алды. Ол Assyltas TV арнасына сұхбат беріп, өнерді қолға алып жатқанын айтты. “Кезінде әніміз хит болып тұрғанда, айналамды жанашырым көп еді. Басыма іс түсіп, өнерден алшақтағанда ешкімді таппай қалдым. Дүниеде басыңа күн шығып тұрса, қасыңда адам да көп болады екен. Соны түсіндім. Өйткені сенде ақша да, атақ та, жағдай да бар. Ол кезде сен дұрыс істемесең де, ақтап алып, сөзіңді сөйлейтіндер табылды. Бірақ басыңа іс түскенде айналаң да іріктеліп қалады екен. Бұрынғы Нұржан болмай қалғанымда, шын достарымды таппай қалдым. 10…
Тарихта алғаш рет америкалық нарықта қол жетімді электромобильдер бензин мен дизельді көліктерге қарағанда арзан болды. Bloomberg Green мамандары қашықтығы кемінде 480 шақырым болатын жаңа электромобильдер мен қозғалтқышы (ICE) бар жаңа көліктердің бағасына талдау жасады. Ең арзан электромобиль Hyundai Ioniq 6 болып, ол нарықта 37,5 мың долларға сатылды. АҚШ нарығында автокөліктердің орташа құны 47 мың доллар болды. Мамандардың айтуынша, көптеген бензин мен дизельді көліктер электромобильдерге қарағанда қымбат. Осылайша, 2024 жылы тенденция өзгеріп, бұрын дәстүрлі автомобильдер электр қозғалтқышы бар автомобильдерге қарағанда әрқашан арзан болды. Электромобиль бағасының арзандауы нарықтағы жоғары бәсекеге байланысты. Cox Automotive сарапшыларының айтуынша, электркөліктер бастапқыда премиум сегментке бағытталғандықтан қымбат болды.…
