Жалпы, әр жылғы Жолдаудың бір-бірінен айырмашылығы және үнемі байланысы болады. Олай дейтін себебіміз, мысал келтірер болсақ, 2022 жылғы Жолдауда негізінен саяси бағыт басым еді. Ал былтыр Президент көбіне экономикалық мәселелерге кеңірек тоқталды. Биылғы Жолдауда негізінен барлық сала, біраз бағыт қамтылды. Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын дамытуға байланысты Үкіметтен беріліп жатқан қаржының жетпіс пайызы мемлекеттік бюджеттің ақшасы екенін атап өтті. Осыны дұрыс игеру керек. Қасым-Жомарт Кемелұлы субсидия мәселесін азайтып, орнына тауарлы-кредит беруді көбейту керектігін баса айтты. Бұл бұрыннан қозғалып жүр еді. Егер Мемлекет басшысы айтқан шаруаларға тауарлы-несие немесе төмендетілген несие берілетін болса, біріншіден, ол жерге сыбайлас жемқорлық жоламайды. Екіншіден, несиенің үстіндегі мөлшерлемесі…
Автор: author
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» деп аталды. Елдің ертеңі үшін ең қажетті үш мәселенің төркіні мен шешілу жолдары тарқатылды. Яғни еліміздегі құқықтық және экономикалық реформаларға, әлеуметтік әділеттілік пен қоғамдағы оптимизмнің күшеюіне ерекше көңіл бөлінді. Әділеттілік, заң мен тәртіп, экономикалық тұрақтылық және халықтың оптимизмі – мемлекетіміздің тұрақты дамуының негізі. Бұл жолғы Жолдауда елдің кадрлық әлеуетін арттыруға ерекше мән берілген. Мемлекет басшысы экономиканы білікті мамандармен қамтамасыз ету қажеттігін атап өтіп, су, энергетика, құрылыс және басқа да салалардағы кадр тапшылығын жоюды маңызды міндет ретінде жүктеді. Президент Үкіметке жоғары білім беру…
Салық кодексінің жаңа редакциясы өте қысқа мерзімде дайындалғандықтан, шикі тұстары көп болды. Оған бизнес те, тәуелсіз сарапшылар да ризашылық танытпады. Салықты көтеріп, жеңілдіктер мен артықшылықтарды шектеп, салық қызметкерлерінің заңсыз әрекеті үшін жауапкершілікті алып тастау және оларға шағымдануға тыйым салу кәсіпкерлерді алаңдатып қойды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда салықтық әкімшілендіру ісінің жаңа жүйесін қалыптастыру керек екенін, Кодекстің ережелерін әркім әрқалай қабылдамауы үшін жеңілдетіп, экономикалық тұрғыдан белсенді азаматтың бәріне бірдей түсінікті ету өте маңызды екенін айтты. Жолдаудағы көп күткен ең басты жаңалық – Үкімет пен Парламентке жаңа Салық кодексінің жобасына қатысты жан-жақты талқылау жүргізуді тапсыруы. Бұл орайда Президент қиын болса да, дұрыс…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын мұқият тыңдадық. Ел күткендей биылғы Жолдауда да экономикалық өсімді қамтамасыз ету және инвестициялық тартымдылықты арттыру мәселелері күн тәртібіне шығарылды. Білім мен ғылым саласының өкілі ретінде, осы бағыттағы бастамаларға тоқталуды жөн көрдік. Біріншіден, Мемлекет басшысының 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялау бастамасы көптің көңілінен шықты. Техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау – маңызды мәселе. Жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттауға мол мүмкіндік туатынын сөз еткен Мемлекет басшысы адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керектігіне назар аударды. Ұлттық құрылтайдың Атырауда өткен…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жария етті. Айтылған бастамалардың бәрі – еліміз Президентінің экономикалық және саяси реформаларды жүйелі жалғастыруының элементтері. Мемлекет басшысы алдағы кезеңдегі Қазақстанның одан әрі дамуының стратегиялық 9 бағытын атап өтті. Президент ақша-несие және фискалдық саясат арасындағы алшақтықты жою негізгі басымдықтың бірі екенін жеткізді. Оның ішінде, тұрақты салық саясатының қажеттілігі, әкімшілендіруді толық цифрландыру арқылы Салық кодексін жеңілдету және салық режімдерін оңтайландырудың маңыздылығы айтылды. Мұның бәрі – кәсіпкерлер мен бизнес иелері арасында қалыптасқан «ойын ережесін» қажет ететін сұрақтарға нақты және болжамды жауап. Мемлекеттің…
Президент Қазақстан халқына Жолдауында университеттер мен өндіріс арасындағы байланысты күшейту қажеттігін атап өтті. Салалық инновацияларға серпін беріп, жоғары оқу орындарындағы қолданбалы ғылымның әлеуетін ашу қажет. Осы тұрғыдан алғанда ғылыми-технологиялық хакатондар тиімді тетік болып тұр. Бұл тетік өндіріс, ғылым өкілдерін және шешім қабылдайтын басқару құрамын бір платформаға біріктіруге мүмкіндік береді. «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірлесіп ұйымдастырылған ғылыми-инновациялық хакатонда бірқатар ғылыми-технологиялық тақырыптар айқындалды. Ғылымның күш-жiгерi кәсiпорындардың нақты қолданбалы қажеттіліктерін шешуге бағытталады. Хакатон қорытындылары бойынша ғылыми-техникалық қызметті дамытудың басым бағыттарын қалыптастырудың жаңа тетіктері мен тәсілдері, нақты экономиканың сұраныстары мен қажеттіліктерін шешу, ғылым мен бизнестің кооперациясын жақсарту, сондай-ақ жаңа өнім өндіру үшін, оның…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жолдауы — елдің көкейінде жүрген мәселелерді шешуге бағытталған маңызды құжат. «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» деп аталатын бұл жолдау ел дамуының айқын бағытын көрсетіп, нақты қадамдарды белгілейді. Президент жолдауда фискалдық және ақша-кредит саясатының арасындағы алшақтықты жою қажеттігін атап өтті. Елдегі банктер шағын және орта бизнесті қаржыландыруға жеткілікті көңіл бөлмегендіктен, іскерлік белсенділікке кері әсерін тигізуде. Осы орайда Мемлекет басшысы банктердің акционерлері өз дивидендтеріне сәйкес салық төлеуі тиіс екенін атап өтіп, жаңа банктік заң қабылдауды ұсынды. Сондай-ақ, Президент республикалық бюджет кірісінің орындалмай отырғанын ескере отырып, қаражатты тиімді пайдалануды тапсырды. Шағын және орта бизнестен жиналған…
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың биылғы Жолдауы ел күтіп отырған көптеген маңызды мәселені қамтыды. Жолдаудың мазмұны – «есітуші мемлекеттің» нағыз көрінісі. Бірнеше мәселеге тоқталғанды жөн көрдік. Бірінші, банктерге қатысты жаңа заң қабылдау туралы. Ашығын айту керек, бүгінгі таңда елдегі банктер жүйесінің экономикаға жасап жатқан қызметі төмен. Олардың ішкі тірлігіне ешкім де араласа алмайды. Араласқымыз да жоқ. Өкініштісі – банктердің экономика саласындағы кәсіпорындар мен кәсіпкерлерді нақты жобалар бойынша қаржыландырмауы. Мүмкін санаулы жобалар, таңдаулы кәсіпкерлер бар шығар. Менің білетінім – орта және шағын кәсіпкерлердің олардан қаржы алуының қиындығы, пайыздық көлемінің жоғарылығы, қағазбастылықтың көптігі. Бірақ банктердің барлығының да қаржылық жағдайы мықты, топ-менеджерлерінің жалақасы жоғары, триллиондаған…
Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауында елдің инвестициялық ахуалын жақсартудағы белсенді әрекеттердің маңыздылығын атап өтті. Жаһандық бәсекелестік жағдайында капиталға инвестицияны оралымды тартудың мән-маңызы айрықша. Бұл тұрғыда Үкімет жанындағы Инвестициялық штабтың кеңейтілген өкілеттіктері еліміздің металл өңдеу, мұнай-химия, энергетика және машина жасау сияқты негізгі салаларға инвестиция тартуға қабілетті екенін көрсетіп, дәлелдеп келеді. Дегенмен, Қ.Тоқаев кейбір өңірлік және салалық жетекшілердің осы бағыттағы белсенділіктерінің жеткіліксіздігін, инвесторлармен жұмыс істеу тәсілін өзгертуді талап ететінін де ашып айтты. Мемлекеттік-жекеменшік, әріптестік тетіктері арқылы халықаралық қаржы институттарын тарту да инвесторларға қолайлы жағдай жасауда маңызды қадам болмақ. Осы орайда «Экономиканы ырықтандыру шаралары туралы» Жарлыққа қол қою да неғұрлым еркін және бәсекеге…
Жолдауда айтылған идеяларды Президенттің сайлауалды бағдарламаларының стратегиялық жалғасы деп қабылдадым. Мемлекеттің бүгінгі саясаты дәл осы міндеттерді орындауға жұмылған. Мемлекет басшысы Жолдауында: «Ашығын айтуымыз керек, бізде республикалық бюджеттің кіріс бөлігі орындалмай жатыр. Бюджет қаржысын тиімді пайдаланып, оның шығыс бөлігін шектеп, қатаң бақылауда ұстаған жөн», деді. Жолдауда салық жүйесін қайта жүктеу, банк жұмысын қайта жаңғырту, шағын орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіп кешеніне қолжетімді несие беру, әділ және тиімді тариф саясатын жүргізу, цифрландыру, жасанды интеллектіні дамыту секілді көптеген мәселе қозғалды. Атап айтқанда, қаржы экономикалық бағытты алатын болсақ, банк саясатына, оның жұмыстарын жаңартуға байланысты жаңа ұсыныстар айтылды. Жалпы, біздегі екінші деңгейдегі банктердің экономиканың нақты секторын…
