Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • AMANAT: ДЕПУТАТТАРДЫҢ АЛДА АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСҚАН ҚҰЖАТТАР
ЖАҢАЛЫҚТАР

ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСҚАН ҚҰЖАТТАР

authorBy author30 октября, 2024Updated:10 ноября, 2024Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жолдауы — елдің көкейінде жүрген мәселелерді шешуге бағытталған маңызды құжат. «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» деп аталатын бұл жолдау ел дамуының айқын бағытын көрсетіп, нақты қадамдарды белгілейді.

Президент жолдауда фискалдық және ақша-кредит саясатының арасындағы алшақтықты жою қажеттігін атап өтті. Елдегі банктер шағын және орта бизнесті қаржыландыруға жеткілікті көңіл бөлмегендіктен, іскерлік белсенділікке кері әсерін тигізуде. Осы орайда Мемлекет басшысы банктердің акционерлері өз дивидендтеріне сәйкес салық төлеуі тиіс екенін атап өтіп, жаңа банктік заң қабылдауды ұсынды.

Сондай-ақ, Президент республикалық бюджет кірісінің орындалмай отырғанын ескере отырып, қаражатты тиімді пайдалануды тапсырды. Шағын және орта бизнестен жиналған салықтардың мақсатсыз жұмсалуы сынға алынды, ал жаңа үкімет бұл мәселеде тәртіп орнатып, 300 миллиард теңгеге жуық қаражатты үнемдеуге мүмкіндік беретін қадамдарды жүзеге асыруға ниетті.

Жолдауда инвестициялық климатты жақсарту мәселесі де көтерілді. Инвестицияларды ынталандыру бағытында құқық қорғау органдары ірі жобаларды жүзеге асыруға көмек көрсетуге шақырылды. Мемлекет басшысы бизнес пен инвесторлардың заңды іс-қимылына кедергі келтіруді ауыр құқықбұзушылық деп тануды ұсынды.

Сонымен қатар, кәсіпкерлердің қаражатын ел экономикасына салуға міндеттейтін шараларды заңнамалық тұрғыда бекіту ұсынылды. Президенттің айтуынша, бұл қаражат мектептер, ауруханалар, стадиондар және басқа да әлеуметтік нысандарды салуға жұмсалуы қажет.

Агроөнеркәсіп кешенін тікелей субсидиялаудан жеңілдетілген несие беру жүйесіне көшу де орынды қадам болмақ. Президенттің пікірінше, бұл шара ауыл шаруашылығындағы жемқорлықты азайтуға және тиімділікті арттыруға септігін тигізеді.

Жолдауда сондай-ақ газ өңдеу зауыттарын салу арқылы елдің энергияға деген қажеттілігін қамтамасыз ету мәселесі де қозғалды. Атом энергетикасы мәселесінде де халықтың таңдау жасауына мүмкіндік беріліп, бүкілхалықтық референдум өткізу туралы шешім қабылданды.

Инфрақұрылымдық жобаларға ерекше назар аударылды, соның ішінде 12 мың шақырымға жуық жолды жөндеу мен салу жоспарланған, бұл шалғай ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыруға септігін тигізеді.

Жолдаудың басты мақсаты — әділетті қоғам мен заң үстемдігін қамтамасыз ету арқылы елдегі экономикалық өсімді және қоғамдық оптимизмді дамыту. Президент көтерген мәселелердің дер кезінде шешімін табуы халық үніне құлақ асқан мемлекет құру жолында маңызды қадам болмақ.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.