Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • AMANAT: ДЕПУТАТТАРДЫҢ АЛДА АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » МЕМЛЕКЕТ-ЖЕКЕМЕНШІК ӘРІПТЕСТІГІН ДАМЫТУДЫҢ КЕЛЕШЕГІ ЗОР
ЖАҢАЛЫҚТАР

МЕМЛЕКЕТ-ЖЕКЕМЕНШІК ӘРІПТЕСТІГІН ДАМЫТУДЫҢ КЕЛЕШЕГІ ЗОР

authorBy author30 октября, 2024Updated:10 ноября, 2024Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мемлекет басшысының халыққа арна­ған Жолдауында елдің инвестициялық ахуалын жақсар­тудағы белсенді әрекеттердің маңыздылығын атап өтті.

Жаһандық бәсекелестік жағдайында капиталға инвес­тицияны оралымды  тарту­дың мән-маңызы айрықша. Бұл тұрғыда Үкімет жанын­дағы Инвестициялық штаб­тың кеңейтілген өкілеттік­тері еліміздің металл өңдеу, мұнай-химия, энергетика және машина жасау сияқты негізгі салаларға инвестиция тартуға қабілетті екенін көрсетіп, дәлелдеп келеді.

Дегенмен, Қ.Тоқаев кейбір өңірлік және салалық же­тек­шілердің осы бағыттағы бел­сен­діліктерінің жет­кіліксіздігін, инвесторлармен жұмыс істеу тәсілін өзгертуді талап ететінін де ашып айтты. Мемлекеттік-жекеменшік, әріптестік тетік­тері арқылы халықаралық қаржы институттарын тарту да инвесторларға қолайлы жағдай жасауда маңызды қадам болмақ. Осы орайда «Экономиканы ырықтандыру шаралары туралы» Жарлыққа қол қою да неғұрлым еркін және бәсекеге қабілетті эконо­микалық орта құруға деген ұмтылысты көрсетеді.

Сайып келгенде, бұл шаралардың барлығын жүзеге асыру тікелей шетелдік инвес­тициялардың құлдырауын болдырмауға және еліміздің тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар Мемлекет басшысы жаһандық сын-қатер­лер мен өзгермелі әлемдік ландшафт жағдайында еліміз­дің экономикалық дамуы­ның стра­тегиялық көзқарасын ай­қын білдірді. Қазіргі халық­аралық күрделі жағдайда, елдер капитал тартуда өзара бәсекеге түскен кезеңде тіке­лей шетелдік инвестиция көле­мін сақтап қана қоймай, оны ұлғайту үшін еліміз бәсекеге қабілеттілік және икемділік танытуы керек.

Аталған штабтың өкілет­тік­терін нығайту елдің инвес­ти­ция тартуға байланысты жаңа мүмкіндіктер мен сын-қа­тер­лерге тез арада ден қоюға дайын­дығын байқатады. Металдарды терең өңдеу, мұнай, газ және көмір химиясы, туризм, энергетика және машина жасау секілді салалар – басымдықтар ғана емес, сонымен қатар ұзақмерзімді өсудегі стратегия. Бұл салалар экономиканы әртараптандыруды қамтамасыз етуге және әлем­дік тұрақсыз­дық жағдайында аса маңызды шикі­зат экс­пор­тына тәуелді­лікті азай­туға қабілетті. Алай­да Мем­ле­кет басшысы орын­ды атап өткен­дей, жергі­лік­ті шенеунік­тердің барлы­ғы бұл бағытта жеткілі­кті белсенділік таныта бермей­ді. Инвес­ти­циялар ағынын қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын құру және өңірлердің әлеу­меттік-экономикалық жағ­­дайын жақсарту үшін мем­лекет­тік басқарудың барлық деңгейінің нақты және үйлесімді жұмысы қажет.

Маңызды аспект саналатын мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті (МЖӘ) дамыту керек. Еліміздің мұндай жобаларды жүзеге асыруда табысты тәжірибесі бар әрі механизмді кеңейтуге әлеуеті зор. Халықаралық қаржы инс­ти­туттарын тарта отырып, «кілтке тапсырылатын» ауқым­ды жобаларды дайындау қо­сымша қаражат тартумен қатар, озық технологияларға және басқару тәжірибесіне қол­же­тім­ділікті қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде жоба­лардың тиімділігін және олардың ұзақмерзімді перспективада тұрақтылығын арттырады.

«Экономиканы ырықтан­дыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қою – ашық және бәсекеге қабі­летті экономикалық орта құру жолындағы тағы бір маңызды қадам. Либера­ли­зация әкім­шілік кедергілер­ді азай­туды, бизнес жағдайын жақ­сартуды және инвесторлардың құ­қықтарын қорғауды кү­шейтуді көздейді. Бұл халық­ара­лық қауымдастыққа еліміз­дің өзара тиімді шарттарда ынтымақтасуға дайын және экономикалық ашықтықтың әлемдік стандартын ұстануға ниетті екенін көрсетеді.

Осылайша, Президент өз Жолдауында басымдықтарды белгілеп қана қоймай, жос­парларды жүзеге асыруға ке­шенді және жүйелі көз­қарас қажеттігін атады. Бұл инвес­тициялық ахуалды жақсартуға да, МЖӘ жобаларын белсенді ілгерілетуге де қатысты. Қалай десек те, аталған шаралардың бәрі тұрақты экономикалық өсім мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал етуге тиіс.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.