Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Сарапшылар кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаның негізгі ережелерін түсіндірді
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » БАСТЫ МІНДЕТ – ЕЛДІҢ ЖАЙЛЫ ӨМІРІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

БАСТЫ МІНДЕТ – ЕЛДІҢ ЖАЙЛЫ ӨМІРІ

authorBy author30 октября, 2024Updated:10 ноября, 2024Комментариев нет2 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Палата­ла­рының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, эконо­микалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жария етті.

Айтылған бастамалардың бәрі – еліміз Президентінің экономикалық және саяси реформаларды жүйелі жалғастыруының элементтері. Мем­лекет басшысы алдағы кезеңдегі Қазақ­станның одан әрі дамуының стра­тегиялық 9 бағытын атап өтті.

Президент ақша-несие және фискал­дық саясат арасындағы алшақ­тықты жою негізгі басымдықтың бірі екенін жеткізді. Оның ішінде, тұ­рақты салық саясатының қажеттілігі, әкімшілендіруді толық цифрландыру арқылы Салық кодексін же­ңілдету және салық режімдерін оңтайландырудың маңыздылығы айтылды. Мұның бәрі – кәсіпкерлер мен бизнес иелері арасында қалыптасқан «ойын ережесін» қажет ететін сұрақ­тарға нақты және болжамды жауап. Мемлекеттің салық саясатындағы ұдайы өзгерістер жеке бастаманың даму үдерісінің тежелуіне әкеледі.

Президент экономикаға көбірек қаржы салуға банк секторын ынталандыру қажет екенін атап өтті. «Банк­тер туралы» жаңа заң әзірлеу және қабылдау жоспарланып отыр. Бұл жерде күрделі және дағдарыс жылдарында осынау қаржы инс­титуттарына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілгенін еске алу маңызды. Енді азаматтар экономиканы дамыту мен адамдардың әл-ауқатын арттыруға атсалысу үшін банк­терден нақты қай­тарым күтеді.

Мемлекет басшысы одан әрі рефор­малардың маңызды бағыт­та­рының бірі ретінде инвестициялық ахуалды және бизнесті жүргізу үшін жағдайды жақсарту қажеттігін атап өтті. Үкіметке инфляцияны бәсеңдету және елдің халықаралық резервтерін нығайту тапсырылды.

Инвесторларға өндірісті дамыту мақсатын көздейтін преференция­лар әзірленетін болады. Жоғары қайта бөлінген өнім шығаратындарға барынша тиімді жағдай жасалып, кәсіпкерлікті дамытуға арналған жеңілдіктер берілуі керек. Шикізат сату және оны елімізден әкететін уақыт өтті. Кейінгі жылдары елі­мізде әртүрлі салаларда жоғары өңдеу және сапалы өнім шығаруға жағдайлар жасалды. Ол үшін бізде шикізат, технология, кадрлар – бәрі бар.

Алдымызға өрелі міндет қойылды – 2029 жылға қарай экономикадағы орта бизнестің үлесін кемінде 15%-ға дейін ұлғайту керек. Бұл мақсатқа жаппай кәсіпкерлік рухын дамыту, монополия­ларды шектеу және әртүрлі салаларда бәсекелестік үшін нақты мүмкіндіктер жасау шартымен қол жеткізуге болады. Бұл тапсырманы орындау орасан зор мультипликативті әсер етеді. Біз бір жағынан кәсіп­керлердің жаңа шоғырын қалып­тас­ты­рамыз, шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндердің санын арттырамыз. Екінші жағынан, тауарлар мен қызметтерді өндіру саласы айтарлықтай серпін алады, олардың бір бөлігі экспортқа бағытталады.

Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін толық ашу үшін күш-жігерді жүйелі түрде іске асыруды стратегиялық мақсат деп атады. Мемлекеттік сатып алуларда, тұтастай алғанда өндірістерде отандық шикізат пен өзге де бөлшектерді пайдалану өте маңызды. Сапалы және тұрақты экономикалық өсудің негізі – бірінші кезектегі инфрақұрылымдық проблемаларды шешу. 2024 жылдың соңына дейін энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны бекіту тапсырылды. Теміржол саласын реформалау және 12 мың шақырымға жуық автомобиль жолдарын жөндеу және салу қажет. Осының бәрі біздің транзиттік әлеуетімізді ашып қана қоймай, түрлі қызмет көрсету бо­йынша ілеспе кәсіпорындар мен сервистік компанияларды дамытуға мүмкіндік береді.

Атом электр стансасының құры­лысы жөніндегі 6 қазанда өтетін референдумға жеке тоқталу керек. Бұл – Президент Тоқаевтың азаматтарды шешім қабылдау үдерістеріне тарту мен ашықтық бағытын айқын көрсететін маңызды бастамасының бірі.

Мемлекет басшысы еліміздің кадр­лық әлеуетін дәйекті түрде арт­тыруға ерекше назар аударып отыр. Президент елімізге аса маңызды болып отырған: су саласының мамандарын, құрылысшылар мен энергетиктер және басқа да көптеген қызметкерді даярлауға мемлекеттік тап­сырысты ұлғайту қажеттігін атап өтті. Су тасқыны, энергетика объек­тілеріндегі төтенше жағдайлар және басқа да кейінгі кездегі оқиғалар арнаулы сала мамандары болмайынша инфрақұрылым объектілерінің тозуына байланысты қауіп-қатермен күресу мүмкін еместігін көрсетті. Ол үшін салалық министрлік нарықтың қажеттілігін нақты біліп, еліміздің қазіргі экономикасы жағдайында кадр­­ларға зәрулікке талдау жасалуға тиіс.

Еліміздің кадрлық әлеуетін арттыру мақсатында жоғары білім беруді сан-салалы мақсатта ұлғайту, педагогикалық жоғары оқу орындарына іріктеуді күшейту жалғасатын болады. Шетелдік университеттерді елімізге тарту, бір жағынан, осы нарықтағы бәсекелестікті арттыруға ықпал етеді. Екінші жағынан, ол оқу үдерісінің сапасын жақсарту үшін жұмыс істейді.

2024 жылғы Жолдауда белгіленген стратегиялық міндеттердің бірі – ұлт денсаулығын нығайту үшін кешенді шараларды іске асыру және азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйесін қайта жаңғырту. Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйе құрылады. Сондай-ақ зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін адамдар үшін арнайы төлемдер жалғасады.

Президент елімізде экологиялық жағдайды жақсарту және қоршаған ор­таға ұқыпты қарауды дамыту мәсе­лесі шешілуге тиіс екенін атап өтті. Мемлекет басшысы табиғатты қор­ғау мәселесінде бизнестің жауап­кершілігін арттырудың маңыз­ды­лығына тоқталды. Ормандар мен да­ла­ларды өрттен қорғау және еліміз­дің бірегей флорасы мен фаунасын сақтауға баса назар аудару аса маңызды міндет екені даусыз.

Үкіметке мемлекеттік басқарудың тиімділігін түбегейлі арттыру міндеті қойылды. Бюджет қаржысын тиімді пайдалану, шығындарды шектеу және қатаң бақылау болуы керек. Ең бас­ты бағдар – «көрпеге қарай көсілу». Ұлттық қор қаржысын тек стра­тегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін ғана пайдалану керек.

Президенттің айтуынша, қо­ғамда бірыңғай заң мен тәртіптің идеология­сы алға шығуға тиіс. Мемлекет басшысы елімізді жайлы және қауіпсіз өмір аумағына айналдыру – басты міндет деп атады. Сондай-ақ түрлі алаяқтық схе­маларға азаматтардың им­муни­тетін күшейту жөнінде шаралар қабылдау керектігі тапсырылды. Бұл әсіресе кейінгі кездері аса маңызды болып отыр.

Осы міндеттердің бәрін орындау үшін, әрине, бүкіл мемлекеттік аппарат, депутаттық корпус, бизнес өкілдері, қоғамдық ұйымдар және еліміздің барлық азаматы тізе қосып, бірігуі қажет. Біз тек сындарлы диалог арқылы ғана нағыз әділетті Қазақстанды бірге құра аламыз.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН

11 февраля, 2026

БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГКЕ ҚАРСЫ ҮН: ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

10 февраля, 2026

БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ – ЖАСТАР САНАСЫНДАҒЫ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

10 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.