Автор: author

Қазақстан Республикасының Португалиядағы Елшілігінің қолдауымен Шымкент қаласы әкімдігі мен Португалияның Оэйраш қаласы мэриясы арасында бейнебайланыс форматында ресми кездесу өтті. Бұл шара – екі ел арасындағы өзара тиімді әріптестікті нығайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Кездесуге Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жан Ғалиев және Оэйраш қаласы мэрінің орынбасары Франсишку Роша Гонсалвеш қатысты. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін егжей-тегжейлі талқылап, тәжірибе алмасудың жаңа бағыттарын қарастырды. Жиын барысында Шымкент пен Оэйраш қалаларының инвестициялық және туристік әлеуеті таныстырылды. Әсіресе, туризм, жеңіл өнеркәсіп, инновациялық технологиялар және фармацевтика салаларындағы серіктестік мүмкіндіктеріне ерекше көңіл бөлінді. Шымкенттің…

Read More

Шымкент сегодня превращается в один из крупных экономических центров страны. Особенно активно развивается сектор малого и среднего предпринимательства, который становится основной движущей силой экономики города. Показатели роста в этой сфере ежегодно увеличиваются, внося весомый вклад в улучшение благосостояния населения. По итогам января–апреля текущего года число занятых в малом и среднем бизнесе выросло на 10,3% по сравнению с аналогичным периодом прошлого года. Этот показатель наглядно демонстрирует, что в Шымкенте стабильно создаются новые рабочие места. За этот же период объем произведенной продукции составил 865,5 млрд тенге, что на 23,9% выше показателей прошлого года. Доля малого и среднего предпринимательства в валовом региональном продукте…

Read More

Шымкент қаласы бүгінде еліміздің қарқынды дамып келе жатқан ірі экономикалық орталықтарының біріне айналды. Әсіресе шағын және орта кәсіпкерлік саласы аймақ экономикасының негізгі қозғаушы күші болып отыр. Бұл бағыттағы өсім көрсеткіштері жыл сайын артып, қала тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға елеулі үлес қосуда. Биылғы жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінде жұмыспен қамтылғандар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,3%-ға өсті. Бұл көрсеткіш Шымкентте жаңа жұмыс орындарының тұрақты құрылып жатқанын айғақтайды. Сондай-ақ осы кезеңде өндірілген өнім көлемі 865,5 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 23,9%-ға артқан. Нәтижесінде жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 57,5%-ға жетті. Бұл – республика…

Read More

2025 жыл – Қазақстанда «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жарияланды. Бұл жыл – ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген қарапайым еңбек адамдарының беделін арттырып, олардың қоғамдағы орнын айқындап, жаңа деңгейге көтеретін ерекше кезең. Әсіресе, қолымен жасап, темірді бағындырып, болашақты сомдап жүрген шеберлердің орны айрықша. Солардың бірі – дәнекерлеуші мамандығы. Дәнекерлеуші – болат пен оттың қожайыны. Оның қолынан шыққан әрбір іс – көзге байқалмайтын, бірақ өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылатын нәтижелер. Қаладағы биік ғимараттар, шалғай ауылдарды жалғайтын көпірлер, өндірістегі алып зауыттар, су бетінде жүзген кеме мен көкте самғаған ұшақ – бәрінің жүрегінде дәнекерлеушінің қолтаңбасы бар. Тіпті ғарышқа жол тартқан зымырандардың мықты қосылыстары…

Read More

2025 жыл – елімізде еңбек адамының жылы болып жарияланды. Бұл – әрбір жұмысшы мамандықтың қоғамдағы маңызын айқындап, қарапайым еңбектің қадірін дәріптейтін ерекше кезең. Осы орайда күнделікті тұрмысымызды сәнді де мәнді етіп жүрген кәсіп иелерінің бірі – кондитер мамандығына ерекше тоқталу орынды. Кондитер – тәтті тағам жасаушы ғана емес. Ол – нәзік талғам мен ерекше сезімді тоғыстыра білген шебер, әр туындысын өнерге айналдыратын жан. Оның қолынан шыққан әрбір торт, кекс, печенье немесе шоколад тек ас мәзірінің бір бөлігі емес, қуаныштың, шаттықтың, мерекенің белгісі. Бір сәтке ойлансақ: бала туған күнін тәттісіз елестету мүмкін бе? Үйлену тойындағы көп қабатты тортсыз салтанаттың сәні кіре…

Read More

Қазақ халқының ұлы даналығы – «Ынтымақ бар жерде – ырыс бар» деген нақылдың астарында терең мән жатыр. Бұл сөз – тек қана әдемі тіркес емес, қоғам дамуының заңдылығын айқындайтын өмірлік қағида. Тарихқа көз жүгіртсек, халқымыз бірлігі жарасқан кезде небір қиындықты жеңіп, елдігін сақтап қалған. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білген тұста қазақ халқының еңсесі тіктеліп, рухы асқақтады. Керісінше, алауыздыққа ұрынған шақта ел әлсіреп, тұтастығына сызат түскен. Демек, ынтымақ – өткеннің ғана емес, болашақтың да берік кепілі. Қоғамдағы тыныштық пен бейбіт өмір – ең алдымен адамдардың бір-біріне құрметпен қарап, ортақ мақсатқа ұмтылуынан басталады. Әділеттілік үстемдік еткен, әрбір азаматтың еңбегі…

Read More

Темір жол – ел экономикасының күре тамыры, халықтың қозғалыс еркіндігін қамтамасыз ететін стратегиялық сала. Бұл салада еңбек етіп жүрген әрбір маман – үлкен жауапкершілік пен тәртіптің иесі. Солардың бірі – 21 жыл бойы адал қызметімен көзге түсіп, тәжірибесімен дараланған Оразымбет Жақсыбек. Оразымбеттің еңбек жолы Сарыағаш станциясынан бастау алады. Алғашында ол жүк және багаж қабылдап тапсырушы болып қызмет атқарды. Бұл қызмет темір жолдағы маңызды буындардың бірі болып саналады. Себебі жүк пен багажды уақтылы, дәл әрі қауіпсіз қабылдау мен тапсыру – жолаушылардың, кәсіпкерлердің және жалпы халықтың сеніміне тікелей әсер етеді. Жас маман алғашқы күндерінен-ақ өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарап, әрбір тапсырманы уақытында…

Read More

Табиғаттың тылсым құбылыстары адамзат тарихында әрқашан маңызды рөл атқарып келген. Жаңбыр мен құрғақшылық, боран мен ыстық күн, найзағай мен жел — бәрі де адам өміріне, шаруашылығына, тұрмысына тікелей әсер етеді. Осындай кезде бізге бағыт-бағдар беретін, табиғаттың мінезін алдын ала болжап, қауіпсіздігімізді қамтамасыз ететін жандар бар. Олар – метеорологтар. Метеоролог – жай ғана ауа райын айтатын маман емес. Ол – ғылым мен тәжірибені ұштастыра отырып, табиғаттың құбылыстарын зерттейтін, адамзатқа ыңғайлылық пен қауіпсіздік сыйлайтын шынайы шебер. Аспан түрі өзгерсе, жел бағыты ауысса, бұлт жылжып, жауын бұлттана бастаса – бәрін олар біліп отырады. Әрбір дерек – үлкен есептің бір бөлшегі, ал әр болжам…

Read More

В Шымкенте накануне нового учебного года на высоком уровне прошла традиционная августовская конференция учителей. Мероприятие, организованное под темой «Будущее образования: честный гражданин, профессиональный специалист», собрало педагогов, руководителей и представителей власти. В работе конференции приняли участие министр просвещения Республики Казахстан Гани Бейсембаев и аким города Габит Сыздықбеков, которые обсудили стратегические направления и актуальные вопросы сферы образования. Конференция стала не только подведением итогов работы педагогов за год, но и определила конкретные задачи на будущее. На встрече были подробно рассмотрены приоритеты нового учебного года. В последние годы объем государственной поддержки образования значительно увеличился, реализуются системные меры по повышению статуса учителя. В результате заработная…

Read More

Шымкент қаласында жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі ұстаздардың тамыз конференциясы жоғары деңгейде өтті. «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбымен ұйымдастырылған жиынға Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қатысып, білім беру саласындағы стратегиялық бағыттар мен өзекті мәселелер талқыланды. Бұл жиын ұстаздар қауымының жыл бойғы еңбегін саралап қана қоймай, келешекке арналған нақты міндеттерді айқындап берді. Конференция барысында жаңа оқу жылының басымдықтары кеңінен сөз болды. Соңғы жылдары мемлекет тарапынан білім саласына көрсетіліп отырған қолдау көлемі артып, мұғалімдердің мәртебесін көтеруге бағытталған жүйелі шаралар жүзеге асырылды. Соның нәтижесінде ұстаздардың еңбекақысы екі есеге өсті. Бүгінде Шымкент қаласының бюджетінің 37…

Read More