Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • Шымкентте медицина саласы өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдау білдірді
  • Шымкентте этномәдени бірлестік өкілдері жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ШЫМКЕНТТЕ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ САНЫ 140 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТТЕ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ САНЫ 140 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ

authorBy author26 августа, 2025Комментариев нет4 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкент қаласы бүгінде еліміздің қарқынды дамып келе жатқан ірі экономикалық орталықтарының біріне айналды. Әсіресе шағын және орта кәсіпкерлік саласы аймақ экономикасының негізгі қозғаушы күші болып отыр. Бұл бағыттағы өсім көрсеткіштері жыл сайын артып, қала тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға елеулі үлес қосуда.

Биылғы жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінде жұмыспен қамтылғандар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,3%-ға өсті. Бұл көрсеткіш Шымкентте жаңа жұмыс орындарының тұрақты құрылып жатқанын айғақтайды. Сондай-ақ осы кезеңде өндірілген өнім көлемі 865,5 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 23,9%-ға артқан. Нәтижесінде жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 57,5%-ға жетті. Бұл – республика бойынша да жоғары көрсеткіштердің бірі.

Қалада кәсіпкерлікті дамыту үшін қажетті инфрақұрылым жасалып келеді. Қазіргі таңда шағын өнеркәсіп аймақтарын салу бағдарламасы шеңберінде 3 жоба жүзеге асырылуда. Жоспарға сәйкес 150-ден астам жаңа шағын кәсіпорын ашылып, 500-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Бұл бастама кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасап қана қоймай, қала экономикасының әртараптануына да серпін бермек.

Өндірістік әлеуетті арттыру мақсатында Шымкентте бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан 5 өндірістік алаңның («Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы, «Оңтүстік» индустриялық аймағы, «Тассай» индустриялық аймағы, «Сауда-логистикалық орталығы» және «Ордабасы» индустриялық аймағы) қатарына қосымша 438 гектар аумақта «Жұлдыз» және «Бозарық» индустриялық аймақтары қосылды. Қазіргі таңда қалада барлығы 7 ірі өндірістік алаң жұмыс істеп, онда жүздеген кәсіпорындар табысты еңбек етуде.

Болашаққа жоспар да ауқымды. 2025–2030 жылдар аралығында Шымкент қаласында жалпы құны 4,9 трлн теңгені құрайтын 212 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделуде. Бұл жобалар аясында 26 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. Мұндай қадам қала экономикасына тың серпін беріп қана қоймай, Шымкентті Орталық Азиядағы ірі өндірістік және инвестициялық орталықтардың біріне айналдыруға ықпал етеді.

Инвестициялық жобалардың қатарында шетелдік компаниялардың қатысуымен жүзеге асатын ірі бастамалар бар. Атап айтқанда, түрік капиталының қатысуымен «Alsera KZ» және «Fabe Agro» компаниялары заманауи жылыжай кешендерінің құрылысын қолға алуда. Сонымен қатар, отандық «Intertrans» ЖШС алкилат пен полипропилен өндірісін дамытуды жоспарласа, Қытайдың «Shaanxi Construction» компаниясы қуатты бу-газ қондырғысын салуды қолға алды.

Бұл жобалардың жүзеге асуы қаланың өндірістік инфрақұрылымын күшейтіп қана қоймай, жаңа технологияларды енгізуге, экспорттық әлеуетті арттыруға және жергілікті кадрларды оқытып, жаңа кәсіпорындарға бейімдеуге мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, Шымкенттің шағын және орта бизнесі бүгінде қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы негізгі тіректердің біріне айналды. Кәсіпкерлер үшін жасалған қолайлы жағдай мен мемлекеттік қолдау шараларының арқасында қалада кәсіпкерлік мәдениеті нығайып, жаңа бастамаларға жол ашылуда.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГКЕ ҚАРСЫ ҮН: ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

10 февраля, 2026

БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ – ЖАСТАР САНАСЫНДАҒЫ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

10 февраля, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

5 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.