Автор: author

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен жиын өтті. Онда бірқатар саланың өзекті мәселелері талқыланды. Жастар, ұлтаралық қатынас, білім беру және өзге де салалардағы түйткілдер тарқатылды. Мәжіліске құқық қорғау органдарының өкілдері, жауапты басқарма басшылары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты. – Қоғамда әділдікті, еңбекті дәріптеу, жастарға қолдау көрсету маңызды. Өкінішке қарай, қазіргі кезде балаларды өтірік тіркеп, жалған мәлімет беріп жатқан балабақшалар анықталды. Жүргізілген мониторинг нәтижесі солай көрсетіп отыр. Бұдан бөлек, тексерілмеген, жалған ақпарат тарататындар бар. Ақпараттандыру саласындағы белсенділікті арттырған жөн. Жұмыс күші де жетіспейд, бізде. Қазіргі уақытта 200-ден астам нысанда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соларға жұмыссыз азаматтарды тартыңыздар. «Жастар практикасы» бар, «Серпін»…

Read More

Павлодар облысы Баянауыл ауданында «Табиғат аясында кітап оқу» тақырыбында кітапхана әдіскерлеріне және мектеп кітапханашыларына арналған республикалық семинар өтті. Іс-шараны Мемлекет басшысының бастамасымен бастау алған «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы аясында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы ұйымдастырған. Семинар салтанатты түрде аудандық білім бөлімі өкілдерінің және Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-интернат директорының құттықтау сөздерімен ашылды. «Көкжиек-Горизонт», «Абай», «Шұғыла» баспаларымен қоса «SMARTKITAPHANA» мектеп кітапханашыларын автоматтандыру және цифрландыру» тақырыбындағы үздік жобаны «Edlıne» ЖШС бизнесті дамыту менеджері Арман Ажимуханов таныстырды. Кітапхана саласына тың серпін берген семинарда Баянауыл ауданының ең көрікті жерлері Сабындыкөл жағалауында «Қазыналы Баянауылдағы Сабындыкөл жағалауында кітап оқу тақырыбында»…

Read More

ҚР еңбек сіңірген әртісі Досымжан Таңатаров балалық шағын есіне алып, қандай ата-анадан тәрбие алғанын айтып берді. Өнер иесі “1001 түн” бағдарламасында сұхбат беріп, алғаш өнер жолына түскенін баяндады. “Біздің заманымызда ата-ананың беделі үлкен мәнге ие еді. Баяғыда әкелерімізді құрметтеуді, анамыздан көретінбіз. Бізді қорқытса да, әкемізді айтатын. Бірақ менің әкем еш уақытта зекіп, ұрсып-ұрған емес. Бірақ оның қасында анамнан таяқтың көкесін жедік. Сыпырғышпен ұрып, оқтаумен сабайтын. Қуып жүріп ұратын. Анамның қатал тәрбиесін көрдік. Сонда «әкең келеді» деп қорқытатын», – дейді әнші. Сондай-ақ өнер иесі әкесінің болмысын айтып, балаларын ешқашан еркелетпегенін жеткізді. «Әкем біртоға кісі болды. Ол кісі маңдайымнан сүйген емес. Мен 2000 жылы Астанаға…

Read More

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қазақстандағы телефон кодын өзгертуге қатысты ұстанымын айтты. “Менің азаматтық ұстанымым: мен нөмірлерді +7-ден +9-ға ауыстырып отырғым келмейді. Мен қосымшаларға нөмірімді тіркеп қойдым. Мен оны өзгерткім келмейді. Байланыс операторларымен бірлесіп жүргізіліген консультациялардың нәтижесінде қаржылық, экономикалық және техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып, +7 деңгейінде қалу керек деген пікірге тоқталдық”, – деді Жаслан Мәдиев. Журналистер қазір Қазақстанның Ресеймен бір префиксте екенін атап өтті. Олардың “Қазақстан үшін кейбір бағдарламалық жасақтамаға салынған санкцияларға байланысты шектеулер қауіпті емес пе?” сауалына министр: “Бұл мәселені байланыс операторлары да зерттеді, ауқымды кеңестер жүргізіліп, қаржылық және техникалық мәселелер сараланды. Сондықтан байланыс операторларымен +7-ні қалдырған дұрыс деген шешімге келдік. Санкцияларға…

Read More

Биыл «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің 100 жыл толып отыр. Мерейтойға орай Түркістан қаласында қазақ күресінен турнир өтті. Ұлттық спорт бәсекесінің салтанатты ашылуына облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің директор-Бас редакторы Абай Балажан және зиялы қауым өкілдері қатысты. – Облыс баспасөзінің қарашаңырағы саналатын «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің қоғам үшін орны ерекше! Бұл тек ұжымның ғана емес, облыстың, қазақ баспасөзінің тойы деп ойлаймын. Өйткені өңіріміздің бір ғасырлық өмір тарихы осы газеттің әрбір бетінде сақталып тұр. Бұл басылымда бір кезеңдері ұлт қайраткерлері, мемлекет және қоғам деңгейіндегі тұлғалар қызмет атқарды. «Қазақ күресінің» Түркістан төрінде өтуі заңдылық. Аталған сайыстың осыдан 15…

Read More

Түркістан облысында 11 жыл үздік оқыған түлектерге өздері оқыған білім ордасында “Алтын белгі” табысталды. 2023 -2024 оқу жылында Түркістан облысында 1704 түлек “Алтын белгі” иесі атанды. Сондай-ақ 2400 оқушы “Үздік аттестат” алды. Айта кетерлігі, биыл мемлекеттік қорытынды емтихан 9 сынып оқушылары үшін 29 мамырдан бастап, 10 маусым аралығында жүргізілді. Ал, 11 сынып оқушылары 28 мамыр мен 11 маусым аралығында қорытынды емтихандарын тапсырды.

Read More

Түркістан облысында орман және дала өрттерімен күрес және олардың алдын алу барысы қатаң бақылауда. Бүгін аталған мәселе Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланып, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берілді. – Өрт пен су тасқынына қарсы күрес облысымыз үшін өте өзекті. Сондықтан аудан, қала әкімдері мен тиісті басқармаларға қауіпсіздік шараларын жауапкершілікпен атқаруды тапсырамын. Жолдың жиектерін жыртып, өртке қарсы минералды жолақтар салу жұмысын шұғыл аяқтаңыздар. Екіншіден, өрт қауіпсіздігіне қажетті техника алу, бекеттер салуға қатысты ұсыныстарыңызды беріңіздер. Зерделеп, маңызына қарай қаржы бөлуге тырысамыз, – деді Дархан Сатыбалды. Аппараттың апталық мәжілісінде Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Бекболат Төреқұловтың есебі тыңдалды. Оның…

Read More

Түркістанда Мақтаарал ауданының мәдени күндері қорытындыланды. «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында ұйымдастырылған іс-шара екі күн бойы қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Аудан өнерпаздарының «Керуен сарай» туристік кешенінде өткен гала-концертіне белгілі әнші, өнер жұлдызы Жұбаныш Жексенұлы қонақ болды. Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова арнайы қатысып, келген көрерменге алғысын білдірді. Бұдан бөлек «Дариға» би ансамблі, «Мерей» вокалды-аспапты ансамблі, «Тұмар» би ансамблі, Бекбосын Мықтыбек, Айна Мейірбекова, Лобархон Захидова, Макхамбай Құрбанов, Жаңабай Сайфуддинов, Жәнібек Тағаеев, Абдували және Саидвали Каландаровтар, Біржан Жанту, Нұрдәулет Жалалов, Мадина Әуезова, Олег Бахараев, Ақерке Зұлпыхарова және тағы басқалар өнер көрсетті. Шараның алғашқы күні ұлттық құндылықтар…

Read More

Ауыл шаруашылығы дақылдарына келетін кері әсердің алдың алу үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігі тарапынан келісілген шегірткеге қарсы қосымша химиялық өңдеу жұмыстарының негізгі бөлігі жүргізілді. Қауіп сейіліп, жағдай тұрақтанды. Егістікті шегірткеден қорғау шаралары Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде баяндалды. Облыс әкімі жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырма берді. Қауіп толық сейілгенше жұмыстарды тоқтатпауды жүктеді. Болжам бойынша, өңірде шегірткелердің таралу аумағы 271,5 мың гектарды құрады, іс жүзінде 340 мыңнан астам гектар өңделді. Шегірткенің белсенді өсу кезеңінде жұмысты күшейту үшін қосымша техника тартылды. Арнайы топ мүшелері зиянкестерден келетін қауіп толық сейілгенше залалсыздандыру шаралары қолға алынған және…

Read More

Қазақстандық делегация Әйелдер арасындағы гендерлік теңдік бойынша озық тәжірибе орталығының (UN Women Centre of Excellence for Gender Equality) жұмысымен танысу үшін Сеулге барды. Делегация құрамында ҚР МАМ, ҚР СІМ және ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның өкілдері бар. Қазақстандық делегация отбасылық және гендерлік саясатпен айналысатын Оңтүстік Кореяның мемлекеттік органдарының өкілдерімен кездесулер өткізді. ҚР МАМ жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров кореялық отбасын қолдау орталықтарының жұмысымен танысты. «Оңтүстік Кореяда сегіз бағыт бойынша жұмыс істейтін 244 орталық бар. Үздік бастамалар мен тәжірибелерді Қазақстанда қолдануды жоспарлап отырмыз», — деп атап өтті Қайрат Қамбаров. Естеріңізге сала кетейік,…

Read More