Автор: author

Жалпы, әр жылғы Жолдаудың бір-бірінен айыр­ма­шы­лығы және үнемі байланысы болады. Олай дейтін себебіміз, мысал келтірер болсақ, 2022 жылғы Жолдауда негізінен сая­си бағыт басым еді. Ал былтыр Президент көбіне экономикалық мәселелерге кеңірек тоқталды. Биылғы Жолдауда негізінен барлық сала, біраз бағыт қамтылды. Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын дамытуға байланысты Үкіметтен беріліп жатқан қаржының жетпіс пайызы мемлекеттік бюджеттің ақшасы екенін атап өтті. Осыны дұрыс игеру керек. Қасым-Жомарт Кемелұлы субсидия мәселесін азайтып, орнына тауарлы-кредит беруді көбейту керектігін баса айтты. Бұл бұрыннан қозғалып жүр еді. Егер Мемлекет басшысы айтқан шаруаларға тауарлы-несие немесе төмендетілген несие берілетін болса, біріншіден, ол жерге сыбайлас жемқорлық жоламайды. Екіншіден, несиенің үстіндегі мөлшерлемесі…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» деп аталды. Елдің ертеңі үшін ең қажетті үш мәселенің төркіні мен шешілу жолдары тарқатылды. Яғни еліміздегі құқықтық және экономикалық реформаларға, әлеуметтік әділеттілік пен қоғамдағы оптимизмнің күшеюіне ерекше көңіл бөлінді. Әділеттілік, заң мен тәртіп, экономикалық тұрақтылық және халықтың оптимизмі – мем­ле­ке­тіміздің тұрақты дамуы­ның негізі. Бұл жолғы Жолдауда елдің кадрлық әлеуетін арттыруға ерекше мән берілген. Мемлекет басшысы экономиканы білікті мамандармен қамтамасыз ету қажеттігін атап өтіп, су, энергетика, құрылыс және басқа да салалардағы кадр тапшылығын жоюды маңызды міндет ретінде жүктеді. Президент Үкіметке жоғары білім беру…

Read More

Салық кодексінің жаңа редак­ция­сы өте қысқа мерзімде дайын­­далғандықтан, шикі тұс­тары көп болды. Оған бизнес те, тәуелсіз сарап­шылар да риза­шылық таныт­пады. Са­лық­ты көтеріп, ж­еңіл­дік­тер мен артық­шы­лықтарды шектеп, салық қызметкерлерінің заң­сыз әре­­кеті үшін жауап­кер­­­шілікті алып тас­тау және олар­­ға шағым­дануға тыйым салу кә­сіп­керлерді алаңдатып қой­ды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Жолдауда  салықтық әкімшілендіру ісінің жаңа жүйесін қалыптастыру керек екенін, Кодекстің ережелерін әркім әрқалай қабылдамауы үшін жеңілдетіп, экономикалық тұрғыдан белсенді аза­мат­тың бәріне бірдей түсінікті ету өте маңызды екенін айтты. Жолдаудағы көп күткен ең басты жаңалық – Үкімет пен Парламентке жаңа Салық кодексінің жобасына қатысты жан-жақты талқылау жүргізуді тапсыруы. Бұл орайда Президент қиын болса да, дұрыс…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын мұқият тыңдадық. Ел күткендей биылғы Жолдауда да эко­номикалық өсімді қамтамасыз ету және инвести­ция­лық тартымдылықты арттыру мәселелері күн тәртібіне шығарылды. Білім мен ғылым саласының өкілі ретінде, осы бағыттағы бастамаларға тоқталуды жөн көрдік. Біріншіден, Мемлекет басшысының 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялау бастамасы көптің көңілінен шықты. Техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау – маңызды мәселе. Жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттауға мол мүмкіндік туатынын сөз еткен Мемлекет басшысы адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керектігіне назар аударды. Ұлттық құрылтайдың Атырау­да өткен…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Палата­ла­рының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, эконо­микалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жария етті. Айтылған бастамалардың бәрі – еліміз Президентінің экономикалық және саяси реформаларды жүйелі жалғастыруының элементтері. Мем­лекет басшысы алдағы кезеңдегі Қазақ­станның одан әрі дамуының стра­тегиялық 9 бағытын атап өтті. Президент ақша-несие және фискал­дық саясат арасындағы алшақ­тықты жою негізгі басымдықтың бірі екенін жеткізді. Оның ішінде, тұ­рақты салық саясатының қажеттілігі, әкімшілендіруді толық цифрландыру арқылы Салық кодексін же­ңілдету және салық режімдерін оңтайландырудың маңыздылығы айтылды. Мұның бәрі – кәсіпкерлер мен бизнес иелері арасында қалыптасқан «ойын ережесін» қажет ететін сұрақ­тарға нақты және болжамды жауап. Мемлекеттің…

Read More

Президент Қазақстан халқына Жолдауында университеттер мен өндіріс арасындағы байланысты күшейту қажеттігін атап өтті. Салалық инновацияларға серпін беріп, жоғары оқу орындарындағы қолданбалы ғылымның әлеуетін ашу қажет. Осы тұрғыдан алғанда ғылыми-технологиялық хакатондар тиімді тетік болып тұр. Бұл тетік өндіріс, ғы­лым өкілдерін және шешім қабыл­дайтын басқару құрамын бір платформаға біріктіруге мүмкіндік береді. «Қазақмыс кор­порациясы» жауапкершілігі шек­­теулі серіктестігімен бір­лесіп ұйымдастырылған ғылы­ми-инновациялық хакатонда бірқатар ғылыми-техно­логия­лық тақырыптар айқын­дал­ды. Ғылымның күш-жiгерi кәсiп­орындардың нақты қолдан­ба­лы қажеттіліктерін шешуге ба­ғыт­­та­ла­ды. Хакатон қоры­­тын­­дылары бойынша ғылыми-техникалық қызметті дамытудың басым бағыт­та­рын қалыптастырудың жаңа тетіктері мен тәсілдері, нақты эко­номиканың сұраныстары мен қажеттіліктерін шешу, ғылым мен бизнестің кооперациясын жақ­сарту, сондай-ақ жаңа өнім өнді­ру үшін, оның…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жолдауы — елдің көкейінде жүрген мәселелерді шешуге бағытталған маңызды құжат. «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» деп аталатын бұл жолдау ел дамуының айқын бағытын көрсетіп, нақты қадамдарды белгілейді. Президент жолдауда фискалдық және ақша-кредит саясатының арасындағы алшақтықты жою қажеттігін атап өтті. Елдегі банктер шағын және орта бизнесті қаржыландыруға жеткілікті көңіл бөлмегендіктен, іскерлік белсенділікке кері әсерін тигізуде. Осы орайда Мемлекет басшысы банктердің акционерлері өз дивидендтеріне сәйкес салық төлеуі тиіс екенін атап өтіп, жаңа банктік заң қабылдауды ұсынды. Сондай-ақ, Президент республикалық бюджет кірісінің орындалмай отырғанын ескере отырып, қаражатты тиімді пайдалануды тапсырды. Шағын және орта бизнестен жиналған…

Read More

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың биылғы Жолдауы ел күтіп отырған көптеген маңызды мәселені қамтыды. Жолдаудың мазмұны – «есітуші мемлекеттің» нағыз көрінісі. Бірнеше мәселеге тоқталғанды жөн көрдік. Бірінші, банктерге қатысты жаңа заң қабылдау туралы. Ашығын айту керек, бүгінгі таңда елдегі банктер жүйесінің экономикаға жасап жатқан қызметі төмен. Олардың ішкі тірлігіне ешкім де араласа алмайды. Араласқымыз да жоқ. Өкініштісі – банк­тердің экономика саласындағы кәсіп­орын­дар мен кәсіпкерлерді нақты жобалар бо­йынша қаржы­ландырмауы. Мүмкін санаулы жобалар, таңдаулы кәсіпкерлер бар шығар. Менің білетінім – орта және шағын кәсіпкерлердің олардан қаржы алуының қиындығы, пайыздық көлемінің жоғарылығы, қағазбастылықтың көптігі. Бірақ банктердің барлығының да қар­жылық жағдайы мықты, топ-менед­жер­лерінің жалақасы жоғары, трил­лион­даған…

Read More

Мемлекет басшысының халыққа арна­ған Жолдауында елдің инвестициялық ахуалын жақсар­тудағы белсенді әрекеттердің маңыздылығын атап өтті. Жаһандық бәсекелестік жағдайында капиталға инвес­тицияны оралымды  тарту­дың мән-маңызы айрықша. Бұл тұрғыда Үкімет жанын­дағы Инвестициялық штаб­тың кеңейтілген өкілеттік­тері еліміздің металл өңдеу, мұнай-химия, энергетика және машина жасау сияқты негізгі салаларға инвестиция тартуға қабілетті екенін көрсетіп, дәлелдеп келеді. Дегенмен, Қ.Тоқаев кейбір өңірлік және салалық же­тек­шілердің осы бағыттағы бел­сен­діліктерінің жет­кіліксіздігін, инвесторлармен жұмыс істеу тәсілін өзгертуді талап ететінін де ашып айтты. Мемлекеттік-жекеменшік, әріптестік тетік­тері арқылы халықаралық қаржы институттарын тарту да инвесторларға қолайлы жағдай жасауда маңызды қадам болмақ. Осы орайда «Экономиканы ырықтандыру шаралары туралы» Жарлыққа қол қою да неғұрлым еркін және бәсекеге…

Read More

Жолдауда айтылған идеяларды Президенттің сайлауалды бағдарла­маларының стратегиялық жалғасы деп қабылдадым. Мемлекеттің бүгінгі саясаты дәл осы міндеттерді орындауға жұмылған. Мемлекет басшысы Жол­дауында: «Ашығын айтуымыз керек, бізде республикалық бюджеттің кіріс бөлігі орындалмай жатыр. Бюджет қаржысын тиімді пайдаланып, оның шығыс бөлігін шектеп, қатаң бақылауда ұстаған жөн», деді. Жолдауда салық жүйесін қайта жүктеу, банк жұмысын қайта жаңғырту, шағын орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіп кешеніне қолжетімді несие беру, әділ және тиімді тариф саясатын жүргізу, цифр­ландыру, жасанды интеллектіні дамыту секілді көптеген мәселе қозғалды. Атап айтқанда, қаржы экономикалық бағытты алатын болсақ, банк саясатына, оның жұмыстарын жаңартуға байланысты жаңа ұсыныстар айтылды. Жалпы, біздегі екінші деңгейдегі банктердің экономиканың нақты секторын…

Read More