Автор: author

Бүгінде әлем жаһанданудың жаңа кезеңін бастан кешуде. Біз қазір  адамзат тарихының экономикалық, әлеуметтік және экологиялық, гуманитарлық тұрғыдан күрделі түйткілді кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Осындай кезеңде мемлекеттер, халықаралық ұйымдардың, діни қауымдастықтардың ізгілікке негізделген ортақ көзқарасты ұстанғаны абзал. Бұл өз кезегінде – түрлі елдер мен халықтар арасында, саяси, діни түсіністік пен ынтымақтастық, бітімгершілік әрекеттері арқылы ғана мүмкін болмақ. Әлем елдері, сондай-ақ әлемдік және дәстүрлі діндер қандай қиын жағдайда болмасын, тек рухани достық арқылы ғана табысқа қол жеткізуге болатынын біздің еліміз қашанда алға тартып келеді. Қазақстанның бітімгершілікке бағытталған айтулы бастамаларды абыроймен жүзеге асыруы бұған дәлел.   «Ең алдымен, халықтың береке-бірлігін сақтау елдігіміз үшін аса маңызды.…

Read More

Жаһандағы геосаяси жағдай сәт сайын құбылып тұрған қазіргідей күрделі кезеңде ел қорғанысының бекем болғаны барлығынан маңызды. Қазіргі таңда дүниенің түкпір-түкпіріндегі шиеленістер мен қақтығыстарға байланысты біздің еліміздің де әскерлері түрлі сын-қатерлерге дайын болуы қажет. Солардың қатарына аумақтық қорғаныс әскерлері де кіреді. Қарулы Күштердің құрамына кіретін осынау құрылымдардың жасақталып, жұмыс істей бастағанына онша көп уақыт бола қойған жоқ. Анығында, аумақтық қорғаныс әскерлерінің міндеттері мен атқарып жүрген қызметі жайлы қоғамда нақты түсінік қалыптаса қоймағанымен, қалың бұқара мұндай құрылымдардың бар екенінен аз да болса хабардар деп ойлаймыз. Себебі, бұған дейін аумақтық қорғаныс әскерлерінің нақты міндеттері туралы бекітілген тиісті тапсырмалары бар. Ал 2017 жылдың 13…

Read More

Бүгінде елдің тұтастығы мен бірлігін, татулығы мен тыныштығын басты назарда ұстаған Қазақстан халқы – демократиялық даму  жолында ұлттың бірлігін сақтай алатын өркениетті тетікке қол жеткізе алды.  Жас мемлекетіміздің алтын діңгегі ретінде теңдік пен достыққа, өзара диалог пен келісімге негізделген, бүкіл Қазақстан халқының ұлттық-рухани бірлігін насихаттайтын саяси формула қалыптастыра білдік. «Еліміз өркениетті диалог пен өзара сыйластық мәдениетін дәріптеуі керек. Қоғамды ұйыстыру, ұлттық бірегейлікті нығайту ісінде еліміздің тарихи мұрасын және мәдени әлеуетін тиімді пайдалануға баса мән беріледі. Осы орайда Қазақстанның мүмкіндіктері зор, соның ішінде өзін халықаралық аренада тиімді таныта алады», – деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауларының бірінде атап өткен…

Read More

Түркістан қаласының қоғамдық көліктерінде енді AlemPay карталарын қолдануға болады. Бұл карталар арқылы оқушылар жол жүру ақысына 35 теңге төлеп, жеңілдікпен жүре алады. Ересектерге арналған карталар да бар. Карта құны – 500 теңге, әрі оны үйден шықпай-ақ, телефон арқылы онлайн толықтыруға болады. Картаны сатып алу үшін Түркістан қаласы, Ерубаев көшесі, №356 мекенжайына келу қажет. Бұл жаңа жүйе Түркістан қаласының қоғамдық көлігінде жол жүруді одан әрі ыңғайлы және жылдам етеді! Сондай-ақ, қоғамдық көлік жолаушыларынан төлемді карта арқылы жасауды сұраймыз.

Read More

Қазақстан деп аталатын егемен елімізді көздің қарашығындай қорғап, сақтап, келесі ұрпақ еншісіне қалдырудан артық ұлы мұрат болмаса керек. Осынау қастерлі міндет үдесінен көрініп, күндіз-түні ел күзетінде қырағылық танытып, ата-баба аманатына адалдықтың асқан үлгісін көрсетіп келеміз бе? Жаһандану заманында жан-жағымыздағы құбылыстар мен оқиғаларға қарап, Қарулы Күштеріміздің қорғаныс қабілетін күшейтудің маңызы зор. Ата-бабамыз кейінгі ұрпағына аманаттап қалдырып кеткен еліміз бен кең-байтақ жерімізді қызғыштай қорғап, тыныштығын сақтап, Мәңгілік ел болу жолындағы қастерлі міндетіміздің биігінен көрініп, қорғанысымызды нығайтып, күш-қуатымызды барынша еселей түсудің аса жауапты шағы өтуде. Туған жер мен Отанға деген ұлы сүйіспеншілік болған жерде кез келген қауіп-қатерге бүгінгі ел қорғаушылары тойтарыс беретіндігіне кәміл…

Read More

Биылғы жылы кеңес әскерлерiнiң Ауған жерiнен шығарылғанына 35 жыл толды. Отыз бес жыл әрине аз уақыт емес, бiрақ жүректегi жараның орны әлi бiте қойған жоқ. Жарияланбаған соғыс 10 жылға созылған. Ауған соғысына қатысқан жауынгерлердiң 70-80 пайызы Кеңестер одағына қарасты Азиялық мемлекеттердiң жастары болатын. Кеңестер одағының құрамында болған кезде елiмiздiң ерлерiнiң еңбегi еленбей, әдейi, қасақана шетке ысырылды. Бұл жөнінде «Халық қаһарманы» Бақытжан Ертайұлы Ертаев тілшілерге берген сұхбатында: «Бiздiң жiгiттер ешкiмнен кем соғысқан жоқ. Мен басқарған батальондағы жауынгерлердiң 70 пайыздан астамы қазақ жiгiттерi болды. Сол кезде олармен жасты жiгiттер туған жерде отау тiгiп, отбасын құрап жатты, жұмыс iстеп жүрдi. Ал, Ауғанстанда әскери…

Read More

«Біз «бірлік пен тұрақтылық болмаса, саяси-экономикалық реформалар жүзеге аспайды» дейміз. Әрине, бұл – дұрыс пайым. Бірақ бірлік дегеніміз мақсатымызға апаратын жол ғана емес. Бұл – мемлекеттілігіміздің ең басты тірегінің бірі. Мен бұған дейін де айттым: еліміздің тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығы бәрінен қымбат. Ел бірлігі осы мызғымас құндылықтармен қатар тұруға тиіс. Сонда ғана болашағымыз баянды болады. Татулық пен келісім тек мемлекеттік саясатта емес, қоғамда, үйде, ұжымда, жалпы, барлық жерде дәріптелуі қажет. Халқымыз бірліктің және тыныштықтың қадірін біледі. Бұл – небір қиын-қыстау заманды өткерген, қазақ жерінен пана тапқан барша этностар үшін де қымбат құндылықтар. Осы құндылықтарды бағалай білгеннің арқасында жұртымыз бейбіт өмір…

Read More

Орталық Азия кеңістігі сан алуан империяның құрылғаны­на, ыдырағанына, саяси және экономикалық модельдердің табиғи жолмен дамығанына куә болды, бірақ өзіне тән бірегейлігін сақтап қалды. Халықтарымыз ежелден түрлі өркениетпен тіл табысып, қарым-қатынас орната білді. Соның арқасында бұл аймақ өзінің этномәдени және рухани ерекшелігін сақтай отырып, Ұлы Жібек жолының және тұтастай алғанда үлкен Еуразияның тарихында шешуші рөл атқарды. Дамудың жаңа тарихи кезеңінде елдеріміз көптеген сынақ пен қиындықты бастан өткерді. Дегенмен Орталық Азия республикалары «қалып­таспаған мемлекеттердің» қатарына немесе failed states деп аталатын топқа қосылады деген пес­симистік болжам расталған жоқ. Аймақтағы елдер өздерінің қалыптасқан дербес мемлекет екенін дәлелдеп, халықаралық қауымдастықтағы лайықты орнын алды. Халықтарымыздың бірлігі…

Read More

Жүрегінде отаншылдық рухы жалындаған жастардың жаңа буынын тәрбиелеуде «AMANAT» партиясына үлкен сенім артылған. Мемлекет басшысы жастарға арнаған сөзінде әркім қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезінуі тиіс екенін ескерткен болатын. Туған елге құрмет қызыл сөзден емес, жасампаз істен көрінуі қажет екенін түсіндірген. Жаңа заманның жақсы қасиеттерін бойға сіңіріп, мемлекеттік мүддені бәрінен жоғары қоюға шақырды. Туған халқыңа қызмет етуден артық бақыт жоғын айта отырып, мемлекеттігімізді сақтаудың басты кепілі болуға үндеді. Бабалардан мұра болған қасиетті жеріміз – ең басты байлығымыз. Қазаққа осынау ұлан-ғайыр аумақты сырттан ешкім сыйға тартқан жоқ. Бүгінгі тарихымыз 1991 жылмен немесе 1936 жылмен өлшенбейді. Халқымыз Қазақ хандығы кезінде де, одан арғы…

Read More

Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихында жастарды – кейінгі буынды Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу, мемлекетке қызмет ететін лайықты азаматтар ретінде баулу мәселелері үнемі биліктің назарында болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Отаншылдық – мемлекеттігімізді сақтаудың басты кепілі. Туған жерге деген сүйіспеншіліктен артық қасиет жоқ. Туған халқына қызмет етуден асқан бақыт жоқ. Патриоттық – алаңға шыққандардың әдемі ұраны емес, ел игілігі жолындағы адал еңбек», деуі де сондықтан. Осының ішінде әскери қызметшілер арасында қазақстандық патриотизмді дамыту және жастарды әскери-патриоттық бағытында тәрбиелеу мәселелері – Қорғаныс министрлігі қызметінің басым бағыттарының бірі. Бұл орайда, «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жасағында көптеген қазақ балалары ұлтжандылыққа, патриотизмге,…

Read More