Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ЕЛ ҚОРҒАНЫСЫНЫҢ БЕКЕМ БОЛҒАНЫ МАҢЫЗДЫ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ЕЛ ҚОРҒАНЫСЫНЫҢ БЕКЕМ БОЛҒАНЫ МАҢЫЗДЫ

authorBy author14 ноября, 2024Updated:9 декабря, 2024Комментариев нет4 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Жаһандағы геосаяси жағдай сәт сайын құбылып тұрған қазіргідей күрделі кезеңде ел қорғанысының бекем болғаны барлығынан маңызды. Қазіргі таңда дүниенің түкпір-түкпіріндегі шиеленістер мен қақтығыстарға байланысты біздің еліміздің де әскерлері түрлі сын-қатерлерге дайын болуы қажет. Солардың қатарына аумақтық қорғаныс әскерлері де кіреді. Қарулы Күштердің құрамына кіретін осынау құрылымдардың жасақталып, жұмыс істей бастағанына онша көп уақыт бола қойған жоқ.

Анығында, аумақтық қорғаныс әскерлерінің міндеттері мен атқарып жүрген қызметі жайлы қоғамда нақты түсінік қалыптаса қоймағанымен, қалың бұқара мұндай құрылымдардың бар екенінен аз да болса хабардар деп ойлаймыз. Себебі, бұған дейін аумақтық қорғаныс әскерлерінің нақты міндеттері туралы бекітілген тиісті тапсырмалары бар.

Ал 2017 жылдың 13 маусымында қол қойылған Қазақстан Республикасының «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №69-VI Заңына сәйкес, аумақтық қорғаныс құрылымдарына ҚР ҚК аумақтық әскерлері мәртебесі берілді. Қорғаныс министрлігінің аумақтық әскерлерді басқару жөніндегі өкілеттіктері мен функциялары бекітілді.

Олардың міндетіне халықты, объектілер мен коммуникацияларды қарсыластың түрлі әрекеттерінен, диверсиялық немесе террорлық актілерден қорғау кіреді. Айта кету керек, 2018 жылғы сәуірде әкімдіктердің жанындағы аумақтық қорғаныс құрамалары Қазақстан Республикасы Қарулы күштері аумақтық әскерлерінің әскери бөлімдері болып қайта құрылды. Сол жылы мамыр айында өткен Жауынгерлік парадта Президент облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне құрамалардың жауынгерлік туларын табыс еткен болатын.

Жаман айтпай, жақсы жоқ. Ел іргесінің бүтін болуы, жалпы ел өңірлеріндегі аумақтық қорғанысты нығайту мәселесі қазіргі таңда күн тәртібінде тұр. Аумақтың тұтастығы – елдің тұтастығы мен халықтың амандығының кепілі. Сондықтан бұл мәселеге бей-жай қарауға болмайды. Жергілікті атқарушы органдар жыл сайын аумақтық қорғаныс бөлімшелеріне тіркелген әскери міндеттілердің жиынын өткізіп тұрады. Аумақтық әскерлер мен жергілікті атқарушы органдар лауазымды адамдарының оқу-жаттығулары мен біліктілігін арттыру курстарын өткізу жұмыстары да бір жүйеге түскен деп айтуымызға болады.

Бүгінде Аумақтық қорғаныс әскерлері Қарулы күштердің ауқымы кең оқу-жаттығуларына тұрақты түрде қатысып, өздерінің міндеттерін сәтті орындап жүр.

Аумақтық қорғаныс әскерлері жергілікті жерлердегі әскери міндеттілердің арасынан жасақталады. Олар негізінен стратегиялық маңызы бар объектілерді және коммуникацияларды қарсыластың әрекеттерінен, диверсиялық актілерден немесе терроризм актілерінен қорғау, сондай-ақ төтенше немесе соғыс жағдайы режимдері кезінде белгілі бір аумақтың қауіпсіздігі мен тұтастығын қамтамасыз етеді.

Іс жүзінде аумақтық қорғаныс әскерлері ұлттық қауіпсіздікті сақтау жүйесінің ажырамас бөлігі. Қазақстан қазіргі заманғы қауіп-қатерлер мен сын-тегеуріндерге қарсы тұра алатындай аумақтық қорғаныстың пәрменді жүйесін ұйымдастыруға айрықша мән беріп отыр.

Айта кетсек, аумақтық қорғаныс жүйесін нығайту бұқара мен Қарулы Күштердің тізе қоса әрекет етуіне мүмкіндік беретін тиімді тетіктердің бірі. Осы ретте аумақтық қорғаныс әскерлері бес жылда бір рет әскери жиынға қатысуға міндетті.

Бір сөзбен айтқанда, аумақтық қорғаныс әскерлері елде қандай да бір оқыс жағдай бола қалса, оқиға орнынан табылатын күштердің қатарына кіреді.

Осы ретте Президент геосаяси жағдай мен өзекті сын-қатерлерді ескере отырып, Қазақстанның Қарулы Күштерінің әскери дайындығын түбегейлі жаңғыртуды жүктеді. Оның ішінде Қазақстан армиясының техникалық және жауынгерлік жабдықтарын жаңарту міндетін қойды. Қарулы Күштерді заманауи, жоғары технологиялық қару-жарақпен, әскери техникамен жабдықтауды тапсырған Президент оларға қызмет көрсететін отандық өндірісті де дамыту қажеттігіне тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қасіретті қаңтар оқиғаларының сабағын ескере отырып, қару-жарақ және әскери техника сатып алудың биылғы жылғы жоспарын қайта қарауды, Қазақстанның Қарулы Күштерінің кадрлық әлеуетін арттыруды тапсырғаны еліміздің аумақтық тұтастығына баса мән бергенін аңғартады.

 

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.