Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
  • Безопасная школа: в Шымкенте 500 школьников встретились с главой полиции
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ОРМАН ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ МЕКЕМЕЛЕРІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫН КӨТЕРУ ҮШІН БЮДЖЕТТЕ ШАМАМЕН 8,5 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
Қаржы

ОРМАН ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ МЕКЕМЕЛЕРІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫН КӨТЕРУ ҮШІН БЮДЖЕТТЕ ШАМАМЕН 8,5 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН

authorBy author1 июля, 2024Комментариев нет2 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Биылғы 1 шілдеден бастап еліміздің орман және табиғат қорғау мекемелерінің қызметкерлері лауазымдық жалақыларына үстемеақы ала бастайды. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Атап айтқанда, орман және табиғат қорғау ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін, шарттары мен мөлшерін жақсарту мақсатында «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына өзгерістер енгізілді.
Құжатқа сәйкес орман өртін сөндіру стансаларының, орман мекемелерінің, табиғат қорғау және орман орналастыру ұйымдарының қызметкерлері лауазымдық жалақыларына 100%-ға дейін үстемеақы алады. Олардың ішінде орман өртін сөндірушілер, өрт сөндіру машиналарының жүргізушілері, тракторшы-машинистер, радиооператорлар, өрт сөндіру машиналарын, жабдықтары мен аппаратураларын жөндейтін слесарлар, өрт-бақылау мұнарасының бақылаушылары бар.
Сондай-ақ 113 авиациялық күзет өрт сөндіруші-десантшысының жалақысы көтеріледі.
Қаулыны іске асыруға 2024-2027 жылдарға арналған республикалық бюджеттен 8 480,1 млн теңге көлемінде қаржылық шығындар көзделген.
Барлығы 3,3 мыңға жуық қызметкер қосымша ақымен қамтылатын болады.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ – ЖАСТАР САНАСЫНДАҒЫ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

10 февраля, 2026

ЖАСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

2 февраля, 2026

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ

13 января, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.