Қазақстанда 9 шілдеде су шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтіледі. Бүгінгі таңда «Қазсушар», «Нұра топтық су құбыры» және Су ресурстары және ирригация министрлігінің мамандарын қосқанда еліміздің су саласында 10 мыңнан астам адам еңбек етеді. Министр Нұржан Нұржігітов еліміздің су шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. «Су шаруашылығы саласының барлық қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Құрметті әріптестер, сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, қызметте табыс және отбасында бақыт-береке тілеймін. Сіздердің күнделікті жұмыстарыңыздың арқасында қазақстандықтар тіршілік нәрімен, ал ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп саласы ел экономикасын дамыту үшін қажет су ресурсымен қамтамасыз етілген. Су тасқыны кезінде тәулік бойы жұмыс істеген мамандарға ерекше алғыс білдіремін. Климаттық жағдайларға…
Автор: author
Мемлекет басшысының 2025 жылдың соңына қарай республикалық жолдардың барлығын нормативтік жағдайға келтіру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде бүгінде елімізде 12 мың шақырым күре жолдарды күрделі жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүруде, бұл – рекордтық жоғары көрсеткіш. Атап айтқанда, жөнделетін жолдардың 8 мың шақырымы – республикалық, 4 мың шақырымы – жергілікті желіге тиесілі Көлік министрлігінің деректеріне сәйкес, жыл соңына дейін 7 мың шақырымда құрылыс және жөндеу жұмыстары аяқталады.
Ақмарал Әлназарова: ведомствоның жұмысы және денсаулық сақтау жүйесін дамыту жоспарлары туралы баяндады; қазіргі уақытта болжамды өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші 75 жастан асатыны жөнінде айтты. Жыл басынан бері инфекциялық аурулардың 21 түрі бойынша, соның ішінде коронавируспен сырқаттану көрсеткіштері төмендеген. Вакцинациялау және профилактикалық іс-шараларды жүргізу жұмыстары жалғасып жатыр; медициналық қызметтің сапасын және қолжетімділігін арттыруға баса назар аударылғаны туралы есеп берді. Алғашқы және стационарлық медициналық көмекті ұйымдастырудың тәсілдері қайта қаралуда. Сондай-ақ диагностикалық және емдеу стандарттары жаңартылып, саланың кадрлық әлеуеті нығайып келеді; дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды сатып алу жүйесінің тиімділігі мен ашықтығы қамтамасыз етіліп жатқаны туралы айтты. Бұдан бөлек, медициналық мекемелер жұмысының тиімділігін арттырып,…
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған делегация Қытай Халық Республикасына іссапармен барды. Түркістан облысы мен Қытай арасында тығыз қарым-қатынас орнаған. Осымен екінші рет ұйымдастырылған жұмыс сапарында облыс делегациясы бірнеше провинция мен қалаларындағы алпауыт компаниялардың жұмысымен танысады. Жергілікті билік басшыларымен екіжақты байланысты нығайту, әріптестік туралы меморандумға қол қою көзделген. Облыс әкімі тың жобаларды жүзеге асыру, ІТ саласында тәжірибе алмасу, ауыл шаруашылығы саласын дамытуда білім жетілдіру, озық технологиямен қамту, терең өңдеу бойынша, білім, мәдениет, туризм, Түркістандағы әуежайдың логистикалық әлеуетін пайдалану, әуе рейсін ашу және өзге де мәселелерде әріптестік орнатуға келіссөздер жүргізеді. Басты мақсат – халықаралық тәжірибе жинақтап, Түркістан өңірінде жаңа жобаларды жүзеге асыру,…
Шэньси провинциясының Вэйнань қаласындағы жұмыс сапары барысында Түркістан облысының делегациясы аймақтағы ірі өнеркәсіп орындарын аралады. Түркістан облысының әкімдігі мен Қытайдағы Қазақстан елшілігі және Бас консулдық бірлесе ұйымдастырған кездесулер жалғасты. Бағдарлама бойынша облыс әкімі Дархан Сатыбалды бастаған делегация мен Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулы Жошыхан Қыраубаев іс-шараларға қатысты. Жұмыс тобы мен түркістандық кәсіпкерлер Қытайдағы ең ірі ұн өндіретін Wudli Group Weinan Flour Co., компаниясының жұмысымен танысты. Компания жоғары сапалы бидайдан күніне 70 мың тонна, жылына 27 млн тонна ұн шығарады. 35 жыл тарихы бар өндіріс алыбы дүние жүзі бойынша алдыңғы қатардағы ұн өндіру компаниясы болып есептеледі. 6 қабатты зауыттың электронды басқару…
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған делегация Қытай Халық Республикасындағы жұмыс сапарын Сиань қаласында жалғастырды. Ұлы Жібек жолының бастауы саналатын Шэньси провинциясында 47 миллионнан астам халық тұрады. Сиань қаласы Қытайдың рухани және мәдени астанасы саналады. Сапар аясында облыс әкімі Шэньси провинциясы партия комитетінің хатшысы Чжао Идэмен кездесті. Онда Түркістан облысы мен Шэньси провинциясы арасында бауырластық қарым-қатынас орнату туралы келісімге қол қойылды. Маңызды құжатта тараптар өңір арасындағы өзара түсіністік пен бауырластықты нығайту, тиімді ынтымақтастықты дамытуға ниет білдіреді. Сондай-ақ өңіраралық келісім бойынша екі жақ дамуды ынталандыру мақсатында сауда, ғылым мен техника, гуманитарлық алмасу, логистика, инфрақұрылым құрылысы, жаңа энергия көздеріндегі автомобиль өндірісі, білім саласындағы…
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған ресми және іскерлік делегациясының сапары аясында Қытайдың Сиань қаласында Бас консулдықтың қолдауымен бауырлас қалалалардың кәсіпкерлерінің қатысуымен сауда-экономикалық форум өтті. Бизнес-форумда екі елдің 80-нен астам кәсіпорын өкілі арасында B2B форматында екіжақты кездесулер өткізді. Бизнес-делегациясының құрамында білім, денсаулық сақтау, IT, құрылыс, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, білім беру салаларының өкілдері болды. Бетпе-бет жүздесіп, бизнес бастауға арнайы жиналған барлық кәсіпкерлерге алғыс айтқан Дархан Амангелдіұлы әр бизнес бастаушымен жеке жұмыс істейтінін жеткізді. Мұндай кездесулердің жаңа жобаларды іске асыруға жол ашатын айтып, екі елдің экономикалық ынтымақтастығы мен іскерлік серіктестігінің дамуын үлгі етті. Облыс әкімі инвесторлар үшін барлық жағдай жасалған Түркістан облысының…
– Каспий теңізінің логистикалық әлеуетін арттыру маңызды дедік. Бірақ ондағы экология мәселелерін де назардан тыс қалдырмау қажет. Мысалы, өзекті түйткілдің бірі – теңіздің тартылуы. Оның қоршаған ортасын, флорасы мен фаунасын қорғау да – аса маңызды міндет. Каспийді құтқару үшін нақты шешімдерді пысықтау керек. Осы ретте, түркі елдері ғалымдарының ықпалдастығын жандандыратын кез келді. Сонымен қатар Арал теңізінің құрғап, шөлге айналуы – алаңдатарлық мәселе. Экологиялық апатқа ұшыраған аймақты оңалту керек. Бұған қоса, трансшекаралық өзендердің су қорын тиімді пайдалану қажет. Ол үшін су үнемдеу технологияларын кеңінен қолдану керек, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе, бүгінгі басқосудың маңызды мәселелерді жан-жақты талқылауға…
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Шымкент қаласының мәслихат депутаттарымен кездесті. Онда Мемлекет басшысы Жолдауда және Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларды іске асыруға жолындағы міндеттер, қаланың дамуына тигізетін Сенаттың ықпалы және Палата мен мәслихаттардың бірлескен жұмысының жаңа форматы талқыланды. Іс-шарада Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде Әділетті Қазақстан құру, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру жолында кешенді реформалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Бұл бағыттағы белгіленген міндеттерді орындау барлық мүдделі тараптың белсенді әрі жүйелі өзара іс-қимылын талап етеді. Сондай-ақ аталған салада жұмыстың жаңа форматы қажет. «Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған реформалардың нәтижесінде әлеуметтік-экономикалық және саяси салада үлкен өзгерістер болды. Билік…
Түркістан облысы әкімдігінің Мәдениет және туризм басқармасы мен Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Ұлттық домбыра күніне орай республикалық «Күй құдіреті» күйшілер байқауы өтті. Түркістандағы «Фараб» кітапханасында өткен байқауды облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тілеген болатын. Күй байқауында елге танымал күйшілер мен өнер қайраткерлері қазылық етті. Байқауға елдің әр аймағынан келген 30-дан астам күйші екі кезең бойынша бақ сынасты. Алғашқы кезеңнің талаптары мен шарттарына сәйкес қатысушы үміткерлер Сүгір Әлиұлының күйлерінен бір күй және Төлеген Момбековтың күйлерінен бір күй орындады. Ал екінші кезеңде Айтқали Жайымовтың «Шалқыма», Ермұрат Үсеновтың «Майра», Нұрғиса Тілендиевтің «Ақсақ құлан» және Қаршыға Ахмедияровтың «Хамаң…
