Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
  • «БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ
  • ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ КАДРЛАР ДАЯРЛАУ: ШЫМКЕНТТІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
  • ПОДГОТОВКА КАДРОВ В ЭПОХУ ИСКУССТВЕННОГО ИНТЕЛЛЕКТА: НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ ДЛЯ ШЫМКЕНТА
  • ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫ ҮШІН КАДР ДАЯРЛАУ: ШЫМКЕНТТІҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН НЫҒАЙТУ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ТӘЖІКСТАН ЕЛІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТТІ
Әлемде

ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ТӘЖІКСТАН ЕЛІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТТІ

authorBy author26 августа, 2024Updated:12 сентября, 2024Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапары барысында Қазақстанның Тәжікстандағы мәдениет күндері өтті.
– Бұл сапар өзара құрметке, сенімге және жан-жақты ынтымақтастыққа негізделген қазақ-тәжік қатынастарының дәйекті түрде нығаюына тың серпін береді. Тәжікстан – сенімді досымыз әрі уақыт тезінен өткен одақтасымыз. Екі елді ортақ тарих, мәдениет және рухани құндылықтар байланыстырады. Біз барлық деңгейде тығыз әрі өзара сенімге құрылған саяси диалог орнаттық. Бірлескен күш-жігер арқылы нағыз достық пен тілеулестік рухында ортақ келешектің негізін қалап келеміз, – деді Қазақстан Президенті тәжік еліне сапарында.
Қазақстанның Тәжікстандағы мәдениет күндері аясында екі елдің мәдениетаралық байланыстарын кеңейтуді көздеп, түркістандық «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінің «Jana Lep» ұжымы Худжанд қаласында өнер көрсетті.
Камоли Худжанди атындағы тәжік музыкалық драма театрында өткен концертті Сагдие облысының губернаторы Зайнура Азиме және «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінің директоры Асқар Кенехан ашып беріп, екі ел ынтымағы үшін аталған іс-шараның маңыздылығына тоқталды.
Концерт барысында «Jana Lep» ұжымының орындауында халық әндері «Пай-Пай», «Балапан қаз», «Алқоңыр», сондай-ақ Тәжік халық әні «Сорбон» композициясы шырқалды. Сонымен қатар «Samgau» би ансамблінің мың бұралған биі мен «Alqonyr» фольклорлық ансамблінің орындауындағы күмбірлеген күй де тәжік халқынының қызығушылығын тудырды.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.