Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
  • Безопасная школа: в Шымкенте 500 школьников встретились с главой полиции
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН АЛҒАШҚЫ ОЙЫНДАР КӨШПЕНДІЛЕРДІҢ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ОЙЫНДАРЫ АЯСЫНДА БАСТАЛДЫ
Әлемде

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН АЛҒАШҚЫ ОЙЫНДАР КӨШПЕНДІЛЕРДІҢ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ОЙЫНДАРЫ АЯСЫНДА БАСТАЛДЫ

authorBy author10 сентября, 2024Updated:12 сентября, 2024Комментариев нет0 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Бүгін, 9 қыркүйек күні сағат 09:09-да 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бағдарламасы аясында Тоғызқұмалақтан алғашқы ойындар басталды.
Қатысушылардың алғашқы жүрістері 9 ойыншыдан тұратын 9 үстелдік тақтада, 9 ұядан басталып, есептеу жылдамдығымен сайысқа түсті. Уақыттың мұндай рәміздік таңдауы Тоғызқұмалақ күніне орайластырылып, Көшпенділер ойындары аясында өткізіліп отыр. 2020 жылдан бері бұл оқиға Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының бастамасымен аталып өтіледі.
Ашылу салтанатында сөз сөйлегендер: Республикалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Бәйменов, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық дирекциясының басшысы Наиль Нұров және ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев.
Құттықтау сөзінде Республикалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Бәйменов бұл күні тоғызқұмалақ логикалық ойыны бойынша рекордтар орнатуға арналған маңызды шараның да өтіп жатқанын атап өтті. «Сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін 150 мыңнан астам адам мектептерде, университеттерде, колледждерде және жұмыс орындарында өз тақталарын пайдалана отырып, блиц форматында тоғызқұмалақ ойнайды. Ал осы айтулы күнге орай тоғызқұмалақтың зияткерлік ойынының жиынтығы ашық ғарышқа жіберілді», – деді Әлихан Бәйменов.
Осылайша, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясындағы тоғызқұмалақ турнирінде өз шеберліктерін 41 елден, оның ішінде Колумбия, Бангладеш, Ұлыбритания, Франция, Германия, АҚШ, Қытай, Латвия, Африка елдері және араб елдерінен келген 114 қатысушы көрсетеді.
Айта кетейік, Астана қаласындағы «Думан» қонақүйінде 13 қыркүйекке дейін тоғызқұмалақ, Мангала және Овари ойындары бойынша жарыстар өтеді.
Тоғызқұмалақ – қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойындарының бірі, ол зияткерлік қабілеттерді дамытуға арналған. 2020 жылы тоғызқұмалақ ЮНЕСКО-ның адамзаттың мәдени мұралары тізіміне енгізілді. Ал 2022 жылы Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының шешімімен 9 қыркүйек Тоғызқұмалақ күні болып белгіленді. Дүниежүзілік және Қазақстандық тоғызқұмалақ федерациясының президенті – Әлихан Бәйменов. Федерация өткен жылдан бері ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді.
Овари – Батыс Африка халықтарының зияткерлік ойыны, оны екі адам ойнайды. Ойын тақтасында екі қатардан тұратын алты бірдей ұя орналасқан, олар 12 кішкентай ұяны құрайды және жиналған тастарды сақтауға арналған үлкен ұялар бар. Овари ойыны 48 шармен ойналады.
Мангала – түрік халқы арасында танымал зияткерлік ойын. Оны да екі ойыншы ойнайды, ойын тақтасында алты бірдей ұядан тұратын екі қатар орналасқан, олар 12 кішкентай ұяны құрайды және шарларды сақтауға арналған үлкен ұялар бар. Мангала ойыны 48 шармен ойналады.23315:14
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.