Бүгін Түркістанда 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында спартакиада өтті. Ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қатысушыларға сәттілік тіледі. Сайысты Облыстық қоғамдық даму басқармасы мен Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырды. Жалпы сайысқа көптеген команда қатысуға ниет білдірген. Журналистер спорттық бәсекеде өзара волейбол, шағын футбол, ләңгі тебу, үстел теннисі және арқан тартудан күш сынасып, жүлделі орындарға таласты. Спартакиада волейбол мен ләңгі тебуден басталды. Волейболдан «Тұран БАҚ» командасы алға шықты. Ал спартакиадаға биыл қосылған ұлттық ойын – ләңгі тебуден «Turkistan» телеарнасының қызметкері Айдос Игіліков жеңіске жетті. «Жанубий Қозоғистон» газетінен Сабыржан Исаметов екінші орынға ие болса, «Баспасөз хатшылары» тобының…
Автор: author
Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова тиісті сала басшыларына суға шомылу маусымына дайындықты ширатып, қауіпсіздік шараларын пысықтауды тапсырған болатын. Осы орайда, Арыс қалалық Төтенше жағдайлар бөлімі суда адам өліміне жол бермеу мақсатында қалалық әкімдікпен бірге кешенді алдын алу шараларын жүргізуде. Бүгін төтеншеліктер рұқсат етілген су айдындарына зерделеу жүргізді. Атап айтқанда, облыстық ТЖД-нің жедел құтқару жасағының суңгуірлері Арыс өзені көпір асты мен Теміржолшы елді мекенінде орналасқан жағажайда су астын қауіпті заттардан (сынған ағаш, бөтелке, шиша, темір) тазартты. Мамандар тұрғындардан қауіпсіздік ережелерін сақтауға: көпірлерден секірмеуге; балаларды қараусыз тастамауға; қолдан жасалған жүзу аспаптарын қолданбауға кеңес береді.
Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Облыстық құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау және білім саласының өкілдері, сонымен қатар комиссия мүшелері, аудан, қалалардағы комиссия төрағалары мен хатшылары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысқан жиында үш мәселе қаралды. Күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Бегімхан Ахметов кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын-алу мақсатында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өкілі кәмелетке толмағандардың жазғы демалысын ұйымдастыру және демалыс маусымында қауіпсіздікті алдын алу шаралары туралы, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова да…
Республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы Түркістан облысында қарқынды жүруде. Акция аясында бүгін Арыс қаласында сенбілік өтіп, шараға қалалық мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, еңбек ұжымдарының өкілдері, қала жастары атсалысты. Экобелсенділер ағаш түптерін әктеп, жасыл желектің түптері мен жол жиектерін арамшөптерден тазалады. «Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты – үйіміз бен туған жерімізді таза ұстау, қоқыс шашпау, халық арасында экологиялық сауаттылықты арттыру, экологиялық мәдениетті сақтауды үйрету. «Таза Қазақстан» акциясы басталған сәуір айынан бері Түркістан облысы бойынша облыстағы 2500-ден астам білім беру ұйымдарында (1421 балабақша, 1052 мектеп, 50 колледж) экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке, табиғатты қорғауға, халықты қоршаған ортаны ластамауға үйрету. Балаларды табиғатқа ұқыпты…
Кентау ЖЭО-да ауқымды жөндеу барысын бақылаған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жауапты мердігерлермен жолығып, жұмыс барысын пысықтады. Керек қондырғыларды жеткізуші шетелдік компания жетекшілерімен байланысып, мән-жайды нақтылады. Кеншілер шаһарына арнайы барған облыс әкімі мердігерлерге маңызды істі аса жауапкершілікпен атқаруды тапсырды. Жылу көздерін қайта құрылымдау кестеге сәйкес жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарының барысы облыс әкімінің тікелей бақылауында. Кентау қаласын жаңа жылыту маусымында сапалы жылумен қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде. Алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын тексерген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жылу көздерін жаңғырту барысын бақылап, жылумен жабдықтау желілерін жөндеуге жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді. Барлық жұмыстарды бекітілген кестеге сәйкес аяқтауды міндеттеді. Жөндеу жұмыстарына қажетті…
Қазақстан Республикасында білім беру саласының оқытушылары арасында биылғы жылдың 10 маусымында Дубай (БАӘ) қаласында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Халықаралық конференцияға Түркістан облысының Сайрам аудандық білім бөліміне қарасты N74 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрилла Ділдан қатысты. Білім беру саласының қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған халықаралық «ХХІІ Global teaching Dubai» бағдарламасы аясында Дубай қаласында өткен 108 сағаттық семинарына белсенді қатысып, өзінің ғылыми ізденістері мен озық тәжірибесімен бөлісті. Семинардың қорытындысына сәйкес, жаңашыл ұстаз «Білім саласындағы жасанды интеллект» тақырыбында баяндаманы үздік қорғағаны үшін халықаралық дәрежедегі сертификат және І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Сарыағаш пен Келес аудандарына іссапармен барып, күрделі жөндеу жұмыстары басталған білім, денсаулық, мәдениет нысандарын аралады. Құрылыс алаңдарындағы жұмыс барысын қадағалады. «Абай» Келес аудандық ауруханасының бас корпусында процесс басталған. 40-қа жуық жұмысшы тартылған. Облыс әкімінің орынбасары мұның өте аз екенін айтып, жұмыссыз жүрген жергілікті тұрғындарды тарту керек деді. Мердігерге бұдан бөлек кемшіліктер бойынша ескертулер жасалды. Сарыағаш ауданы, Қапланбек ауылдық округінде 150 орындық жаңа мәдениет үйі әрі кітапхана құрылысы жүргізіліп жатыр. «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында қаржы қаралған. Қыркүйек айында ел игілігіне тапсыру жоспарлануда. Қолданысқа берілген соң…
Түркістан облысы құрылғаннан бері 6 жыл ішінде облыстық және аудандық жолдар мен көшелерді жөндеуге республикалық және облыстық бюджеттен 311,5 млрд теңге қаржы бөлініп, 9544,6 шақырым жолдар мен көшелерге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жол саласына қаралған қаржылардың басым бөлігі облыс орталығына баратын күре жолдардың жағдайын жақсартуға және туристік орындарға баратын жолдарды дамытуға бағытталды. Сондай-ақ шалғай аудандардағы ауылдарды аудан және облыс орталықтарымен байланыстыратын жолдарды жөндеуге басымдық берілді. Атап айтсақ, ұзындығы 26 шақырым болатын «Түркістан қаласына кентау қаласы жағынан кіребес жолды қайта құру» нысаны толық аяқталып, пайдалануға берілді. Нәтижесінде, тұрғындар Кентау-Түркістан бағытындағы күре жолға балама жолмен және Жамбыл облысы мен Созақ ауданынан Түркістан қаласына келетін…
Түркістан облысының аумағында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында тазалық жұмыстары жалғасын тауып жатыр. Экоакцияға Сарыағаш ауданының тұрғындары да белсене атсалысуда. Ауданға қарасты Құркелес ауылдық округі, Алғабас елді мекенінің тұрғындары орталық және ішкі көшелердің бойына бей-берекет тасталған күл-қоқыстарды жинап, арық-атыздарды тазалау жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ еріктілер шөптерді ору жұмыстарын атқарды. Тазалық акциясы аясында 1,8 тонна күл-қоқыс және тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылды. Жалпы тазалық жұмыстарына 60-қа жуық адам қатысып, екі арнайы техника жұмылдырылды. Айта кетейік, Сарыаға ауданында тазалық аптасы тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Аудан аумағында жыл басынан бері жалпы 75 сенбілік өткізілді. Сенбілік барысында 500 көше, 161 шақырым аяқжол, 200 шақырым арық-атыздар, 103 шақырым…
Бүгін республикалық «Түркістан мақамдары» термешілер байқауы өтіп жатыр. Байқаудың ашылуында сөз алған облыстық мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев қатысушыларға сәттілік тіледі. Содан соң қазылар алқасының мүшелері – белгілі әнші Саят Медеуов пен облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры Мейіржан Алиакбаровпен бірге «Артымда қалсын – асыл сөз» жыр жауһарлары кітабының тұсауын кесті. Түркістан облысында Қазығұрттың кешегі көмулі тарихында қалып, тасада елеусіз жылдар мен тағдырлы күнтізбенің тасасында қалған – Төлеш ақынның еңбектері табылды. Жыр-дастандары жазылған қолжазбалар бүгінгі күнге Сақы Арынбекұлы арқылы жеткен. Түркістан облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы шығарған аталмыш кітаптағы шығармаларды орталық маманы Аязбек Рүстемов пен Арқалық Әмәлият…
