Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • AMANAT: ДЕПУТАТТАРДЫҢ АЛДА АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

authorBy author28 июня, 2024Комментариев нет0 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Түлкібас ауданында бірнеше көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр. Ауданға іссапармен барған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Нұршуақ мөлтек ауданындағы әлеуметтік тұрғын үйлердің құрылысын бақылады. Бұл жерде 2 қабатты, 20 пәтерлік 2 тұрғын үйдін құрылыстары ағымдағы жылдың мамыр айында бастау алған. Нысандар осы жылдың қыркүйек айында толық аяқталып, үй кезегінде тұрған азаматтарға берілмек. Сондай-ақ жаңа шағынауданда 56 пәтерлі үш тұрғын үй салынып жатыр. Аталған баспаналарды банк арқылы қолжетімді бағамен ұсыну бағыттары қарастырылуда. Айта кетерлік, бүгінгі таңда Түлкібас ауданында 3100 азамат үй кезегінде тұр.
Өңір басшысы сондай-ақ жұмысын жандандырған жергілікті кәсіпкермен кездесті. «Стас и К» өндірістік кооперативі 2004 жылдан бері газ және су тасымалдауға арналған полиэтилен құбырларларын өндірумен айналысады. Кооператив басшысы жұмысын кеңейтіп, заманауи құрал жабдықтармен жаңа жүйені іске қосқан. Бүгінгі таңда өндіріс ошағында 40 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.
Облыс әкімі жауаптыларға ауданды дамыту жұмыстарын жалғастыру, құрылыс сапасын қадағалау, кәсіпкерлікті дамыту, өндіріс орындарын ашу жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Айта кетейік, Түркістан облысында тұрғындарды баспанамен қамту бағытында жұмыстар жалғасып жатыр. Кезекте тұрғандарға 2024 жылы 2469 пәтер сатып алуға 36,5 млрд. теңге бөлінген. Оның ішінде: «Тұрғын үй-моммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында 504 пәтер сатып алуға 6,6 млрд. теңге қаралған. Ал «Самұрық-Қазынаның» кредиттік қаржысы есебінен 1989 пәтер сатып алуға 29,9 млрд. теңге қаралып отыр. Бүгінде аудан, қалаларда аталған үйлерді салатын жер белгіленіп, кейбір аудандарда құрылыс басталып кеткен.
Аудан, қала әкімдіктеріне, құрылыс жүргізуге 1, 2 және 3 қабатты тұрғын үйлердің типтік жобалары ұсынылған. Аталған қаржы аясында облыс бойынша жалпы 113 000 шаршы метр құрайтын 114 үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған. Бұл үйлердің басым бөлігі сатып алу құқығымен жалға немесе ипотекаға беріледі деп жоспарланып отыр.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.