Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ТҮРКІСТАНДА ШӘМШІГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДРАМАТУРГИЯ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ШӘМШІГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДРАМАТУРГИЯ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

authorBy author28 июня, 2024Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Түркістанда Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына арналған республикалық драматургия байқауының қорытындысы жарияланды. Созақ ауданынан келген драматург Айдарбек Байділда жеңімпаз атанып, 1 млн теңгеге ие болды. Бүгін Түркістан музыкалық драма театрында осы байқауға орай өткен баспасөз жиынында Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасы төрағасының орынбасары, ақын, жазушы Нұржан Қуантай бәйгенің жүлдесін табыстады.
Сәуір айында аталған театр Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесе отырып көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына арналған республикалық драматургия байқауын жариялаған еді. Бәйгеге көптеген өтінім түсіп, түскен шығармалар ішінен «Ән-ғұмыр» атты пьесасы жүлделі орынға ие болды. Түркістан музыкалық драма театрының 4-ші маусымы енді қазақтың ән падишасы – «Шәмшімен» ашылады.
Баспасөз конференциясына сыншы, мәдени сарапшы, Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма хатшысы Әлия Бөпежанова, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Театр өнері бөлімінің меңгерушісі, Қазақстанның театр сыншылар бірлестігінің вице-президенті, өнертану кандидаты, театртанушы Амангелді Мұқан, жазушы-драматург, режиссер, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің аға оқытушысы Асылбек Ихсанов, Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушысы, жазушы-драматург, әдебиеттанушы-ғалым Әлібек Байболов, Түркістан музыкалық драма театрының директоры Әлімхан Мырзахан, көркемдік жетекшісі және әдеби бөлім меңгерушісі Шынар Омарова қатысты.
Айта кетейік, Айдарбек Байділда Түркістан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген. Зейнетке дейін аудандық мектептерде ұстаздық қызмет атқарған. осыған дейін өлеңдері арқылы танымал болса, ал қазір қазақ драматургиясында пьесалары өзіндік орнын таба бастады. Шығармашылықпен бірге ұстаздық жолды да қатар алып жүрді. «Ұстаз» пьесасы осы қиындығы мен қызығы мол ұстаздық жолдың қиыр жолдарына арналды. «Алтын орданың алтын тағы», «Қайта оралған бақыт», «Жахид», «Тағдыр тауқыметі», «Әлияның биігі», «Жаным – арымның садағасы», «Ел боламын десең, бесігіңді түзе», «Күнә мен жаза», «Орындалған тілек», «Өтіріктің шегі», «Махаббат пен достық», т.б. пьесаларындағы образдар – өткен және жаңа заман бейнелері. Аталған пьесалары Созақ ауданы, Шымкент, Тараз, Қызылорда және Алматы театрларында қойыла бастады.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.