Түркістан облысы бойынша жыл басынан бері жергілікті бюджетке 30,2 млрд. теңге көлемінде салық түсіп, өсу қарқыны 131%-ды құрады. Биыл қосымша кіріс көздерін анықтау мақсатында салық заңнамаларының негізінде әкімшілендіру, салықтық тексеру, өндіріп алу, жанама салықтарды әкімшілендіру жұмыстары жүргізіліп, жоспарды болжаммен 10 млрд. теңге көлемінде орындау жоспарлануда. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте бюджет түсімдерін ұлғайту мақсатында 2025-2026 жылдарға арналған іс-шара жоспарлары мен бюджет шығыстарын оңтайландыру мәселесі қаралды. Жиында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Мақсат Нұрахаев жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті. Оның мәлімдеуінше, қосымша кіріс көздерінен жалпы 1,6 млрд теңге есептелініп, өндірілді. Сондай-ақ…
Автор: author
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Нұркен Әлмеш бастаған мемлекеттік қызметшілер мен Медет Алмасбекұлының жетекшілігімен аудандық мәслихат депутаттары да сенбілік жұмыстарына атсалысып, көгалдандыру ісіне үлестерін қосты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық экологиялық іс-шарасы аясында өткен жылы ауданда 35 сенбілік өткізілсе, биыл 1186 шақырым жол бойлары мен 1285 дана белгіленбеген қоқыс орындарын жоюды, 24 286 дана ағаштар мен 34 705 шаршы метр көппәтерлі тұрғын үй қасбеттерін, 31 дана аялдаманы әктеп-сырлауды, 71 шақырым аяқжолдар мен 26 га саябақтарды, 6 га скверлерді, 125 056 шаршы метр үйіргелік жерлерді, 242 шақырым каналдар мен арық-атыздарды, 170 дана көппәтерлі тұрғын үйлердің жертөлелері…
Түркістан облысының айтыскер ақындары мен жыршы-термешілерінен құралған командасы кезекті жеңіске қол жеткізді. Қостанай облысында «Адал еңбек – ел дәулеті» тақырыбымен өткен додада екі облыстың командасы арасында сайысқа түсіп, Астанада өтетін жартылай финалға жолдама алды. Айтысқа төл өнерді төрге оздырған, Алаштың абыройлы азаматы Жүрсін Ерман бастаған қазылар алқасы төрелік етті. Жыр додасының қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен киелі Түркістан облысының командасы айтыстың жартылай финалына жолдама алды. – Киелі Түркістан мен қасиетті Тобыл-Торғай өңірінің қазіргі таңдағы ең мықты өнерпаздары жиналды. Бірінен бірі озған дүлдүлдері бас қосты. Негізгі мақсат – бәсеке емес өнер алмасу, халықтың рухани шөлін қандыру. Осы межеге кәміл жеттік деп…
Түркістанда көктем-жаз мезгіліне дайындық аясында жасыл алаңдарды күтіп-ұстауға қажетті техникалар мен құрал-жабдықтар көрмесі өтті. Көрмеде үлгілік 25 түрлі техника мен құрал-жабдықтың 200 данасы таныстырылды. Бұл құралдар көгалдар мен саябақтарды күтіп-ұстауда қолданылатын ең тиімді әрі жоғары сапалы жабдықтар боп саналады. Көрме барсында көгалдандыру жұмыстарының ерекшеліктері мен технологиясы және ағаштарды, көгалдарды, гүлдерді және бұталарды күтіп-ұстаудың негізгі технологиялары мен тәсілдері, жұмыс бабы кеңінен түсіндірілді. Сондай — ақ, сәндік гүлдерді егу жұмыстары мен күтіп-баптаудың үлгілері көрсетілді. Түркістан қаласында тазалық жұмыстарымен қатар, жасыл алаңдарды күтіп-баптау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қала аумағында жалпы 34 саябақ, 75 сквер мен аллея, 163 көше және 16 жасыл алаң бар.…
Түркістан облысы аумағындағы мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы жүйелері мен құрылыс жайларын күтіп ұстау, пайдалану, елді мекендерді ағын сумен қамтамасыз ету жұмыстарын «Тұран су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жүргізіп келеді. Мекеме 2019 жылы құрылған. Кәсіпорынның теңгерімінде 20 су қоймасы, 3 су торабы, 3 магистралды, 107 ішкі шаруа аралық канал, 3 өндірістік-техникалық база және 81 бірлік арнайы техника бар. Мекемені арнайы техникалармен жабдықтау мақсатында 2023 – 2024 жылдары 60 бірлік арнайы техника бөліп төлеу негізінде сатып алынды. Өткен жылы «Тұран су» мекемесімен 9 су нысанына күрделі жөндеу және 6 су нысанына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 42,4 мың гектар суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайы…
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, өңірде өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын көбейту бағытында жұмыстар жүріп жатыр. Бүгін Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов Түркия елінен келген инвесторлармен кездесті. Басқосуда аудандағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Аудан басшысы ауыл шаруашылығы өндірісіне заманауи технологияны енгізудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Тараптар агроөнеркәсіп саласында іскерлік қарым-қатынасты орнатуға ниетті. Инвесторлар Сайрам ауданы аумағынан жасыл технология негізінде Биогаз өндірісін жолға қоймақ. Мал қалдықтарын кәдеге асыра отырып, электр және жылу энергиясын жетілдіру мақсатында құрылатын зауыттың жылдық қуаты сағатына 4,95 МВт биогаз өндіруге қауқарлы. Алдымен инвесторлар өз жобалары туралы егжей-тегжейлі баяндап, алдағы жоспарларымен…
Сауран ауданының әкімі мен Қытайдың «Xinjiang Shihezi Tianshan Machinery Manufacturing Co., Ltd.» компаниясы өкілдерінің арасында маңызды кездесу өтті. Кездесуде ауыл шаруашылығы техникасын өндіретін компания Сауранда өз филиалын ашуға дайын екенін білдірді. Xinjiang Shihezi Tianshan Machinery Manufacturing Co., Ltd. — 1998 жылдың мамыр айында негізі қаланған жоғары технологиялық кәсіпорын. Компания ауыл шаруашылығы техникасын зерттеу, жасау, өндіру және сату саласында жетекші орындардың бірін иеленеді. Бүгінде компанияның өнімдері Қытайда ғана емес, халықаралық нарықта да жоғары сұранысқа ие. Компания құрылған күннен бастап ауыл шаруашылығы саласына қажетті заманауи техникалардың кең спектрін шығарып келеді. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылап, компанияның өндірісін орналастыру үшін аудандағы…
Бүгін Қазығұрт ауданында «Дін және қазіргі қоғам» тақырыбында маңызды кездесу өтті. Шараға ардагерлер кеңесінен бастап, ауыл билері, әжелер, ауыл имамдары, жастармен қоғамдық ұйымдардың мүшелері және аудан тұрғындары қатысты. Кездесудің мақсаты — діннің қазіргі қоғамдағы рөлі мен оның әлеуметтік үйлесімділікке, тұрақтылыққа және жеке тұлғаның рухани дамуына тигізетін әсері туралы пікір алмасу. Жиын барысында дін мен қоғам арасындағы байланысты нығайту, діни толеранттылықты арттыру және жастар арасында дұрыс рухани бағыт-бағдар беру мәселелері талқыланды. Басқосуда Түркістан облысы дін істер басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры Медет Халықов «Жастар арасындағы ұлттық бірегейлікті қалыптастыруда дін мен дәстүрдің ерекшелігі» тақырыбында баяндама жасап, жастардың ұлттық бірегейлігін сақтау,…
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қытайлық инвесторлармен кездесіп, бірқатар маңызды жобалардың жүзеге асу барысын талқылады. Облыс орталығында салынатын бес жұлдызды қонақүй кешені мен аквапарк құрылысы басталу үстінде. Аталған жобалар Түркістан қаласы үшін маңызды. Туризмі өркендеп жыл сайын келушілер саны артып жатқан шаһарға аталған жоба тың серпіліс бермек. Түркістан облысы – ҚХР-мен тиімді және тұрақты ынтымақтастықты дамыту бойынша маңызды жетістіктерге қол жеткізген өңір. Бүгінде екіжақты қатынастар экономика, сауда, білім беру, ауыл шаруашылығы және инфрақұрылым салаларында жүйелі түрде өркендеп, қытайлық инвестициялар мен бірлескен жобалардың жүзеге асуы өңірлер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуда оң нәтижелер көрсетуде. Атап айтқанда, Вэйнань қаласының инвесторлары Түркістанға инвестиция…
«Central Asia FIRST Championship/Almaty Tech Cup 2025» конкурсының Орталық Азия кезеңінің Алматы қаласында өткен чемпионатында Түркістан облысының намысын қорғаған Қазығұрт ауданының First Lego League Challenge (10-16) және First Lego League Explore (6-10) санаттары бойынша «QAZYGURT», «ROB», «QARSYBAEV» құрамалары қатысты. Жарысқа Қазақстаннан бөлек, Үндістан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Түркия, БАӘ, Гонконг және тағы басқа елдерден 3500 оқушы қатысты. Нәтижесінде, «QAZYGURT» құрамасы инновациялық жобадан І орын, жалпы командалық есеп бойынша ІІІ орынды иеленіп, Грекия мемлекетінде өтетін әлемдік чемпионатқа жолдама ұтып алды. «QAZYGURT» құрамасы алда өтетін әлемдік чемпионатта ел намысын қорғайды.
