Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ЕҢБЕК МОБИЛЬДІЛІГІ АЗАМАТТАРҒА ЖАҢА ӨҢІРЛЕРДЕ ЖҰМЫС ТАБУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • ҚАНДАС ОТБАСЫЛАРДЫҢ БЕЙІМДЕЛУІ МЕН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУЫНА ЖАҒДАЙ ЖАСАЛУДА
  • ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК КҮШЕЙТІЛДІ
  • ОТБАСЫЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ӘЛЕУМЕТТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ ЕРТЕ АНЫҚТАУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕДІ
  • ҚИЫН ӨМІРЛІК ЖАҒДАЙДАҒЫ АЗАМАТТАРҒА КЕШЕНДІ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ
  • ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУ – ҚОЛДАУДАН ӨЗІНДІК ДЕРБЕСТІККЕ ЖЕТЕЛЕЙТІН ЖОЛ
  • «TEN QOGAM»: ИНКЛЮЗИВТІ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҚОЛДАУ
  • МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРҒА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ АРТТЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА БИОГАЗ ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН ТЫҢАЙТҚЫШТАР ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ
Әлемде

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА БИОГАЗ ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН ТЫҢАЙТҚЫШТАР ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ

authorBy author26 февраля, 2025Updated:28 марта, 2025Комментариев нет6 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, өңірде өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын көбейту бағытында жұмыстар жүріп жатыр. Бүгін Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов Түркия елінен келген инвесторлармен кездесті. Басқосуда аудандағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
🔁Аудан басшысы ауыл шаруашылығы өндірісіне заманауи технологияны енгізудің маңыздылығын ерекше атап өтті.
✔️Тараптар агроөнеркәсіп саласында іскерлік қарым-қатынасты орнатуға ниетті. Инвесторлар Сайрам ауданы аумағынан жасыл технология негізінде Биогаз өндірісін жолға қоймақ. Мал қалдықтарын кәдеге асыра отырып, электр және жылу энергиясын жетілдіру мақсатында құрылатын зауыттың жылдық қуаты сағатына 4,95 МВт биогаз өндіруге қауқарлы.
✔️Алдымен инвесторлар өз жобалары туралы егжей-тегжейлі баяндап, алдағы жоспарларымен таныстырды. Олар биогаз өндірісінің патенттелген технологиясының қатты, сұйық органикалық және органоминералды тыңайтқыштарды біріктіретін, жұмыс істеу икемділігінің тиімділігіне тоқталды.
✔️Биыл салынатын биогаз зауытының эскиздік жобасын көрсетті. Аталған өндіріс орны іске қосылғанда мал қалдықтары пайдаға асып, толығымен қайта өңделеді деп күтілуде. Жоба аясында жылына 75 тонна органоминералды тыңайтқыштар мен 40 млн кВт электр энергиясын өндіру жоспарлануда.
✔️Сондай-ақ өндіріс нысаны толығымен іске қосылғанда аудан аумағында 100-ден астам жұмыс орындары ашылмақ. Өз кезегінде аудан әкімі Арман Сабитұлы ауыл шаруашылығы өндірісіне заманауи технологияны енгізуде қолдау көрсетілетінін жеткізді.
✔️Айта кетейік, Сайрам ауданында биыл жалпы құны 74,3 млрд. теңгені құрайтын 22 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Нәтижесінде 1 085 адам жұмыспен қамтылуы көзделген. Өткен жылы құны 15,5 млрд теңгені құрайтын 11 жоба іске қосылып, 235 жұмыс орны ашылған болатын.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДІ САҚТАУ – ОРТАҚ ІС

11 августа, 2026

АБАЙ МҰРАСЫ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

10 августа, 2026

ТҮРКІСТАНДА ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСУДА?

4 августа, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.