Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
  • Безопасная школа: в Шымкенте 500 школьников встретились с главой полиции
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА «ДІН ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚОҒАМ» АТТЫ КЕЛЕЛІ БАСҚОСУ ӨТТІ
Арнайы жобалар

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА «ДІН ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚОҒАМ» АТТЫ КЕЛЕЛІ БАСҚОСУ ӨТТІ

authorBy author26 февраля, 2025Updated:28 марта, 2025Комментариев нет0 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
✔️Бүгін Қазығұрт ауданында «Дін және қазіргі қоғам» тақырыбында маңызды кездесу өтті. Шараға ардагерлер кеңесінен бастап, ауыл билері, әжелер, ауыл имамдары, жастармен қоғамдық ұйымдардың мүшелері және аудан тұрғындары қатысты.
✔️Кездесудің мақсаты — діннің қазіргі қоғамдағы рөлі мен оның әлеуметтік үйлесімділікке, тұрақтылыққа және жеке тұлғаның рухани дамуына тигізетін әсері туралы пікір алмасу. Жиын барысында дін мен қоғам арасындағы байланысты нығайту, діни толеранттылықты арттыру және жастар арасында дұрыс рухани бағыт-бағдар беру мәселелері талқыланды.
✔️Басқосуда Түркістан облысы дін істер басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры Медет Халықов «Жастар арасындағы ұлттық бірегейлікті қалыптастыруда дін мен дәстүрдің ерекшелігі» тақырыбында баяндама жасап, жастардың ұлттық бірегейлігін сақтау, отбасындағы бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу қажеттігіне тоқталды. Сондай-ақ, Қазығұрт ауданының бас имамы Сертай Әділхан «Құдайы ас мәзіріндегі ысырапшылдық» жайында баяндамасын жасады. Ол діни тұрғыдан ысырапшылдықтың алдын алу және оны болдырмаудың маңыздылығын атап өтіп, ас беру рәсімдерінде қарапайымдылықты ұстануды алға тартты.
🔁Кездесу соңында аудан әкімі Азизхан Исмаилов маңызды тақырып аясында пікір білдірді.
✔️«Дін мен дәстүр — халқымыздың рухани байлығы, ұлттық бірегейліктің негізі. Бүгінгі кездесу дін мен қоғам арасындағы үйлесімділікті нығайту, жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру, ысырапшылдықты болдырмау сынды маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде қоғамымыздың тұрақтылығына, рухани дамуымызға оң әсерін тигізеді», — деді ол.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.