Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ТҮРКІСТАН: БИЫЛ «ТҰРАН СУ» КӘСІПОРНЫ І КЕЗЕҢ БОЙЫНША 14 ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРАДЫ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ТҮРКІСТАН: БИЫЛ «ТҰРАН СУ» КӘСІПОРНЫ І КЕЗЕҢ БОЙЫНША 14 ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРАДЫ

authorBy author26 февраля, 2025Updated:28 марта, 2025Комментариев нет2 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
✔️Түркістан облысы аумағындағы мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы жүйелері мен құрылыс жайларын күтіп ұстау, пайдалану, елді мекендерді ағын сумен қамтамасыз ету жұмыстарын «Тұран су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жүргізіп келеді. Мекеме 2019 жылы құрылған. Кәсіпорынның теңгерімінде 20 су қоймасы, 3 су торабы, 3 магистралды, 107 ішкі шаруа аралық канал, 3 өндірістік-техникалық база және 81 бірлік арнайы техника бар.
✔️Мекемені арнайы техникалармен жабдықтау мақсатында 2023 – 2024 жылдары 60 бірлік арнайы техника бөліп төлеу негізінде сатып алынды.
✔️Өткен жылы «Тұран су» мекемесімен 9 су нысанына күрделі жөндеу және 6 су нысанына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 42,4 мың гектар суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайы және ағын сумен қамтамасыз етілуі жақсарды. Одан бөлек, 883,7 шақырым каналдар мен қашыртқыларға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.
✔️Су нысандарын қалпына келтіру жұмыстары үшін «Тұран су» кәсіпорнын «Ислам даму банкі» арқылы қаржыландыру келісілді. І кезеңде 73,6 млрд. теңгеге 14 жоба қаржыландырылмақ. Құрылыс жұмыстары биыл басталады. Нәтижесінде, 166 шақырым каналдарды бетонмен қаптап, 53,3 мың гектар суармалы жерлердің су жеткізу қабілеттілігін арттыру көзделуде. Ал, ІІ кезең бойынша 120 нысанға құжаттар әзірленуде.
✔️Кәсіпорынның перспективалық даму жоспары бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, «Бөген» су қоймасына су электр станциясын салу жоспарлануда. Жоба құны – 7,6 млрд. теңге. Жобаны қаржыландыру және құрылысын жүргізу бойынша ҚХР-ның Ұлттық «Сhina machinery engineering corporation» құрылыс компаниясымен келіссөз жүргізілді. Нәтижесінде, өтеу мерзімі 4 жылды құрайтын қуаттылығы 11 мвт/сағ су электр станциясы салынып, 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.