Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған үшінші конференциясында сөз сөйлеп, жаһандық сын-қатерлерді еңсеруде халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды. Мемлекет басшысы теңізге тікелей шыға алмайтын елдер үшін басты қиындықтардың бірі – климаттың өзгеруі екенін атап өтті. – Теңізге шығар жолы жоқ көптеген дамушы ел су тапшылығы, мұздықтардың еруі, шөлейттену секілді экстремалды табиғи құбылыстарға душар болып отыр. Бұл проблемаларды шешу үшін өңір елдерінің ортақ күш-жігері мен белсенді халықаралық қолдау қажет, – деді Президент. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев климаттық саясаттағы әділеттілік пен теңгерімділіктің маңызын айрықша атап өтті. Оның айтуынша, әрбір елдің даму деңгейі әртүрлі болғандықтан, климатпен…
Автор: author
Шымкент қаласының «Нұршуақ» шағынауданында сағатына **2000 м³** су өткізуге қабілетті жаңа кәріз коллекторы пайдалануға берілді. Бұл — қала үшін әлеуметтік және экологиялық тұрғыдан аса маңызды жоба. Оның арқасында шаһардың солтүстік-батыс бөлігіндегі көптеген тұрғын алаптар тұрақты әрі тиімді кәріз жүйесіне қосылады. Атап айтқанда, «Тұран», «Шымсити», «Бозарық», «Асар», «Асар-2», «Қайтпас-2» және «Достық» шағынаудандары толық қамтылатын болады. Жаңа нысанның іске қосылуы қала инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам саналады. Себебі Шымкент – халық саны жыл сайын қарқынды өсіп келе жатқан мегаполис. Соңғы жылдары қалада тұрғын үй құрылысы, өнеркәсіптік аймақтар мен жаңа шағынаудандардың дамуы байқалады. Бұл өз кезегінде инженерлік инфрақұрылымға деген сұранысты арттырды. Кәріз жүйесін жаңғырту…
В 2025 году в Шымкенте проводится системная работа по стабилизации цен на социально значимые продукты питания. Благодаря мерам, предпринимаемым региональной комиссией и местными исполнительными органами, отмечается снижение стоимости на основные продукты, входящие в перечень социально значимых товаров. По данным мониторинга, с начала года подешевели сразу 10 позиций. Так, пшеничная мука 1-го сорта снизилась в цене на **8,2%**, гречневая крупа – на **32,1%**, кефир – на **6,1%**, морковь – на **7,0%**, лук – на **4,5%**, сахар – на **4,3%**, рис – на **3,3%**, капуста – на **16,7%**. Кроме того, зафиксированы изменения цен на рожки и творог. Снижение цен стало возможным благодаря…
2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Шымкент қаласында заманауи диагностикалық қызметтерді пайдаланушылар саны айтарлықтай артты. Әсіресе бұрын тек ауқатты азаматтарға немесе жекеменшік клиникаларға жүгінгендерге қолжетімді болған қымбат медициналық тексерулер енді сақтандырылған азаматтарға тегін немесе жеңілдетілген түрде көрсетілуде. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жыл басынан бері қала тұрғындарына компьютерлік томография (КТ) бойынша **11 442 қызмет**, ал магниттік-резонанстық томография (МРТ) бойынша **14 273 қызмет** көрсетілген. Жиынтық көрсеткіштің ішінде МРТ үлесі – **55,5%**, ал КТ үлесі – **44,5%** құрады. Бұл диагностикалық әдістер онкологиялық ауруларды ерте анықтауда, жүрек-қантамыр жүйесінің патологиясын, жарақаттар мен неврологиялық ауруларды дәл диагностикалауда маңызды рөл атқарады. Медициналық сақтандыру жүйесінің артықшылықтарын бүгінде қала халқы айқын сезінуде.…
Шымкент қаласының денсаулық сақтау саласы жыл сайын дамып, заманауи деңгейге көтерілу үстінде. Соңғы жылдары мегаполистегі медициналық ұйымдар жоғары технологиялық жабдықтармен толықтырылып, отандық мамандардың кәсіби біліктілігі артуда. Соның нәтижесінде бұрын тек астана мен ірі мегаполистерде жасалатын аса күрделі операциялар енді Шымкенттің өзінде сәтті орындалып келеді. Жуырда қаладағы жетекші нейрохирургиялық бөлімшеде 1959 жылы туған ер адамға ауқымды әрі күрделі ота жасалды. Пациент ұзақ уақыт бойы тұрақты бас ауруы, құрысу ұстамалары және неврологиялық белгілердің салдарынан өмір сапасының төмендеуін бастан өткерген. Диагностикалық тексерулердің нәтижесінде миында үлкен көлемді ісік бары анықталды. Күрделі операцияны тәжірибелі нейрохирург, жоғары санатты дәрігер **Кульмирзаев Марат Абдурашитович** бастаған білікті мамандар тобы…
Бүгін Шымкент қаласында Қытай Халық Республикасының ірі өндірістік кәсіпорындарының бірі – «Tianjin Youfa Steel Pipe Group Co. Ltd.» компаниясының өкілдерімен ресми кездесу өтті. Басқосу барысында тараптар мегаполисте ауқымды инвестициялық жобаны жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Кездесу кезінде инвесторлар қала аумағында әртүрлі диаметрдегі түзу жіксіз болат құбырларын шығаратын заманауи зауыт салу жоспарын таныстырды. Жобаның негізгі мақсаты – Қазақстандағы құрылыс, өнеркәсіп және инфрақұрылым салалары үшін сапалы өнім өндіру, сондай-ақ экспорттық әлеуетті арттыру. Алдын ала жоспар бойынша жаңа кәсіпорын жылына **200 мың тоннадан астам болат құбырларын** шығаруға қауқарлы болмақ. Сонымен қатар, зауыт іске қосылғанда шамамен **170 жаңа тұрақты жұмыс орны** ашылады деп күтілуде. «Tianjin…
Қазіргі таңда Түркістан қаласы аумағында жалпы ұзындығы 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар. Осы жолдардың 430,1 шақырымы немесе 50,3 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда болса, 419,9 шақырымы немесе 49,7 пайызы қиыршық тасты жолдар санатына жатады. Биылғы жоспар аясында ұзындығы 138,5 шақырымды құрайтын 159 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл жұмыстардың нәтижесінде жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесі 66,7 пайызға дейін артады деп күтілуде. Жөндеу жұмыстары негізінен қаланың инфрақұрылым жүйелері толық аяқталған Шауғар, Яссы, Отырар және Бекзат тұрғын алаптарында жүргізіледі. Орташа жөндеу барысында көшелерге екі қабатты асфальт жабындысы төселіп, жол жиектері, аяқжолдар, мүмкіндігінше веложолдар мен жаңбыр суағар жүйелері орнатылады. Жөнделетін…
Шымкент қаласында еңбек нарығын дамыту және тұрғындарды жұмыспен қамту мүмкіндіктерімен таныстыру мақсатында ақпараттық іс-шара өтті. Еңбек мобильділігі орталығы мен Еңбекші ауданы бойынша Мансап орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан–Түркия саябағында шағын жәрмеңке ұйымдастырылып, тұрғындарға Enbek.kz порталындағы бос жұмыс орындары мен еңбек нарығындағы өзекті бағдарламалар түсіндірілді. Іс-шара барысында Мансап орталығының мамандары саябаққа келген әрбір азаматқа еңбекпен қамтудың түрлі жолдарын түсіндіріп, кеңес берді. Атап айтқанда, қатысушыларға **қысқа мерзімді кәсіптік оқуларға қатысу тәртібі**, **кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алу мүмкіндіктері**, **өңіраралық жұмыспен қамту бағдарламалары** және **Enbek.kz қосымшасы арқылы жұмыс іздеу жолдары** жан-жақты түсіндірілді. Enbek.kz – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен жұмыс істейтін бірыңғай…
Түркістан қаласы саябақтар мен субұрқақтардың саны бойынша республикада алдыңғы қатарда. Қазіргі таңда қала аумағында 100-ге жуық субұрқақ іске қосылып тұр. Әрбір субұрқақ өзіндік бірегей дизайнмен және стильмен ерекшеленеді. Олардың қатарында ұлттық нақышта жасалған үлгілер де, заманауи архитектуралық шешімдермен безендірілген туындылар да бар. Қаламыздың сәнін кіргізіп тұрған субұрқақтарды қала қонақтары мен тұрғындары сағат 10:00-ден кешкі 23:00-ге дейін тамашалай алады. Кешкі уақытта түрлі-түсті жарықтармен көмкерілген субұрқақтар су шоуына айналып, ерекше атмосфера сыйлайды. Субұрқақтар арқылы Түркістан тек тарихи-рухани ғана емес, сонымен қатар заманауи және жайлы қала ретінде қалыптасып келеді.
90 күннен асқан қарыздары бар адамдарға «Қарызсыз Қоғам» жобасы көмектеседі. Жоба аясында сіз тегін заңгерлік көмек ала аласыз! 1. Арест шешу 2. Реструктуризация (берешекті реттеу) 3. Соттан тыс банкроттық 4. Сот банкроттығы 5. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру 6. Алаяқтық фактісі бойынша көмек Тегін заңгерлік кеңес алу үшін: 🔹Qogamfin.kz сайтында тіркеліңіз 🔹Немесе 8-700-855-85-85 нөміріне қоңырау шалыңыз (9:00-19:30 жұмыс уақыты).
