Қазақстанның индустриялық дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан мамандардың арасында Абдуллаев Нуржанның есімі ерекше аталады. Ол – еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастап, еліміздің электротехникалық өнеркәсібінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған тәжірибелі басшы, кәсібилігі мен жауапкершілігінің арқасында жүздеген жасты тәрбиелеген ұстаз. Нуржан Абдуллаев 1975 жылғы 17 ақпанда дүниеге келген. Орта білімін Кентау қаласына қарасты Хантағы елді мекенінде тәмамдаған соң, жоғары білім алып, кәсіби жолын энергетика мен машина жасау саласына арнады. Оның алғашқы еңбек баспалдағы – Кентау трансформатор зауыты. Бұл жерде ол өндіріс технологиясының қыр-сырын меңгеріп, жауапты істерге араласты. Қысқа мерзімде өзін талапшыл әрі іскер маман ретінде көрсетіп, басшылықтың сеніміне ие болды. Уақыт өте…
Автор: author
Шымкент қаласында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және медициналық қызметкерлерді қорғау бағытында жаңа бастама қолға алынды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы мен Полиция департаментінің бірлескен жұмысы нәтижесінде шаһардағы ірі медициналық ұйымдарда полиция бекеттері ашылды. Атап айтқанда, жаңа полиция бекеттері №1 қалалық клиникалық аурухана, №2 және №3 қалалық ауруханалар, Перинаталдық орталық, Қалалық перзентхана және Балалар ауруханасында орналастырылды. Бұл мекемелерге тәулік бойы полиция қызметкерлері кезекшілік атқарып, тәртіп пен қауіпсіздікті қадағалайды. Мұндай шешімнің қабылдануына соңғы жылдары медицина қызметкерлеріне қатысты заңсыз әрекеттердің жиілеп кетуі себеп болды. Әсіресе, шұғыл көмек көрсету барысында дәрігерлер мен орта буын қызметкерлерінің науқастар тарапынан немесе олардың туыстары тарапынан шабуылға ұшырауы қоғамда үлкен…
Әлемдегі барша халық пен ұлыс үшін ең үлкен арман – тұрақтылық пен бейбіт өмірге қол жеткізу. Бұл арман Қазақстан үшін өмірлік ұстанымға айналды. Бүгінгі таңда еліміз татулық пен достықты берік қалыптастырып, өзге мемлекеттерге үлгі көрсетіп отыр. Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Қазақстан халқының басты мақсаты – бірлік пен ынтымақты сақтау болды. Осы құндылықтың арқасында еліміз түрлі сынақтардан сүрінбей өтіп, биік жетістіктерге жетіп келеді. Татулық – кез келген қоғамды біріктіретін ең асыл құндылық. Ол халықтың ынтымағын нығайтып, болашаққа деген сенімін арттырады. Халқымыз «Береке басы – бірлік» деп бекер айтпаған. Шын мәнінде, елдің дамуы мен өркендеуі ауызбіршіліктің арқасында ғана жүзеге асады. Татулығы мықты…
Казахстан в последние годы активно развивает транспортно-логистическую сферу и постепенно превращается в один из ключевых транзитных хабов Евразии. В рамках реализации поручений Президента, озвученных в Послании-2024, особое внимание уделяется модернизации авиационной инфраструктуры. Сегодня парк воздушных судов страны насчитывает 104 единицы. В их числе – 6 новых самолетов Airbus A320 и 1 Boeing 737 MAX 8, поставленные в первой половине 2025 года. Согласно планам, к 2030 году парк пополнится еще 103 новыми самолетами и достигнет 216 единиц. Это позволит значительно повысить авиационный потенциал страны и обеспечить население доступными и безопасными авиаперевозками. Динамичное развитие отрасли подтверждается и расширением международной маршрутной сети. Только…
Қазақ халқының тарихына көз жүгіртсек, елдің дамуы мен болашағы әрқашан бірлік пен татулыққа негізделіп келгенін көреміз. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген дана сөз – халқымыздың өмірлік ұстанымы. Шын мәнінде, елді еңселі еткен де, ұрпақты өркениетке жетелеген де – ынтымақ пен өзара сыйластық. Тарихи кезеңдерде тағдырдың жазуымен Қазақстанға сан түрлі этнос өкілдері қоныс аударды. Сол қиын шақтарда қазақ халқы оларды жатсынбай, құшағын айқара ашып, қамқорлық танытты. Бауырмалдық пен кеңпейілділіктің арқасында достық пен татулықтың берік іргетасы қаланды. Бұл игі дәстүр бүгінгі күнге дейін үзілмей жалғасып келеді. Бүгінде Қазақстанда жүзден аса этнос өкілі бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп жатыр. Бұл –…
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев жұмыс сапары аясында Шымкент қаласында бірқатар әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандардың жұмысымен танысты. Сапар барысында ол мекеме қызметкерлерімен жүздесіп, олардың еңбек жағдайын көріп, жаңа медициналық және өндірістік нысандардың тыныс-тіршілігін бақылады. Алдымен депутат жаңа ашылған **«Олимп» клинико-диагностикалық зертханалар желісінің** филиалына барды. Мекеме басшылығының айтуынша, жаңа ғимараттың құрылысы мен жабдықталуына **1,2 млрд теңге көлемінде жеке қаражат** жұмсалған. Жақында мекеме мемлекеттік лицензия алып, толыққанды жұмысын бастады. Бүгінгі таңда жаңа зертханада **30 маман**, жалпы алғанда Шымкент қаласы бойынша **200-ге жуық қызметкер** еңбек етуде. Зертхана заманауи талаптарға сай құралдармен жабдықталған, бұл өз кезегінде көрсетілетін медициналық қызметтердің ауқымын кеңейтуге мүмкіндік…
В рамках рабочей поездки в Шымкент депутат Мажилиса Парламента РК Азат Перуашев ознакомился с деятельностью ряда социальных и предпринимательских объектов. Программа визита включала встречи с коллективами, обсуждение актуальных вопросов, а также осмотр новых производственных и медицинских мощностей, которые вносят весомый вклад в развитие городской инфраструктуры. Первым пунктом посещения стала сеть клинико-диагностических лабораторий **«Олимп»**, где накануне открылся новый современный филиал. Руководство компании сообщило, что в строительство и оснащение здания было вложено **1,2 млрд тенге собственных средств**. Учреждение получило государственную лицензию и уже полностью приступило к работе. На сегодняшний день здесь трудятся около **30 специалистов**, а общий штат компании в Шымкенте достигает…
Шымкент қаласында өткен дәстүрлі қалалық Тамыз конференциясы биыл ерекше серпінмен өтті. «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбындағы жиынға ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, зиялы қауым өкілдері, министрлік пен қала әкімдігінің басшылары, құқық қорғау органдары, жоғары оқу орындарының оқытушылары, ардагер ұстаздар мен мектеп директорлары қатысты. Конференция барысында білім беру саласындағы негізгі басымдықтар айтылды. Алғашқы баяндама жасаған қалалық Білім басқармасының басшысы Гүлназ Сүлейменова мектепке дейінгі тәрбиеден бастап кәсіптік білімге дейінгі бағыттардағы жетістіктер мен жоспарларды баяндады. Оның айтуынша, қалада мектепке дейінгі тәрбие бойынша қамту деңгейі 79%-ға жетіп, жыл соңына дейін 96%-ға көтеріледі. Бұл ата-аналардың алаңсыз еңбек етуіне мүмкіндік…
Шымкентте жаңа оқу жылы қарсаңында өткен дәстүрлі Тамыз конференциясы ұстаздарға тың серпін берді. Жиын «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында ұйымдастырылып, қала мұғалімдерінің кәсіби дамуы мен оқушылардың болашағына қатысты маңызды міндеттер талқыланды. Конференцияға ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, зиялы қауым, аудан әкімдері, ардагер ұстаздар мен мектеп басшылары қатысты. Қалалық Білім басқармасының басшысы Гүлназ Сүлейменова білім сапасын арттыру, мектепке дейінгі тәрбиені кеңейту, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және психологиялық қолдау мәселелеріне тоқталды. Оның айтуынша, балабақшамен қамту деңгейі жыл соңына дейін 96%-ға жетпек. Бұл – ата-аналар үшін үлкен жеңілдік. Сондай-ақ жаңа ваучерлік жүйе енгізіліп, ата-аналардың таңдау еркіндігі кеңеймек.…
Қазақстанда денсаулық сақтау саласын тұрақты дамыту үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі кезең-кезеңімен жетілдіріліп келеді. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заң аясында қабылданған соңғы өзгерістердің негізгі мақсаты – халықты медициналық қызметтермен барынша қамту, әлеуметтік әділеттілікті нығайту және жүйенің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету. Алдағы жылдары енгізілетін реформалардың арқасында 2026 жылға қарай қосымша 1 миллионнан астам азамат сақтандыру жүйесіне қосылады деп күтілуде. Ең алдымен, әлеуметтік осал топтарға ерекше көңіл бөлініп отыр. Бұған дейін мұндай санаттағы азаматтардың бір бөлігі сақтандыру жүйесіне тартылмай келген еді. Енді жаңа тетік бойынша олардың жарналарын жергілікті атқарушы органдар төлейтін болады. Бұл шешім жұмыссыздар мен табысы аз тұрғындарға…
