Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН
  • Шымкентте медицина саласы өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдау білдірді
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ҚАЗАҚСТАНДА ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ СЕКТОРЛАРДЫ ЖАҢҒЫРТУ ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАНДА ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ СЕКТОРЛАРДЫ ЖАҢҒЫРТУ ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

authorBy author26 августа, 2025Комментариев нет6 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мемлекет басшысы 2024 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында инфрақұрылымдық проблемаларды шешуге басымдық берді. Осыған сәйкес, өткен жылдың желтоқсан айында Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі Ұлттық жоба бекітіліп, ел бойынша ауқымды жұмыс басталды. Жоба ескірген инфрақұрылымды жаңарту арқылы коммуналдық қызметтердің сапасын көтеруге, апаттылықты төмендетуге және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаев атап өткендей, негізгі мақсат – электр және жылу энергиясының тапшылығын болдырмау үшін жаңа генерация көздерін салу, желілердің тозуын азайту және коммуналдық қызметтердің сенімділігін арттыру.

Коммуналдық сектордағы қазіргі ахуал күрделі. Жүргізілген талдауға сәйкес, жылу, электр, сумен жабдықтау және су бұру салаларында тозу деңгейін 50%-дан төмендету үшін 6,8 трлн теңге көлемінде инвестиция қажет. Бұл қаржы 86 мың шақырым инженерлік желілерді жөндеуге бағытталады. Тозудың жоғары деңгейі әсіресе ШҚО, Қарағанды, Павлодар және Ақмола облыстарында байқалып отыр. 46 субъектінің 18-інде электр желілерінің 70%-дан астамы ескірген. Сумен жабдықтау саласында да жағдай алаңдатарлық, жобаларға қатысатын мекемелердің жартысына жуығы 70%-дан астам тозу аймағында.

Тозу табиғи түрде жыл сайын 2-3%-ды құрайды, яғни орта есеппен 4-5 мың шақырым желі қолданыстан шығады. Сондықтан күрес тиімді болуы үшін жөндеу жұмыстарының көлемін едәуір арттыру қажет. 2025 жылға қарай 1 347 шақырым желіні, сондай-ақ 3 047 бірлік жабдықты жөндеу мен ауыстыру жоспарланып отыр. Осы мақсатта 144,5 млрд теңгеге қаржыландыруға дайын 48 табиғи монополия субъектісі анықталды.

Шымкент қаласы да бұл ұлттық жобаның белсенді қатысушысына айналды. Қалада соңғы жылдары энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымға түсетін салмақ артты. Халық санының өсуі мен жаңа тұрғын үй алаптарының пайда болуы қосымша қуат көздерін қажет етеді. Әсіресе ескі аудандардағы су және жылу желілерінің жағдайы жиі сын көтермейді. Ұлттық жоба аясында Шымкентте 2025 жылға дейін жылу желілерін жаңарту, электр энергиясын таратушы станцияларды күшейту және су жүйелерін жаңғыртуға басымдық беріліп отыр. Бұл жұмыстар апаттылықты азайтып қана қоймай, тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартады.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ – ҚОҒАМ ИІГІЛІГІ ҮШІН

11 февраля, 2026

БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГКЕ ҚАРСЫ ҮН: ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

10 февраля, 2026

БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ – ЖАСТАР САНАСЫНДАҒЫ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

10 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.