Автор: author

В Шымкенте правовая помощь становится всё более доступной благодаря активному внедрению цифровых технологий. Сегодня жителей города обслуживают 340 нотариусов, 513 адвокатов и 1331 юридический консультант, и взаимодействие с ними всё чаще переходит в онлайн-формат. Получить юридическую консультацию теперь можно не выходя из дома — через мобильные приложения «E-заң көмегі», «Заң көмегі», а также портал eGov. Это значительно экономит время граждан и упрощает доступ к правовой информации. Особое внимание руководитель департамента юстиции города Айнур Исабекова уделила запуску чат-бота на основе искусственного интеллекта, который консультирует граждан круглосуточно, 24/7. Такой формат позволяет оперативно получать ответы на правовые вопросы в любое время. Параллельно в…

Read More

Бүгін Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа пәтерлердің кілті салтанатты түрде табысталды. Баспаналар Асар-2 және Тұран-2 шағынаудандарынан берілді. Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Шара барысында 25 отбасы жаңа пәтерлеріне ие болды. Қала әкімі қоныс той иелерін құттықтап, тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету қаладағы әлеуметтік саясаттың негізгі басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады. Табыс етілген пәтерлер ерекше әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға арналған. Олардың қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес отбасылар,…

Read More

Шымкент қаласында Жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған ашық диалог алаңы өтті. Кездесуге қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, еңбек ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Жиынды қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев ашып, Жаңа Конституция жобасының маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, ел тағдырына тікелей әсер ететін мұндай тарихи кезеңде әрбір азамат байыппен ой түйіп, қоғамдық тұрақтылық пен ауызбіршілікті бәрінен жоғары қоюы қажет. – Конституция жобасын талқылау барысында эмоцияға берілмей, сабырмен пікір білдірген жөн. Құжатта азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға басымдық берілгені анық көрінеді. Ең маңыздысы – әрбір азаматқа өз ойын ашық айтуға мүмкіндік жасалып отыр. Бұл…

Read More

Астана қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылауға арналған республикалық кеңес онлайн форматта өтті. Маңызды жиынға этномәдени бірлестіктердің, қоғамдық құрылымдардың, Достық үйлерінің басшылары қатысып, елдің болашағына қатысты өзекті мәселелер ортаға салынды. Кеңесті Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов ашып, жүргізді. Ол Конституциялық реформаның маңыздылығына тоқталып, жаңа Ата заңның қоғам сұранысына сай әзірленіп жатқанын атап өтті. Онлайн кеңеске Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Сарғалдақов, қалалық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Заңғарбек Үсіпахметов, сондай-ақ қалалық этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылымдардың жетекшілері қатысты. Жиын барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын кеңінен талқылау және оның негізгі бағыттары бойынша түсіндіру…

Read More

Жаңа Конституция жобасында тұңғыш рет мыңжылдық тарихымыз басты құндылық ретінде жазылды. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның VII отырысында айтты. Оның сөзінше, қазіргі қолданыстағы 1995 жылғы Конституцияда тарих туралы бір де бір сөз жоқ. «Жаңа Конституция жобасының Преамбуласындағы «Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығын сақтай отырып» деген сөйлем тарихымыздың үздіксіз сабақтастығын, Қазақстан көшпелілер өркениетінің ошағы екенін айғақтайды. Осылайша, тарихымыз Конституцияда тұңғыш рет декларация емес, мемлекеттік құндылық ретінде бекітіліп отыр», – деді Ерлан Қарин. Преамбуладағы «Ұлы Дала» мен «мыңжылдық тарих» ұғымдары Қазақстанның тарихи субъект екенін айғақтайтын әрі мемлекеттік бірегейлікті айқындайтын ұғымдар. Сонымен бірге, Мемлекеттік кеңесші жаңа Конституцияда…

Read More

Мемлекет өз Конституциясы мәтініне халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын, жалпыадамзаттық құндылықтарды және халықаралық құжаттарда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтарын енгізеді. Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Мәжіліс депутаты, заң ғылымдарының докторы Үнзила Шапақ осылай деп мәлімдеді. Оның түсіндіруінше, халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың арақатынасы үстемдік пен бағыныштылыққа емес, өзара әрекеттесу, толықтыру және үйлестіру қағидаттарына негізделеді. Осыған орай, ұсынылып отырған Конституция жобасында халықаралық шарттарға қатысты негізгі ережелер көзделді. «Осылайша, 5-баптың 1-тармағы туралы қысқаша тұжырымдап айтсам,  Қазақстан Республикасы халықаралық міндеттемелерден бас тартпайды, керісінше оны қолданылатын құқықтың, яғни қоғамдық қатынастарды реттейтін маңызды құрамдас бөлігі ретінде мойындайды», – деп нақтылап өтті депутат. Яғни, Ата заң…

Read More

Халықаралық шарттар мен ұлттық заңнама арақатынасы мәселесі көп жылдан бері сарапшылар мен қоғам арасында талқыланып келеді. Мәжіліс депутаты, Конституциялық комиссия мүшесі Мұрат Әбенов жаңа Конституция жобасында ұсынылып отырған өзгерістердің мәнін түсіндірді. «Біз әріптестерімізбен бірге жоба нормаларын мұқият зерделедік. Маңыздысы – жаңа Конституцияда Қазақстан Республикасының ратификациялаған халықаралық шарттары мен халықаралық құқықтың жалпыға танылған нормаларының заңдық күшін жоққа шығаратын ешқандай ереже жоқ», – деді депутат. Оның айтуынша, Қазақстан өзге мемлекеттермен қарым-қатынаста өзара сыйластық қағидатына, сондай-ақ БҰҰ аясындағы адам құқықтары жөніндегі негізгі халықаралық шарттарға адалдығын сақтайды. Жоба мәтінінде адамның ажырамас құқықтары мен бостандықтарына қатысты қабылданған халықаралық міндеттемелерден бас тартуды білдіретін нормалар қарастырылмаған.…

Read More

2026 жылғы конституциялық реформа Қазақстанның даму бағытын түбегейлі жаңа деңгейге көтереді. Бұл реформа – ресурстарға тәуелді экономикалық модельден бас тартып, ел болашағын білім, интеллект және адам капиталы арқылы қалыптастыруға бағытталған бетбұрыс кезеңі. Ендігі жерде мемлекеттің басты байлығы минералды ресурстар емес, зияткерлік әлеуеті жоғары, білімі терең, ойы озық азаматтар болады. Конституциялық деңгейде білім, ғылым, мәдениет және инновация ел дамуының негізгі басым бағыттары ретінде бекітіледі. Бұл – ұзақ мерзімді әрі орнықты өсудің берік негізі. Реформа аясында білім беру сапасын арттыру, ғылымды қолдау, мәдени құндылықтарды дамыту және инновациялық технологияларды кеңінен енгізу басты назарда болады. Әсіресе жасанды интеллект дәуірінде интеллектуалдық даму мемлекеттің бәсекеге…

Read More

2026 жылғы конституциялық реформа аясында қабылданатын Жаңа Конституцияда қоғам дамуына жауап беретін заманауи құндылықтар нақты әрі жүйелі түрде бекітіледі. Негізгі заң әділеттілік, заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіпті мемлекеттің басты бағдарлары ретінде айқындайды. Жаңа Конституцияда қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше мән беріліп, табиғатқа ұқыпты қарау қағидаты алғаш рет конституциялық деңгейде бекітіледі. Бұл – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті күшейтуге бағытталған маңызды қадам. Сонымен қатар цифрлық кеңістіктегі құқықтарды қорғау нормасы енгізіледі. Азаматтардың цифрлық ортадағы жеке деректері мен құқықтарының қорғалуы құқықтық мемлекеттің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады. Дәстүрлі құндылықтарды сақтау да Конституцияның маңызды бағыттарының бірі болып қала береді. Неке – ер мен әйелдің ерікті…

Read More

Қазақстанның жаңа Конституциясы аясында елдегі заң шығару жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды институционалдық реформа жүзеге асырылуда. Соның негізгі тетіктерінің бірі – жаңа бірпалаталы Парламент, яғни Құрылтайдың құрылуы. Жаңа Парламент кеңейтілген өкілеттіктерге ие 145 депутаттан тұрады. Депутаттардың өкілеттік мерзімі бес жыл болып белгіленіп, бұл заң шығару қызметінің тұрақтылығы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Құрылтайды қалыптастыру кезінде пропорционалды сайлау жүйесі қолданылады. Бұл тәсіл саяси партиялардың рөлін арттырып, олардың кадрлық әлеуетін дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар партиялардың институционалдық салмағы күшейіп, саяси күштердің қоғам алдындағы жауапкершілігі арта түседі. Аталған өзгерістер өкілді биліктің тиімділігін арттыруға, саяси бәсекелестікті нығайтуға және қоғам мүддесін заң шығару деңгейінде…

Read More