Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
  • Безопасная школа: в Шымкенте 500 школьников встретились с главой полиции
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

authorBy author5 февраля, 2026Комментариев нет5 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Астана қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылауға арналған республикалық кеңес онлайн форматта өтті. Маңызды жиынға этномәдени бірлестіктердің, қоғамдық құрылымдардың, Достық үйлерінің басшылары қатысып, елдің болашағына қатысты өзекті мәселелер ортаға салынды.
Кеңесті Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов ашып, жүргізді. Ол Конституциялық реформаның маңыздылығына тоқталып, жаңа Ата заңның қоғам сұранысына сай әзірленіп жатқанын атап өтті.
Онлайн кеңеске Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Сарғалдақов, қалалық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Заңғарбек Үсіпахметов, сондай-ақ қалалық этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылымдардың жетекшілері қатысты.
Жиын барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын кеңінен талқылау және оның негізгі бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар ұсынылып отырған өзгерістердің елдегі саяси жүйені жаңғыртуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге, сондай-ақ қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға бағытталғанына назар аударды.
Кеңес қорытындысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов жаңа Конституция тұрақты, қауіпсіз әрі гүлденген Қазақстанды қалыптастыруға берік негіз болатынын атап өтті. Сонымен қатар, ол қоғам өкілдерін Конституция жобасын талқылауға белсенді қатысуға шақырып, әрбір ұсыныс пен пікірдің ел болашағы үшін маңызды екенін жеткізді.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың 21 қаңтарында құрамына 130 адам енген Конституциялық комиссия құрылды. Осы уақыт аралығында комиссия мүшелері Ата заңға өзгерістер енгізу жөніндегі барлық ұсыныстарды мұқият зерделеп, Конституция мәтінінің 84 пайызын қамтитын 77 бап бойынша түзетулерді қарастырды. Жұмыс нәтижесінде комиссия Қазақстан Конституциясының жаңа редакциясын әзірлеуді қолдады.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.