Автор: author

Экологияны қорғау, тазалықты сақтау, туған жерді көркейту мен көгалдандыруға баса мән беру бастамасымен Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны қарқынды жүргізілуде. «AMANAT» партиясы аудандық филиалының бастамасымен «Таза бейсенбі» науқаны аясында тазалық жұмыстары «Түркістан-Шымкент» бағытындағы магистральді автомобиль жолының бойында жалғасын тапты. Аталған шараға Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Баймахан Сүлейменов, аудан әкімінің орынбасары Ербол Жанғазиев, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Сағынбек Асылбеков пен «Жасыл Сауран» қызметкерлері және ауылдық округ тұрғындары тазалық жұмыстарын жүргізуге атсалысты. Сенбілікке 4 техника мен 80-ге жуық азамат қатысты. Онда жол бойлары мен айналасын тазартып, ағаштар суарылды. Ретсіз өскен шөптер алынып, қатты тұрмыстық қалдықтар тазартылды.

Read More

Төтенше жағдайлар департаменті суға батқандардың 95%-ы тыйым салынған орындарда тіркелетінін мәлімдейді. Суға шомылу мен демалуға рұқсат етілген орындар жылдан жылға ұлғайтып келеді. Жазғы кезеңде қайықтармен және құтқару құралдарымен жабдықталған мобильді бекеттер қояды. Олар су айдындарына кезекшілік атқарып, патруль жүргізу жұмыстарын жүзеге асырады. Атап айтқанда, құтқарушылар суға шомылу маусымы басталғалы 3 адамды құтқарды. Бүгінде демалушылар гидроциклдерді белсенді түрде пайдаланады, ал оларды қауіпсіздік ережесіне бағынбай пайдалану адам өміріне қатер төндіруі мүмкін. Кәсіпкерлік Кодекске сәйкес Министрлік жағажайларға тексеріс жүргізуді, олардың аумағында адам өлімі фактілері тіркелген жағдайда ғана жүзеге асыра алады. Осыған байланысты демалыс орындарының инфрақұрылымына бақылау күшейтіледі. Маңызды міндеттің бірі – балалардың қауіпсіздігі. Балалар…

Read More

«АМАNAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қуаныш Адырбекұлының бастамасымен, Сайрам ауданы, Жібек Жолы ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтті. Тазалық науқаны барысында ауданға қарасты Жібек Жолы ауылдық округі, Машат елді мекені, Ысқақ ата көшесін бойының 1,2 шақырымы және Машат өзенінің 1,5 шақырым жағалауы табиғат тұнығын ластаған қатты қалдықтардан тазаланды. Сондай-ақ Сиқым баба алаңы бейберекет тасталған күл-қоқыстан арылды. Аталған іс-шараға партия және Жібек Жолы ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлері, аудандық Жастар ресурстық орталығы коммуналдық мекемесі және «Жастар Рухы» жастар қанаты мүшелері және БАҚ өкілдері жалпы 50-ге жуық азамат атсалысты. Айта кетейік, «Таза бейсенбі» республикалық экологиялық акциясы аудан аумағында апта…

Read More

Бүгін Түркістанда 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында спартакиада өтті. Ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қатысушыларға сәттілік тіледі. Сайысты Облыстық қоғамдық даму басқармасы мен Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырды. Жалпы сайысқа көптеген команда қатысуға ниет білдірген. Журналистер спорттық бәсекеде өзара волейбол, шағын футбол, ләңгі тебу, үстел теннисі және арқан тартудан күш сынасып, жүлделі орындарға таласты. Спартакиада волейбол мен ләңгі тебуден басталды. Волейболдан «Тұран БАҚ» командасы алға шықты. Ал спартакиадаға биыл қосылған ұлттық ойын – ләңгі тебуден «Turkistan» телеарнасының қызметкері Айдос Игіліков жеңіске жетті. «Жанубий Қозоғистон» газетінен Сабыржан Исаметов екінші орынға ие болса, «Баспасөз хатшылары» тобының…

Read More

Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова тиісті сала басшыларына суға шомылу маусымына дайындықты ширатып, қауіпсіздік шараларын пысықтауды тапсырған болатын. Осы орайда, Арыс қалалық Төтенше жағдайлар бөлімі суда адам өліміне жол бермеу мақсатында қалалық әкімдікпен бірге кешенді алдын алу шараларын жүргізуде. Бүгін төтеншеліктер рұқсат етілген су айдындарына зерделеу жүргізді. Атап айтқанда, облыстық ТЖД-нің жедел құтқару жасағының суңгуірлері Арыс өзені көпір асты мен Теміржолшы елді мекенінде орналасқан жағажайда су астын қауіпті заттардан (сынған ағаш, бөтелке, шиша, темір) тазартты. Мамандар тұрғындардан қауіпсіздік ережелерін сақтауға: көпірлерден секірмеуге; балаларды қараусыз тастамауға; қолдан жасалған жүзу аспаптарын қолданбауға кеңес береді.

Read More

Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Облыстық құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау және білім саласының өкілдері, сонымен қатар комиссия мүшелері, аудан, қалалардағы комиссия төрағалары мен хатшылары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысқан жиында үш мәселе қаралды. Күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Бегімхан Ахметов кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын-алу мақсатында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өкілі кәмелетке толмағандардың жазғы демалысын ұйымдастыру және демалыс маусымында қауіпсіздікті алдын алу шаралары туралы, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова да…

Read More

Республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы Түркістан облысында қарқынды жүруде. Акция аясында бүгін Арыс қаласында сенбілік өтіп, шараға қалалық мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, еңбек ұжымдарының өкілдері, қала жастары атсалысты. Экобелсенділер ағаш түптерін әктеп, жасыл желектің түптері мен жол жиектерін арамшөптерден тазалады. «Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты – үйіміз бен туған жерімізді таза ұстау, қоқыс шашпау, халық арасында экологиялық сауаттылықты арттыру, экологиялық мәдениетті сақтауды үйрету. «Таза Қазақстан» акциясы басталған сәуір айынан бері Түркістан облысы бойынша облыстағы 2500-ден астам білім беру ұйымдарында (1421 балабақша, 1052 мектеп, 50 колледж) экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке, табиғатты қорғауға, халықты қоршаған ортаны ластамауға үйрету. Балаларды табиғатқа ұқыпты…

Read More

Кентау ЖЭО-да ауқымды жөндеу барысын бақылаған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жауапты мердігерлермен жолығып, жұмыс барысын пысықтады. Керек қондырғыларды жеткізуші шетелдік компания жетекшілерімен байланысып, мән-жайды нақтылады. Кеншілер шаһарына арнайы барған облыс әкімі мердігерлерге маңызды істі аса жауапкершілікпен атқаруды тапсырды. Жылу көздерін қайта құрылымдау кестеге сәйкес жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарының барысы облыс әкімінің тікелей бақылауында. Кентау қаласын жаңа жылыту маусымында сапалы жылумен қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде. Алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын тексерген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жылу көздерін жаңғырту барысын бақылап, жылумен жабдықтау желілерін жөндеуге жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді. Барлық жұмыстарды бекітілген кестеге сәйкес аяқтауды міндеттеді. Жөндеу жұмыстарына қажетті…

Read More

Қазақстан Республикасында білім беру саласының оқытушылары арасында биылғы жылдың 10 маусымында Дубай (БАӘ) қаласында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Халықаралық конференцияға Түркістан облысының Сайрам аудандық білім бөліміне қарасты N74 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрилла Ділдан қатысты. Білім беру саласының қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған халықаралық «ХХІІ Global teaching Dubai» бағдарламасы аясында Дубай қаласында өткен 108 сағаттық семинарына белсенді қатысып, өзінің ғылыми ізденістері мен озық тәжірибесімен бөлісті. Семинардың қорытындысына сәйкес, жаңашыл ұстаз «Білім саласындағы жасанды интеллект» тақырыбында баяндаманы үздік қорғағаны үшін халықаралық дәрежедегі сертификат және І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Read More

Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Сарыағаш пен Келес аудандарына іссапармен барып, күрделі жөндеу жұмыстары басталған білім, денсаулық, мәдениет нысандарын аралады. Құрылыс алаңдарындағы жұмыс барысын қадағалады. «Абай» Келес аудандық ауруханасының бас корпусында процесс басталған. 40-қа жуық жұмысшы тартылған. Облыс әкімінің орынбасары мұның өте аз екенін айтып, жұмыссыз жүрген жергілікті тұрғындарды тарту керек деді. Мердігерге бұдан бөлек кемшіліктер бойынша ескертулер жасалды. Сарыағаш ауданы, Қапланбек ауылдық округінде 150 орындық жаңа мәдениет үйі әрі кітапхана құрылысы жүргізіліп жатыр. «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында қаржы қаралған. Қыркүйек айында ел игілігіне тапсыру жоспарлануда. Қолданысқа берілген соң…

Read More