Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылау және түсіндіру мақсатында Шымкент қаласындағы «Болашақ» колледжінде талқылау жиыны өтті. Іс-шараға оқу орнының оқытушылары мен магистрлер қатысып, еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғыртудағы негізгі басымдықтар жөнінде мазмұнды баяндамалар жасады. Жиын барысында заң ғылымдарының магистрі Аяулым Төленбекова жаңа Конституция жобасының маңыздылығына тоқталып, бұл құжат Қазақстанның болашаққа бағытталған стратегиялық даму бағытын құқықтық тұрғыда бекітетінін атап өтті. Оның айтуынша, Ата Заң жобасы отбасы мен неке секілді дәстүрлі құндылықтарды қорғауға, ұлттық бірлікті сақтауға, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын тең дәрежеде қамтамасыз етуге бағытталған нақты құқықтық негіз қалыптастырады. – Жаңа Конституция Қазақстанды халықаралық қауымдастық алдында адам құқықтары мен заң…
Автор: author
Шымкент қаласындағы әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапхана бүгінде тек кітап пен білімнің ғана емес, қоғамдық ой мен азаматтық пікірдің ашық алаңына айналып келеді. Мұнда әдеби-мәдени іс-шаралармен қатар, ел өміріндегі өзекті мәселелер кеңінен талқыланып, қоғамдық сананы қалыптастыруға бағытталған бастамалар жүзеге асуда. Осы бағыттағы маңызды шаралардың бірі ретінде кітапхана қабырғасында Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясының жобасын талқылауға арналған келелі кеңес өтті. Жиынға кітапхана ұжымы қатысып, ел болашағын айқындайтын басты құжатқа қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салды. Руханият ордасында өткен басқосуда айтылған әрбір пікірдің салмағы бөлек болды. Мемлекет тағдыры мен ұлттың ертеңі сөз болған жиында кітапханашылардың азаматтық ұстанымы айқын көрінді. Кітапхана директоры Анар Жаппарқұлова…
Ата Заңның жаңартылған редакциясында мемлекет дамуының іргелі бағыттарын айқындайтын мызғымас қағидаттар мен құндылықтар нақты белгіленген. Соның ішінде адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау мәселесі басты басымдық ретінде айқындалды. Жаңа Конституцияда адам, оның өмірі, құқықтары мен еркіндіктері ең жоғары құндылық деп танылып, бұл ұстаным конституциялық деңгейде бекітілді. Мемлекет азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды өзінің негізгі міндеттерінің бірі ретінде қарастырады. Осы арқылы құқықтық мемлекет қағидаттары нығайып, әділетті әрі ашық қоғам құруға берік негіз қаланады. Конституцияның жаңа редакциясында азаматтардың жеке бас бостандығы, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау, заң алдындағы теңдік, сондай-ақ құқықтық кепілдіктердің сақталуы ерекше мәнге ие. Бұл нормалар құқық қолдану тәжірибесінде азаматтардың…
Жаңартылған Ата Заңда мемлекеттің дамуына бағытталған мызғымас қағидаттар мен негізгі құндылықтар айқындалған. Солардың бірі әрі бірегейі – егемендік пен тәуелсіздікті қорғау мәселесі. Конституцияның жаңа редакциясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі, аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігі ең жоғары конституциялық құндылықтар ретінде бекітілген. Бұл қағидаттар мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының берік құқықтық негізін қалыптастырып, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Ата Заңда еліміздің тәуелсіздігін нығайту, мемлекеттік биліктің тұтастығын сақтау және конституциялық құрылымды қорғау мемлекеттің басты міндеттері ретінде белгіленеді. Егемендікті қорғау қағидаты ұлттық мүдделерді басшылыққа ала отырып, елдің тұрақты дамуы мен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге қызмет етеді. 2026 жылғы конституциялық реформа Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін сақтауға…
Жаңа Конституция жобасында Қазақстан халқының мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган – Халық Кеңесін құру қарастырылған. Халық Кеңесінің негізгі міндеті – қоғамдық келісімді нығайту, ұлттық бірлікті күшейту, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету және ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу. Сонымен қатар Кеңес Құрылтайға заң жобаларын енгізуге және жалпыхалықтық референдум өткізу туралы бастама көтеруге құқылы. Бұл норма халықтың ел басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, қоғамдық диалогты жаңа деңгейге көтереді.
Қазақстан Республикасында 2026 жылға жоспарланған конституциялық реформа аясында Ата Заңның жаңа жобасы ұсынылды. Құжат елдің құқықтық жүйесін жаңғыртуға, мемлекеттік басқаруды жетілдіруге және қоғам дамуының заманауи талаптарына сай құқықтық негіз қалыптастыруға бағытталған. Жаңа Конституция жобасында білім мен ғылым, мәдениет пен инновациялар мемлекеттің негізгі басымдықтары ретінде айқындалды. Бұл бағыттар адами капиталды дамытуға және елдің зияткерлік әлеуетін нығайтуға негіз болады. Сонымен қатар, реформаның маңызды жаңалықтарының бірі – цифрландыру саласын конституциялық деңгейде бекіту. Алғаш рет азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғауға қатысты нормалар енгізіліп, дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен заманауи технологияларды пайдалану кезіндегі құқықтық тетіктер айқындалды. Жалпы алғанда, жаңа Ата Заң қоғам мен…
Қазақстанда цифрлық кеңістіктегі азаматтардың құқықтарын қорғау конституциялық деңгейде алғаш рет заң жүзінде бекітілді. Негізгі заңға енгізілген бұл норма азаматтардың цифрлық ортадағы жеке деректерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқықтарының сақталуына бағытталған. Сонымен қатар, құқық қорғау жүйесін жетілдіру мақсатында ұстау кезінде «Миранда ережесі» енгізіліп, азаматты бір құқықбұзушылық үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке қайта тартуға тыйым салынды. Бұдан бөлек, некені ер мен әйелдің одағы ретінде заңды түрде тану арқылы әйелдердің құқықтарын қорғау тетіктері күшейтілді. Бұл өзгерістер құқықтық мемлекеттің қағидаттарын нығайтып, азаматтардың бостандықтары мен заңды мүдделерін жаңа цифрлық талаптарға сай қорғауға мүмкіндік береді.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек «Мирас» университетінде болып, Жаңа Конституция жобасын талқылау және түсіндіру мақсатында студент жастармен және профессор-оқытушылар құрамымен кездесу өткізді. Кездесу барысында қала әкімінің орынбасары қолданыстағы Конституцияның тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы кезеңінде елдегі қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарғанын атап өтті. Оның айтуынша, Ата Заң осы уақытқа дейін өзіне жүктелген тарихи миссияны толық орындады. Қазіргі кезеңде қоғам мен мемлекеттің даму талаптарына сай, мемлекеттілікті одан әрі нығайтып, заманауи сын-қатерлерге жауап бере алатын жаңа Конституция қабылдау қажеттілігі туындап отыр. Сәрсен Құранбек Жаңа Конституция жобасында ұлттық мүдде мен ұлттық ерекшеліктерге айрықша мән берілгенін жеткізді.…
В Шымкенте правовая помощь становится всё более доступной благодаря активному внедрению цифровых технологий. Сегодня жителей города обслуживают 340 нотариусов, 513 адвокатов и 1331 юридический консультант, и взаимодействие с ними всё чаще переходит в онлайн-формат. Получить юридическую консультацию теперь можно не выходя из дома — через мобильные приложения «E-заң көмегі», «Заң көмегі», а также портал eGov. Это значительно экономит время граждан и упрощает доступ к правовой информации. Особое внимание руководитель департамента юстиции города Айнур Исабекова уделила запуску чат-бота на основе искусственного интеллекта, который консультирует граждан круглосуточно, 24/7. Такой формат позволяет оперативно получать ответы на правовые вопросы в любое время. Параллельно в…
Бүгін Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа пәтерлердің кілті салтанатты түрде табысталды. Баспаналар Асар-2 және Тұран-2 шағынаудандарынан берілді. Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Шара барысында 25 отбасы жаңа пәтерлеріне ие болды. Қала әкімі қоныс той иелерін құттықтап, тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету қаладағы әлеуметтік саясаттың негізгі басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады. Табыс етілген пәтерлер ерекше әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға арналған. Олардың қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес отбасылар,…
