Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » Шымкентте жаңа Конституцияны қолдауға арналған ауқымды іс-шара өтті
Санатталмаған

Шымкентте жаңа Конституцияны қолдауға арналған ауқымды іс-шара өтті

authorBy author7 марта, 2026Updated:8 марта, 2026Комментариев нет2 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

 

Шымкент қаласында жаңа Конституцияны қолдауға арналған «Біз халықтық Конституцияны қолдаймыз» атты ауқымды спорттық-мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион алаңында өткен кешке шамамен 20 мыңға жуық адам жиналды.

Іс-шараның басты мақсаты – тұрғындарды 15 наурызда өтетін республикалық референдумға қатысуға шақыру және жаңа Қазақстан Республикасының Конституциясының мән-маңызы мен мазмұнын түсіндіру.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жаңа Конституция елдің демократиялық негіздерін нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған. Құжатта «Әділетті Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» қағидаттарын дамытуға басымдық берілген.

Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков және Integra Construction KZ компаниясының меншік иесі Шахмұрат Муталип қатысты.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жиналған қауымды Премьер-лиганың жаңа маусымының басталуымен құттықтап, жаңа Конституция елдің саяси жүйесін жаңғыртып, азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтетін маңызды құжат екенін атап өтті. Сонымен қатар ол тұрғындарды 15 наурызда өтетін республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырды.

«Елімізде 15 наурыз күні жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдум өтеді. Жаңа Ата заң – мемлекетіміздің алдағы дамуына бағыт-бағдар беретін басты құжат. Елдің ертеңі әрқайсымыздың азаматтық ұстанымымызға байланысты. Сондықтан бұл іске жауапкершілікпен қарауға шақырамын», – деді қала әкімі.

Сонымен қатар іс-шарада сөз алған «Integra Construction KZ» компаниясының меншік иесі Шахмұрат Муталип стадионда жанкүйерлердің бір мақсат үшін бірігетіні сияқты, еліміздің тағдырына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын сәттерде де бірлікті көрсету қажет екенін атап өтті.

Оның айтуынша, жаңа Конституция Қазақстанның демократиялық дамуын нығайтып, әділетті қоғам құруға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Сондай-ақ ол 15 наурызда өтетін жалпыхалықтық референдум ел болашағы үшін үлкен мәнге ие тарихи оқиға екенін айтып, азаматтарды белсенді қатысуға шақырды.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ

19 июня, 2026

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

19 июня, 2026

В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА

19 июня, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.