Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » Жаңа Конституция баптары еңбек ұжымдарында түсіндірілуде
Санатталмаған

Жаңа Конституция баптары еңбек ұжымдарында түсіндірілуде

authorBy author27 февраля, 2026Комментариев нет4 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

 

Шымкентте конституциялық реформалардың мазмұнын түсіндіру бағытындағы жұмыстар еңбек ұжымдарында жүйелі түрде жалғасуда. Кезекті кездесу Шымкентқаласындағы «A.R.T. Сапалы Құрылыс»ЖШС қызметкерлерімен өтті. Басқосу барысында Конституцияға енгізілетін жаңашылдықтар мен тұжырымдамалық өзгерістер жан-жақты талқыланды.
Алғашында түзетулер шамамен 40 бапты қамтиды деп жоспарланған болатын. Алайда қоғамдық талқылаулар мен ұсыныстар нәтижесінде өзгерістер ауқымы кеңейіп, саяси және әлеуметтік өмірдің түрлі салаларын қамтыды. Қазіргі таңда Конституцияның барлық бөлімдерін қамтитын 77 бапқа өзгеріс енгізу көзделіп отыр.
Жиында баяндама жасаған М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіхалықаралық қатынастар және халықаралық құқық кафедрасының доценті Ермек Бекбосынов Ата заңдағы негізгі тұжырымдамалық өзгерістердің мәніне тоқталды. Оның айтуынша, жаңартылған Конституция мемлекеттің адамға бағдарланған моделін күшейтуге, қоғамның іргелі құндылықтарын айқындауға және саяси институттардың тиімділігін арттыруға бағытталған.
Спикердің сөзінше, жаңа Преамбулада адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің басты басымдығы ретінде жарияланған. Бірлік пен ынтымақ, ұлтаралық және конфессияаралық келісім қазақстандық мемлекеттіліктің берік негізі ретінде айқындалған.
Сонымен қатар егемендік пен Тәуелсіздік, унитарлық құрылым және аумақтық тұтастық өзгермейтін құндылықтар санатына енгізілген. Әділеттілік, Заң мен тәртіп, табиғатқа жауапкершілікпен қарау қағидаттары конституциялық деңгейде бекітілген. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы әрі егемендіктің иесі – Қазақстан халқы екені нақты айқындалған.
Жаңа Конституцияда білім мен ғылым, мәдениет пен инновациялар ел дамуының негізгі идеясы ретінде белгіленген. Бұл ұстаным ел болашағы табиғи ресурстармен ғана емес, ең алдымен адами капиталдың сапасымен өлшенетінін көрсетеді.
Ермек Бекбосынов жаңа мәтіннің басты ерекшелігі – адам құқықтарына басымдық берілуі екенін атап өтті. Бұл қағида тек Преамбуламен шектелмей, бүкіл Конституцияның мазмұндық өзегіне айналған.
Сондай-ақ кездесуде бір палаталы жаңа Парламент – Құрылтайды құру мәселесі түсіндірілді. 145 депутаттан тұратын заң шығарушы орган пропорционалды сайлау жүйесі арқылы жасақталып, депутаттардың өкілеттік мерзімі 5 жылды құрайды. Мұндай модель партиялардың институционалдық рөлін күшейтіп, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Бұдан бөлек, жалпыұлттық диалог алаңы ретінде Қазақстанның Халық Кеңесін құру жоспарланып отырғаны айтылды. Бұл жоғары консультативтік орган заңнамалық бастама құқығына ие болмақ. Сонымен қатар адвокатура мен адвокаттық қызметке арналған арнайы бап енгізіліп, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері күшейтіледі.
Спикер Конституциялық соттың, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің және прокуратура органдарының конституциялық-құқықтық мәртебесі нығайтылатынын жеткізді. Халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылатын «Миранда қағидатының» енгізілуі де маңызды жаңашылдықтардың бірі ретінде аталды. Бұл норма азаматтарды ұстау кезінде олардың құқықтарын міндетті түрде түсіндіруді көздейді.
Кездесу қорытындысында жаңа Конституция мәтіні қалыптасқан мемлекеттілік негіздерін бекітіп, елдің халықаралық беделін арттыруға және адами капиталды дамытуға бағытталған стратегиялық басымдықтарды айқындайтыны атап өтілді.
Қатысушылардың пікірінше, ұсынылып отырған өзгерістер Қазақстанның құқықтық жүйесін одан әрі жетілдіріп, елдің болашағына сеніммен қарауға берік негіз қалайды.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ

19 июня, 2026

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

19 июня, 2026

В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА

19 июня, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.