Автор: author

Түркістан облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасы аясында 49 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысанының құрылысы жоспарланған. Оның ішінде, облысқа қарасты елді мекендерде 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік пункт, 6 медициналық пункт бой көтермек. Бұл нысандардың құрылыс барысы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қатаң бақылауында тұр. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жауапты сала басшылары және мердігер мекеме өкілдерімен бірге Ұлттық пилоттық жоба аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарды пысықтады. Жобаның маңыздылығына тоқталып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар міндеттеді. – Президенттің тікелей тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасының маңызы орасан. Бұл – мемлекеттік ғимарат. Құрылыс жұмыстары аса жауапкершілікті талап етеді.…

Read More

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бүгін Астана қаласында өткен Қазақстан-Корея бизнес форумына қатысты. Жұмыс сапары кезінде Түркістан облысының әкімдігі мен Корея Халықаралық Сауда Қауымдастығы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ Түркістан қаласында кореялық «Вусонг» университетінің филиалын ашу бойынша меморандумға қол қойылды. Айта кетейік, наурыз айында өткен Түркістан облысы делегациясының Оңтүстік Кореяға жасаған ресми іссапары аясында Корея Республикасының Халықаралық сауда қауымдастығының (Korea International Trade Association) басқарма төрағасы Юн Джин Сик мырзамен кездесу өтті. Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты нығайту мәселесі талқыланып, әр түрлі салаларда ынтымақтастықтың ықтимал мүмкіндіктері, инвестиция тарту, тәжірибе алмасу және өзара қарым – қатынасты дамыту талқыланды.…

Read More

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев «Самал-3» шағынауданына арнайы барып, тұрғындармен кездесті. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары, аудандық мәслихаттың депутаттары, Сарыағаш қаласы әкімі аппаратының қызметкерлері, «Нұра топтық су құбыры» ШЖҚ РМК-нің «Оңтүстікауызсу» филиалы, «Сарыағаш ТСЖ» өндірістік бөлімшесінің басшысы Б.Қалдыбаев қатысты. Жиын барысында ауыз сумен, электр жарығымен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Көшпелі кездесуде аудан әкімі Арман Абдуллаев әрбір тұрғынды мұқият тыңдап, ауыз су мәселесін оңтайлы шешу мақсатында арнайы жобалаушы мекеме «Улмад» ЖШС тарапынан жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатқанын және сараптаманың қорытындысын алу үшін тиісті жұмыстар атқарылғанын жетікізіп, аталған жұмыстар өзінің жіті бақылауында екенін атап өтті. Сонымен қатар электр жарығы бойынша аудан басшысы «Самал-2» мөлтек ауданы,…

Read More

Түркістан облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасы аясында 49 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысанының құрылысы жоспарланған. Оның ішінде, облысқа қарасты елді мекендерде 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік пункт, 6 медициналық пункт бой көтермек. Бұл нысандардың құрылыс барысы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қатаң бақылауында тұр. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жауапты сала басшылары және мердігер мекеме өкілдерімен бірге Ұлттық пилоттық жоба аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарды пысықтады. Жобаның маңыздылығына тоқталып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар міндеттеді. – Президенттің тікелей тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасының маңызы орасан. Бұл – мемлекеттік ғимарат. Құрылыс жұмыстары аса жауапкершілікті талап етеді.…

Read More

Apple компаниясы бүгін iPhone операциялық жүйесінің биылғы ерекшелігі – iOS 18 нұсқасын ұсынды. iOS 18 негізгі экранды теңшеудің жаңа құралдарын ұсынады. Қолданба белгілері енді қараңғы режимде болады және пайдаланушылар оларды бірегей көрініс жасау үшін теңшей алады. Қолданбаларды енді Android жүйесінде ұзақ уақыт бойы жүзеге асырылып келе жатқандай, «Басты экранда» еркін жылжытуға болады. Жаңа нұсқада басқару орталығы қайта жасақталды және кеңейтілген теңшеу опцияларына ие болды, сондай-ақ жаңа галерея пайда болды. Әзірлеушілер енді басқару орталығындағы қолданбаларынан құралдарды ұсына алады. Кез келген қолданбада Face ID құлыптауға болады. Пайдаланушылар Face ID арқылы құлыпталған қалтадағы қолданбаларды жасыра алады. iOS 18 жүйесінде құлыптау экранының бұрыштарындағы түймелерді өзгертуге болады. Қолданбаларды жасыру…

Read More

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов ауданның спортшысы, бокстан әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосыновты арнайы қабылдады. Жүрекжарды құттықтауын жеткізіп, алдағы Париж қаласында 2024 жылдың 26 шілде – 11 тамыз аралығында өтетін 33-жазғы Олимпиада ойындарында Көк Туымызды желбірете беруіне сәттілік тіледі. – Биыл Италия елінің Бусто-Арсицио қаласында өткен лицензиялық турнирде 4 рет жекпе-жек өткізіп, Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алып, жоғары жетістікке қол жеткізген болатынсыз. Олимпиада ойындарына осымен қатарынан екінші мәрте баратын отандық спортшы ретінде барша аудан халқы Сізге сенім артып отырмыз. Бұл жолы да аламан сайыста қоржыныңызға алтын салып қайтатыныңызға сенемін, – деді аудан әкімі. Бұдан бөлек, әлемдік бәсекеде жеңіс…

Read More

Екіжақты келіссөздерден кейін Мемлекет басшысы мен Корея Республикасының Президенті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасады. Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, шақыруын қабыл алып, сапармен келгені үшін Президент Юн Сок Ёльге шынайы ризашылығын білдірді және бұл күнді қазақ-корей достығы жылнамасындағы айтулы оқиға деуге толық негіз бар екенін айтты. – Біз Корея басшысының осы мемлекеттік сапарына айрықша мән береміз. Бұл екіжақты қарым-қатынастың деңгейі жоғары екенін көрсетеді. Мен елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты жоғары бағалаймын. Бүгін біз кеңейтілген стратегиялық әріптестігімізді одан әрі дамытуға уағдаластық. Өзара ықпалдастықтың жаңа бағыттарын айқындадық. Ең бастысы, бір-бірімізге әрқашан тілеулес екенімізді таныттық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Қазақстан Президенті екі ел сауда-экономика…

Read More

Бүгін Түркістан облысы әкімдігінде «Е-Өтініш» платформасында ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің аспектілері мен перспективалары туралы оқыту семинары өткізілді. Оқыту семинарына 230-дан аса аудан, қала әкімдіктері мен облыстық басқармалардың бөлім басшылары мен қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар оқыту семинарына ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша Өтініштерді талдау және бақылау бөлімі, Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты және «Бітімгер медиаторлар» қоғамдық бірлестігінің өкілдері шақырылды. Облыс әкімі аппараты өтініштердің қаралуын бақылау бөлімінің тарапынан 2024 жылдың 5 айының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардан түсетін өтініштердің қаралуына талдау жасап, бірқатар бұзушылықтар мен кемшіліктер туралы баяндады. 2024 жылдың 5 айына…

Read More

Түркістан облысының құрылғанына 6 жыл толуына орай ересектер арасында Кентау қаласында өткен Президенттік көпсайыстан Түлкібас ауданының құрама командасы облыс чемпионы атанды. Күннің ыстығына қарамастан спортшылар 3 шақырым қашықтыққа жүгіру, жүзу, 100 метр жылдамдыққа жүгіру және қашықтыққа секіру сынды спорт түрлерінен 5 жас ерекшеліктері бойынша сынға түсті. Нәтижесінде түлкібастықтар ұпай есебімен өңіріміздің барлық аудан, қалаларының құрамаларынан айқын басымдықпен озып, жеңімпаз болды. Екінші орынға кентаулықтар ие болса, үшінші орынға Мақтаарал командасы ие болды. Жарыс нәтижесімен жүлделі орындардан көрінген командалар Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы тарапынан кубок, медаль және алғыс хаттармен марапатталды.

Read More

Бәйдібек ауданы «Тау шыңы» демалыс лагерінде балалардың жазғы демалыс маусымының ашылу салтанаты өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев, аудандық мәслихаттың төрағасы Имангелді Түймебаев қатысып, маусымның басталу сәтімен құттықтап, лагерь жұмысына сәттілік тіледі. Жаңа оқу жылы басталғанға дейін, үш айлық демалыстарын тиімді өткізу мақсатында биылғы жылы Бәйдібек ауданында «Тау шыңы» демалыс лагеріне 1000 балаға, қала сыртындағы лагерлерге 1001 балаға жолдама берілген болатын. Сонымен қоса, қазіргі таңда «Қазақстан халқына» қоғамдық қорынан бөлінген жолдамамен аудандағы 81 бала Түлкібас ауданындағы «Машат-Арасан» жазғы сауықтыру лагерінде демалуда. Жазғы лагерлерде оқушылар демалумен қатар, білім көкжиектерін кеңейтіп, шығармашылыққа бейімделетін болады. Ұстаздар жоспарға сәйкес топтармен жұмыс жасап, балалардың шығармашылық,…

Read More