Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
  • Безопасная школа: в Шымкенте 500 школьников встретились с главой полиции
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ТҮРКІСТАНДА «NEKE TOUR» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ
Арнайы жобалар

ТҮРКІСТАНДА «NEKE TOUR» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

authorBy author21 июня, 2024Комментариев нет1 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Бүгін Түркістан қаласында «Neke tour» республикалық байқауы басталды. Биыл екінші рет қатарынан ұйымдастырылған байқауға 100-ге жуық жұп өтінім жіберді. Байқауға ресми некедегі және өтініш берерде неке қию туралы куәлігі бар, жасы 18-ден асқан жұбайлар қатысты. Іріктелген 20 жұп «Шаңырақ», «Махаббат», «Ару», «Жанұя» номинацияларымен марапатталып, ұйымдастырушылар тарапынан түрлі сыйлықтарға ие болды.
Атап айтқанда, бас жүлде – «Шаңырақ» номинациясының иегері Түркістанға бару және қайту, қонақ үйде тұру, кешкі ас және фотосессия мен дәстүрге сай неке қиюға жолдама алды. Сонымен қатар өзге де номинацияға ие болған жұптар да белгіленген сый-сияпаттарға ие болды. Қатысушылар үшін киелі өңірде неке қиюдың барлық жөн-жоралғысы дайындалды.
Алғашқы күні қала имамдары жұптардың некесін қиып, отбасылық қадамдарына ашық жол тіледі. Халқымызда неке – қасиетті ұғым, беріктік шарты, отбасы құрудың негізі екенін алға тартып, отбасылық өмірде арадағы сыйластық, құрмет, адалдық қасиеттерін сақтаудың маңыздылығын айтты. «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығының бас директоры Серік Сандыбаев қатысушылардың Түркістанда неке қиюға деген белсенділігіне алғыс білдіріп, екі күн қатарынан жас жұбайларды қызықты мәдени және экскурсиялық бағдарлама күтіп тұрғанын айтты.
Жалпы еліміздің түкпір-түкпірінен рухани мекенде неке қиюға ниет білдірушілер қатары аз емес. «Neke tour» неке қию рәсіміне Астана, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Атырау, Кентау және Түркістан қаласы мен облысынан өтінімдер келіп түскен болатын. Өтінім берушілер, өмірлеріндегі ерекше күнде рухани мекенде неке қию – көптен ойлаған тілектері екенін айтты. Өйткені жұптар тек некесін қиып қана қоймай, Түркістан облысының көрікті жерлеріне саяхат жасап, маңызды күнді есте қаларлықтай етіп өткізеді. Атап айтқанда, іс-шараның екінші күнінде танымдық және экскурсиялық бағдарлама ұйымдастырылып, қатысушылар Арыстан баб және Гаухар ана кесенесі мен Отырар қалашығы, Отырар музейінің тарихымен танысады.
Аталған іс-шараны дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіп, өңірдегі салт-дәстүрлерді ұмыт қалдырмай және оған бүкіл ел тұрғындарын қатыстыра отырып, маңыздылығын сақтап қалу жоспарланған.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.