Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ӨЗБЕКСТАННЫҢ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫН АРАЛАП, КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ӨЗБЕКСТАННЫҢ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫН АРАЛАП, КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ

authorBy author24 июня, 2024Комментариев нет0 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Түркістан өңірінде облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өндірісті дамыту, инвестиция тарту, жұмыс орындарын ашу бағытында ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Сонымен бірге шет мемлекеттердің өндірістегі тәжірибелері зерттеліп, келіссөздер жалғасуда. Түркістан облысының делегациясы жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту мақсатында Өзбекстан Республикасының Ташкент, Самарқанд, Жызақ өңірлеріндегі мата-тоқыма кәсіпорындары басшыларымен кездесіп тәжірибие алмасты.
Келіссөздер жүргізіліп, осы салада әріптестік орнатылды. Тоқыма саласындағы танымал «SAFF TEXTILE» ЖШС, «Afrasiab jeans textile» ЖШС, «Aya textile» ЖШС, «VIRTUS Tricot» ЖШС, «Daka Tex» ЖШС және «Samarqand euro asia textile» компанияларымен келісімдер жасалды.
Түркістандық делегация Өзбекстанның бірнеше аймағында кездесулер өткізді. Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Абдразақова аймақтың инвестициялық әлеуеті, экономикалық дамуы туралы баяндама жасап, жеңіл өнеркәсіп саласында әріптестік орнату бағытындағы жұмыстарды жандандыра түсуді ұсынды. Бірлескен жобаларды іске асыру шеңберінде «Өзтекстильпром» қауымдастығы мен Түркістан облысының өкілдері арасындағы ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі мәселелер мен ұсыныстарды талқыланды. Өзбекстанның тоқыма саласы кәсіпорындарының жұмысын көру, тәжірибе алмасу жолдары қаралды. Ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою мәселесі де сараланды.
Айта кетейік, Түркістан облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасы тоқыма және тігін-тоқыма өнеркәсібі кәсіпорындарының қауымдастығы» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер бірлестігі ресми тіркеуден өтіп жатыр. Мақсат – Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсіпті дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған жол картасын орындау, облыста жұмыссыздар санын азайту, жеңіл өнеркәсіп саласында жаңа инвестициялық жобаларды ашу және инвестиция тарту.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.