Түркістан облысын дамыту бағытында тұрғындардың ұсыныстары ескеріледі. Сондықтан облыс әкімі мен орынбасарлары бекітілген кестеге сәйкес өңір халқын жеке қабылдап, ұсыныстарын қарауда. Бұл жолы тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов тыңдады. Кездесуге келген азаматтар бірқатар мәселе көтерді. Басым бөлігі мемлекет тарапынан тұрғын үймен қамтуды сұрады. Оларға тұрғын үй кешендері бой көтеріп жатқаны және баспана заң аясында тек кезек реттілігімен берілетіні айтты. Сондай-ақ жалдамалы пәтер ақысына мемлекет тарапынан субсидия алуға өтінім беру жолдары түсіндірілді. Айта кетейік, қазіргі уақытта облыс орталығы Түркістан қаласында тұрғын үй кезегінде 16 мыңнан астам азамат тұр. Түркістан қаласының тұрғыны үйіне газ тарту және жол салу…
Автор: author
Түркістан өңірінде облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өндірісті дамыту, инвестиция тарту, жұмыс орындарын ашу бағытында ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Сонымен бірге шет мемлекеттердің өндірістегі тәжірибелері зерттеліп, келіссөздер жалғасуда. Түркістан облысының делегациясы жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту мақсатында Өзбекстан Республикасының Ташкент, Самарқанд, Жызақ өңірлеріндегі мата-тоқыма кәсіпорындары басшыларымен кездесіп тәжірибие алмасты. Келіссөздер жүргізіліп, осы салада әріптестік орнатылды. Тоқыма саласындағы танымал «SAFF TEXTILE» ЖШС, «Afrasiab jeans textile» ЖШС, «Aya textile» ЖШС, «VIRTUS Tricot» ЖШС, «Daka Tex» ЖШС және «Samarqand euro asia textile» компанияларымен келісімдер жасалды. Түркістандық делегация Өзбекстанның бірнеше аймағында кездесулер өткізді. Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Абдразақова аймақтың инвестициялық әлеуеті,…
Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың базасында орналасқан бірегей ботаниқалық бақ – аймақ үшін баға жетпес байлық. Бүгінде 88 гектар аумақты алып жатқан ботаниқалық бақта декоративті және жеміс талдарының 150-ге жуық түрі мен сорты бар. Жылдағы дәстүрге сай, жаз мезгілінің алғашқы күнінен оқу ордасының ботаникалық бағындағы жеміс ағаштары өнім бере бастайды. Бұған дейін де бақтағы шие ағаштарының өнімдері жиналып, жидектен жасалған шырын университет факультеттеріне таратылған болатын. Енді, міне, биылғы маусымның піскен өріктерін жинау және өңдеу жұмыстары да бастау алды. Бақтың жалпы аумағының 15 гектарында өрік ағаштары егілген. «Инновациялық технологиялар негізінде биоресурстарды коммерциялық игеру арқылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың ботаникалық бағының бағалы гендік…
Түркістан облысында елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, халықты әлеуметтік жұмыспен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл мәселе өңір басшысы Дархан Сатыбалдының тұрақты бақылауында. Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен барып, ауданда жүргізіліп жатқан маңызды нысандардың құрылыс барысымен танысты. Мердігерлер, бас жобалаушылар, техникалық қадағалаушылар, жауапты басқарма өкілдеріне құрылыс кестесінен кешікпеу, жұмысшы күшін екі есе көбейту, құрылыс сапасына аса мән беруді тапсырды. Егер мерзімнен кешігу немесе құрылыс сапасы төмен болған жағдайда айыппұл салынатыны ескертілді. Алдымен аудандық білім бөліміне қарасты «Толағай» лагеріне барды. Жазғы сауықтыру лагері биылғы 3 маусымда жұмысын бастаған. Қазіргі таңда мұнда ауысымдағы 200 оқушы демалуда. Жалпы жаз…
Бүгін Түркістан қаласында «Neke tour» республикалық байқауы басталды. Биыл екінші рет қатарынан ұйымдастырылған байқауға 100-ге жуық жұп өтінім жіберді. Байқауға ресми некедегі және өтініш берерде неке қию туралы куәлігі бар, жасы 18-ден асқан жұбайлар қатысты. Іріктелген 20 жұп «Шаңырақ», «Махаббат», «Ару», «Жанұя» номинацияларымен марапатталып, ұйымдастырушылар тарапынан түрлі сыйлықтарға ие болды. Атап айтқанда, бас жүлде – «Шаңырақ» номинациясының иегері Түркістанға бару және қайту, қонақ үйде тұру, кешкі ас және фотосессия мен дәстүрге сай неке қиюға жолдама алды. Сонымен қатар өзге де номинацияға ие болған жұптар да белгіленген сый-сияпаттарға ие болды. Қатысушылар үшін киелі өңірде неке қиюдың барлық жөн-жоралғысы дайындалды. Алғашқы күні қала…
Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экоакциясы басталған болатын. Бір ай көлемінде өткізілген тазалық шараларына еліміздің әрбір өңірі атсалысты. Түркістан облысы да бұл шарадан тыс қалған жоқ. Акция аясында «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» апталықтары өтті. Жалпы 5 апталықта абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары күнделікті жүргізілді. Жалпы облыс бойынша науқан аясында 1 408 ауқымды іс-шара өтті. Бұл жайында облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбеков брифингте мәлімдеді. «Акция басталғалы 74 мыңға жуық тұрғын мен 1 700-ге тарта техника сенбіліктерге жұмылдырылып, 4 мың тоннадай қоқыс шығарылды. Сондай-ақ, 18 мың шақырым жолдардың бойы…
Талдау жұмыстарының қорытындысы бойынша 2023-2024 жылдары 2 мыңнан аса Түркістан облысы тұрғындарының шамамен 650 млн теңгеге жуық қаржысын қаржылық пирамидалар заңсыз иемденген. Аталған іс бойынша 22 күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, жәбірленушілерге келтірілген залалдың 233 млн теңгесі қайтырылды. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев брифингте мәлімдеді. «Қаржылық пирамидалардың алдын-алу мақсатында департамент «Аймап» ақпараттық жүйесі арқылы қауіптілігі бар 10 мыңға жуық «Instagram» аккаунтын анықтады. «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы қаржылық пирамида және заңсыз ойын бизнесінің күдік қаупі бар 180 аккаунт, сайт, «WhatsApp» топтар бұғатталды. Халық арасындағы кеңінен таралған қаржылық алаяқтық және экономикалық қылмыстар деңгейін төмендету…
Экологияны қорғау, тазалықты сақтау, туған жерді көркейту мен көгалдандыруға баса мән беру бастамасымен Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны қарқынды жүргізілуде. «AMANAT» партиясы аудандық филиалының бастамасымен «Таза бейсенбі» науқаны аясында тазалық жұмыстары «Түркістан-Шымкент» бағытындағы магистральді автомобиль жолының бойында жалғасын тапты. Аталған шараға Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Баймахан Сүлейменов, аудан әкімінің орынбасары Ербол Жанғазиев, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Сағынбек Асылбеков пен «Жасыл Сауран» қызметкерлері және ауылдық округ тұрғындары тазалық жұмыстарын жүргізуге атсалысты. Сенбілікке 4 техника мен 80-ге жуық азамат қатысты. Онда жол бойлары мен айналасын тазартып, ағаштар суарылды. Ретсіз өскен шөптер алынып, қатты тұрмыстық қалдықтар тазартылды.
Төтенше жағдайлар департаменті суға батқандардың 95%-ы тыйым салынған орындарда тіркелетінін мәлімдейді. Суға шомылу мен демалуға рұқсат етілген орындар жылдан жылға ұлғайтып келеді. Жазғы кезеңде қайықтармен және құтқару құралдарымен жабдықталған мобильді бекеттер қояды. Олар су айдындарына кезекшілік атқарып, патруль жүргізу жұмыстарын жүзеге асырады. Атап айтқанда, құтқарушылар суға шомылу маусымы басталғалы 3 адамды құтқарды. Бүгінде демалушылар гидроциклдерді белсенді түрде пайдаланады, ал оларды қауіпсіздік ережесіне бағынбай пайдалану адам өміріне қатер төндіруі мүмкін. Кәсіпкерлік Кодекске сәйкес Министрлік жағажайларға тексеріс жүргізуді, олардың аумағында адам өлімі фактілері тіркелген жағдайда ғана жүзеге асыра алады. Осыған байланысты демалыс орындарының инфрақұрылымына бақылау күшейтіледі. Маңызды міндеттің бірі – балалардың қауіпсіздігі. Балалар…
«АМАNAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қуаныш Адырбекұлының бастамасымен, Сайрам ауданы, Жібек Жолы ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтті. Тазалық науқаны барысында ауданға қарасты Жібек Жолы ауылдық округі, Машат елді мекені, Ысқақ ата көшесін бойының 1,2 шақырымы және Машат өзенінің 1,5 шақырым жағалауы табиғат тұнығын ластаған қатты қалдықтардан тазаланды. Сондай-ақ Сиқым баба алаңы бейберекет тасталған күл-қоқыстан арылды. Аталған іс-шараға партия және Жібек Жолы ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлері, аудандық Жастар ресурстық орталығы коммуналдық мекемесі және «Жастар Рухы» жастар қанаты мүшелері және БАҚ өкілдері жалпы 50-ге жуық азамат атсалысты. Айта кетейік, «Таза бейсенбі» республикалық экологиялық акциясы аудан аумағында апта…
