Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • Шымкентте медицина саласы өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдау білдірді
  • Шымкентте этномәдени бірлестік өкілдері жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ТҮРКІСТАН: САУРАНДАҒЫ ҚЫШ КҮЙДІРЕТІН КӨНЕ ПЕШТЕР МЕН «СЫРДАРИЯ-ТҮРКІСТАН» ТАБИҒИ ПАРКІНІҢ ТУРИСТІК МҮМКІНДІГІ АРТАДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН: САУРАНДАҒЫ ҚЫШ КҮЙДІРЕТІН КӨНЕ ПЕШТЕР МЕН «СЫРДАРИЯ-ТҮРКІСТАН» ТАБИҒИ ПАРКІНІҢ ТУРИСТІК МҮМКІНДІГІ АРТАДЫ

authorBy author1 июля, 2024Комментариев нет0 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Түркістан маңындағы Қарашық өзенінде маусым айынан бері қазба және барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгін аталған тарихи орынға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы барып, тарихшылармен, туризм өкілдерімен пікір алмасты. Мақсат – аталған көне пешті қорғап, зерттеп, туристік және тарихи орынға айналдыру.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Археология және антропология институтының бас ғылыми қызметкері т.ғ.д. профессор Мадияр Елеуов Сауран ауданындағы көне Қарашық-2 қаласының өмір сүрген уақытын анықтау мақсатында көлемі 3×1 метр, тереңдігі 5 метр қазба жүргізіліп, қаланың жасын анықтайтын заттай деректерге қол жеткізілгенін айтты. Қарашық өзенінен өтетін көпірдің жанынан қыш күйдіретін пештің орны анықталып отыр.
– Бұл – құнды әрі қызықты археологиялық олжа. Қыш өндірісі болғанының дәлелі. Сондықтан Қарашық өзені бойындағы бір-екі пеш орнын қазып, оны қорғап, туризм орнына айналдыру керек. Осыған қолдау күтеміз, – дейді ол.
Облыс әкімі жауапты басқарма басшысына осы мәселені зерделеп, тиісті ұсыныс беру жөнінде тапсырма берді.
Табылған құмбыздың іргесі бұзылмай сақталған. Қай ғасырда екені енді анықталады. Ғалымдар Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің кірпіші осы пеште құйылған болуы мүмкін деген болжамды да зерттеп жатыр. Археологтар әзірге бір пешке қазба жұмыстарын жасаған. Ал маңында тағы да пештер бар.
Осы күні өңір басшысы «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі аумағына барды. Жауапты басқарма басшылығы тарапынан парктің қазіргі жұмысы, жай-күйі туралы мәлімет берілді. Дархан Сатыбалды Сырдарияның бойында орналасқан табиғаты ғажайып орынның туристік әлеуетін көтеріп, тартымдылығын арттыру бағытында жоспар жасап, ұсыныс беру жөнінде міндет жүктеді. Жауаптыларға тапсырмалар берді.
– Бірінші міндет – табиғатты қорғау. Екіншіден, «Сырдария-Түркістан» өңірлік паркінің де туристік мүмкіндігін пайдалану керек. Зерделеп шығыңыздар. Жобалар ұсынылып, тиісті жұмыс жүргізілсін, – деді Дархан Сатыбалды.
Бұл өңірлік паркті құрудың негізгі мақсаты – Сырдария мен Арыс өзендерінің жайылмасының және Боралдай жотасының сирек кездесетін тау етегі мен таулы табиғи кешендері ландшафттарын табиғи қалпында сақтау, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық ағарту, ғылыми-танымдық іс-шараларға пайдалану. Сонымен бірге ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар туристік және рекреациялық мақсаттарда қолдану да көзделген. Бұл – Қазақстандағы Тоғай кермаралының популяциясы қалпына келтіріліп жатқан жалғыз өңірлік парк. Сонымен бірге экотуризмді дамыту, тұқымбақтар жасақтауда да аталған парктің үлесі бар.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

5 февраля, 2026

Шымкент қаласының әкімдігінде жаңа Конституция жобасы талқыланды

2 февраля, 2026

ЖАСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

2 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.