Автор: author

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды елімізге танымал продюсер, тележүргізуші, актер Нұрлан Қоянбаевты қабылдады. Кездесуде Түркістан өңірінде киноиндустрия мен креативті экономиканы дамыту бағытында жан-жақты талқылап, жаңа жобаларды қарап шықты. Облыс басшысы өңірдің мәдениетін дамытуға бағытталған жаңа жобаларды қолдауға дайын екенін жеткізді. – Сіздерді Түркістан облысында көргеніме қуаныштымын. Өзіңізге белгілі, қазіргі таңда Түркістан облысы еліміздің қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің бірі және үлкен инвестициялық әлеуетке ие. Тарихы терең Түркістан өңірінде мәдениет пен туризм саласына да аса мән беріліп келеді. 2021 жылы Түркістан «Түркі әлемінің рухани астанасы» атанса, 2024 жылы Түркістан «Түркі әлемінің туристік астанасы» статусына ие болды. Қай салада болмасын Түркістанда бірлескен жобаларды…

Read More

Жалпы Түлкібас ауданында алма бау көлемі 3 мың гектарды құраса, соның ішінде 7 жүз гектардан астамын қарқынды бау алқабы алып жатыр. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың су үнемдеу технологияларын пайдаланып, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін арттыру тапсырмасына сәйкес, биыл Түлкібас ауданында 55 гектар жерге тамшылатып суғару технологиясы енгізілген қарқынды алма бау отырғызылды. Оның 25 гектарына көшетті Жабағылы ауылдық округіне қарасты «Алмалы сай» ЖШС ерте көктемде отырғызса, қалған 30 гектарын Шақпақ ауылдық округіне тиесілі «Кентау» ЖШС бүгінгі таңда отырғызуда. Аталған жұмыстардың барысымен танысу мақсатында, «Кентау» ЖШС-не аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Марат Жанесен, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Қуатбек Еркебаев, округ…

Read More

Солтүстік Қазақстан облысындағы көктемгі су тасқыны кезінде қызмет атқару барысында 2024 жылы 2 сәуірде қаза тапқан Сайрам аудандық №6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау прапоршигі Бекжан Балдановтың ерлігі Мемлекет басшысы тарапынан еленді. Марқұмның рухына құрмет көрсетілген шараға ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат басшысы Ерғали Бахаев, Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы Бекболат Турекулов, аудан әкімі Арман Сәбитов, Сайрам аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Мұхан Баймбетов және жеке құрам қызметкерлері қатысты. Шараға қатысушылар ел амандығы жолында жанын пида еткен өрт сөндірушіні бір минут үнсіздікпен еске алып, туған-туыстарына көңіл айтты. Оның батыл да батыр іс-әрекеті мен бейнесі мәңгі…

Read More

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған делегация Татарстан Республикасына жасаған жұмыс сапары аясында Иннополис қаласына барды. Иннополис қаласының мэрі Дмитрий Вандюковпен және Университет директорының орынбасары Искандер Бариевпен кездесіп, заманауи білім ордасымен танысты. Ғылым мен IT технологияларды дамытуды, жасанды интеллект пен робототехника саласындағы және инновациялық аумақтарды құруда тәжірибесімен бөлісу ынтымақтастығын қарастыру туралы талқылады. Иннополис университеті ақпараттық технологиялар және робототехника саласындағы білім беру мен зерттеулерге маманданған жоғары білім беру ұйымы. Заманауи ЖОО-да барлық академиялық бағдарламалар ағылшын тілінде жүргізіледі, ал мамандықтар ақпараттық технологиялармен тығыз байланысты. Университет Ресейдегі 300-дей жетекші IT-компаниялармен біріккен 17 зертханасы мен 9 даму орталығы бар ғылыми орталық. Оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі.…

Read More

Жасөспірімдерді ересек өмірге дайындауға бағытталған арнайы бағдарлама қажет. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысында айтылды. Өйткені елімізде кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктілік көбейген. Қала әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Сәрсен Құранбектің жетекшілігімен өткен мәжіліске басқарма басшылары және жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Сәрсен Абайұлы комиссия мүшелерінің жаңа құрамымен таныстырып, алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеу керектігін баса айтты. Бұл мәселені қаншалықты жиі көтерілгенімен, шешу жолы, статистика төмендеген емес. Керісінше жағдай анағұрлым қиындаған. Отырыста мектеп жасындағы оқушыларға, ата-аналарға жекелей кеңес беру және іс-шаралар ұйымдастырылғаны айтылды. — Білім беру ұйымдарында ертежүктіліктің алдын алу мақсатында…

Read More

Шымкент қаласының ресми және іскерлік делегациясының сапары аясында Қытайдың Сиань қаласында Бас консулдықтың қолдауымен бауырлас қалалалардың кәсіпкерлерінің қатысуымен сауда-экономикалық форум өтті. Сондай-ақ, Шымкенттің 20-ға жуық компаниясы мен Қытайдың 30-дан астам кәсіпорын өкілдері арасында B2B-кездесулер өтті. Шымкент бизнес-делегациясының құрамына денсаулық сақтау, IT, электр жабдықтарын өндіру, құрылыс материалдары, металлургия, тамақ және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, білім беру, қоғамдық тамақтану және т. б. салалардағы бизнес өкілдері қатысуда. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысушыларды құттықтап, екі елдің экономикалық ынтымақтастығы мен іскерлік серіктестігінің оң динамикалық өсуін атап өтті. «Бүгінгі кездесулер сындарлы ынтымақтастыққа ықпал етіп, екіжақты жаңа жобаларды іске асыру перспективаларына жол ашатынына сенімдімін. Сиань «Бір белдеу-бір…

Read More

Түркістан білім-инновация лицейінің оқушысы Абдурахманов Ислам әлемнің 40 университетіне грант жеңіп алды. Ол БАӘ, АҚШ, Англия, Польша, Малайзия, Швейцария мемлекеттеріндегі қалаған жоғары оқу орнының студенті атана алады. Ислам 7-ші сыныптан бастап түрлі білім сайыстарында жетістіктерге қол жеткізді. Интеллектуалды жарыстарды негізге алып, олардың ішінде шахматпен ерекше айналысты. Соның аясында қалалық және облыстық деңгейде өткен түрлі жарыстарда алтын мен қолаға қол жеткізді. «8-ші сыныпта айти саласына қызығушылығымды оятып, жаңа бағытқа қадам бастым. Бұл салада республикалық деңгейде өткен «Hackathon» атты жарыстан алтынға қол жеткіздім, осы іс шарада алған тәжірибем Қазақстандағы білім олимпиадасынан. бірінші орын иеленуіме себепкер болды. 9-шы сыныпта қоғамдық істермен айналысамын деп шештім.…

Read More

Түркістанда «Turk youth talent» облыстық талантты жастар байқауы өтті. Алғашқы іріктеу кезеңіне 200-ден астам өнерпаз өтінім білдірсе, олардың арасынан іріктеліп шыққан 50-ге жуық талант келесі кезеңге жолдама алған. Финалға 15 қатысушы өтіп, бойындағы өнерін көпшілікке паш етті. Сайысты Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының Жастар ресурстық орталығы мен «Серпіліс» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған. Байқау мақсаты – ел арасындағы табиғатынан ерекше таланттарды табу. Шығармашылық ізденісін ұлғайтып, дарынды жастардың шеберлігін шыңдау. Талантты жастарды қолдау, елге таныту. Таланттар сайысында Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласы сазды-драма театрының басшысы Алиев Арман, «Серпіліс» қоғамдық бірлестігінің басшысы Нарымбетова Бейсенкүл, қоғам белсендісі, блогер Айтаханова Айгерім, Түркістан қалалық мәслихат депутаты Худияров Ғалымжан…

Read More

Түлкібас ауданында облыстық Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында сенбілік өтті. Іс-шараға аудан әкімдігіне қарасты ауылдық округ, кенттер мен дербес бөлімдерден құралған 25 мекеменің мамандары мен ақылы қоғамдық негіздегі жұмысшылар және басқарма қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ 15 дана күл-қоқыс шығаруға арналған арнайы техника жұмылдырылды. Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбеков пен аудан әкімінің міндетін атқарушы Марат Жанесен әр мекемеге 10 шақырымнан астам жол бойын бөліп, шөп ору, қураған талдарды кесу және күл-қоқысты жинау сынды жұмыстардың сапалы орындалуын бақылады. Сонымен қатар Машат шатқалында өткен сенбілікте спорттың бірнеше түрінен жарыстар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, сенбілікке қатысушылар «арқан…

Read More

Татарстанның Қазан қаласында БРИКС+ елдері қалаларының халықаралық форумы өтті. Оған Үкімет делегациясы құрамында арнайы барған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Татарстан Республикасының Раисы Рустам Миннихановпен кездесті. Облыс әкімі Түркістанның Түркі әлемінде өзіндік орны бар рухани орталық екенін айтып, аймақтың индустриалды әлеуеті мен инвесторларға жасалатын жеңілдіктер жөнінде баяндап берді. Қазақстан мен Татарстанның бауырлас елдер екеніне тоқталған Дархан Сатыбалды сауда-экономикалық байланысты нығайту, инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы мен ІТ саласында тәжірибе алмасу және өзге де мәселелерді талқылады. Өзара әріптестікті нығайту жөнінде келісімге қол жеткізілді. Татарстан басшысы екі елдің рухани байланысы тереңде екеніне тоқталып, сауда мен экономикалық байланыстарды тереңдете түсуге мүдделі екенін жеткізді. Қазақстандық делегацияға…

Read More