Автор: author

Түркістан облысында әлеуметтік нысандардың құрылысы жалғасып жатыр. Бұл ғимараттардың сәулеті мен сапасы, орындалу мерзімі қатаң бақылауға алынған. Бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен облыстық құрылыс басқармасының алдағы жоспарлары талқыланған жиын өтті. Облыс әкімі жауапты басқарма мен аудан, қала әкімдеріне әрбір құрылыс нысанын жіті қадағалап, тиісті жұмыс атқаруды тапсырды. – Облыс бойынша атқарылып жатқан құрылыс нысандарының сараптамасы жасалуы тиіс. Нысандардың құрылысы кестеге сай ма? Уақтылы аяқтала ма? Қайсысы кешігіп жатыр? Осы және өзге де сұрақтардың жауабы қолдарыңызда болуы керек. Аудан, қала әкімдері әрбір мердігермен жеке-жеке жұмыс жүргізіп, құрылыс барысын қадағаласын. Мемлекеттің қаражатына салынып жатқан нысандар уақтылы ел игілігіне берілуі қажет. Мәдениет, спорт…

Read More

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары – Темір Қырықбаев пен Нұрсұлтан Байтілесов Түркістан облысының аудан, қалаларын аралап, халықпен кездесіп, сайлауалды бағдарламаның орындалу барысын қадағалаған болатын. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыхалық қалаулыларын арнайы қабылдап, өңірдің дамуы жөнінде пікір алмасты. Облыс әкімі аймақты дамыту бағытындағы жұмыстарды баяндады. Өндіріс орындарын ашу, ауылдардың инфрақұрылымын жақсарту, ауыз сумен және газбен қамту, мектептер мен әлеуметтік нысандар салудағы жұмыстарды баяндап, Түркістанның инвестициялық әлеуетін көтеру шараларына тоқталды. Жергілікті бюджет пен кіріс көлемін ұлғайту мәселесі де назардан тыс қалмады. Сонымен бірге ағын су саласындағы түйткілдер де сөз болды. Депутаттар қалалар мен елді мекендерді аралау барысындағы халық тарапынан айтылған мәселелер туралы ой…

Read More

Оқиға 3 шілде күні түстен кейін болған. Сағат 14.30 шамасында Шымкент қаласының Еңбекші ауданында қоғамдық тәртіпті қадағалау кезінде Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінің жауынгерлері көпір қоршауының сыртында жас қыздың тұрғанын көреді. Қауіпті түсінген әскери жасақ рация арқылы көпірге жақын жерде қызмет атқарып жүрген патрульдік топ бастығы қатардағы жауынгер Раулан Өтебаевқа шұғыл ақпарат береді. Ол дереу патрульші жауынгерлер Арыстанбек Анарбай мен Дулат Ауғанбаевты ертіп, аталған орынға жедел келеді. — Көпірден секіруге тырысқан қызды көргенде, бірден оған бет алдық. Осы уақытта ол көпір қоршауының сырт жағында тұрды. Жақындай бергенімізді көріп, көпірден секіремін деп қорқытты, – дейді Раулан. Ұландықтар қызбен ақырын сөйлесіп, оны…

Read More

Тәуелсіздік сарайында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтті. Отырыс басталарда делегация басшылары Беларусь Республикасын Ұйым құрамына қабылдау және оған ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін беру туралы шешімге қол қойды. Мемлекет басшысы бүгінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы достық, тату көршілік, теңқұқықтық және өзара қолдаудың, яғни «шанхай рухы» негізінде жұмыс істейтін мемлекетаралық қатынастардың тиімді тетігіне айналғанын атап өтті. – ШЫҰ кеңістігінде үш миллиардтан астам адам тұрады. Ұйымға экономикасы аса ірі және жылдам дамып келе жатқан мемлекеттер кіреді. Әлемдік жалпы ішкі өнімнің үштен бірі осы елдерге тиесілі. Бұл біздің Ұйымның орасан зор әлеуеті мен жаһандық рөлін айқын көрсетеді. Мүше мемлекеттердің даусы мен мүдделері тең…

Read More

Президент ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің белсенді қолдауының нәтижесінде Қазақстанның ұйымға төрағалығы кезінде түрлі деңгейде 150-ге жуық іс-шара, соның ішінде цифрлық даму, туризм, энергетика, бизнес салаларында форумдар және ШЫҰ жастар кеңесі өткенін мәлімдеді. – Ұйымның Шарттық базасы 60 жаңа құжатпен толықтырылды. Атап айтқанда, Есірткіге қарсы стратегия, Экономикалық ынтымақтастық стратегиясын іске асыру жоспары, Қоршаған ортаны қорғау саласындағы келісім, Энергетикалық ынтымақтастықты дамыту стратегиясы және басқа да құжаттар. ШЫҰ серіктестері саналатын халықаралық ұйымдардың қатары көбейді. Инвестициялар жөніндегі арнайы жұмыс тобының қызметі қайта жанданды. Ұлттық валютамен есеп айырысуға көшу үдерісі қарқынды дами бастады, – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев осы шаралардың нәтижесінде ШЫҰ кеңістігіндегі сауда-экономикалық ынтымақтастық…

Read More

– Әлемдік экономикада жағымсыз үрдістер белең ала бастады. Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша биыл жаһандық экономиканың өсім қарқыны бәсеңдейді. Әлем экономикасының өсіміне серпін беретін жаңа бағыт және мүлде басқа даму парадигмасы қажет екені анық. Сондықтан, біздің ойымызша, сауда-экономикалық кооперацияны кеңейту, капитал мен технологияның еркін қозғалысына жағдай жасау, климаттың сын-қатерлерімен күресу – Шанхай ұйымының маңызды міндеттері. Өзара сауда-саттықтың артуы ШЫҰ кеңістігі үшін ортақ үрдіске айналып келеді. Мәселен, Қазақстанның ШЫҰ елдерімен сауда көлемі өткен жылдың қорытындысы бойынша 6,5 пайызға өсті. ШЫҰ-ға мүше елдердің технологиялық базасы үлкен және экономиканың барлық маңызды секторларын дамыту үшін орасан зор нарығы бар. Арнайы салық, кеден және көші-қон режимдерінің…

Read More

– Қарқынды жаһандық өзгерістерге байланысты біздің алдымызда ШЫҰ қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған маңызды міндет тұр. Ұйым аясының кеңею үдерісі жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, оны дамытуға тың серпін береді. Еліміз ШЫҰ-ға төраға ретінде Ұйымды ынтымақтастықтың бұдан да тиімді әрі көпжақты механизміне айналдыруды көздейтін теңгерімді ұсыныстарын ортаға салды. Атап айтқанда, біз ШЫҰ Хатшылығы мен Бас хатшының рөлін күшейтуді құптаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Қазақстан Президенті айтылған барлық ұсыныс ШЫҰ-ға мүше елдерге ортақ игі мақсаттарға қол жеткізуге барынша үлес қосуға деген шынайы ниеттен туындағанын атап өтті. Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе, қолдағандары үшін Ұйымға мүше елдердің басшыларына ризашылығын білдірді. Сонымен қатар Қытай…

Read More