Жеңіл атлетика: Ольга Сафронова 200 метрге жүгіруде жартылай финалға шыға алмады. Отандасымыз жұбаныш кезеңінде өз тобында мәреге алтыншы болып жетті. Уақыт көрсеткіші – 23.70 секунд. Стенд ату: Скит бағдарламасында аралас жұптық сында бақ сынаған Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко іріктеуде 140 ұпай жинап, 12-сатыдан көрінді. Грек-рим күресі: Аса ауыр салмақтағы палуан Әлімхан Сыздықов ширек финалда Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Сабах Шариатиға (Әзірбайжан) жол берді. Есеп: 0-4. Айдос Сұлтанғали (60 кг) алғашқы белдесуінде 2 дүркін әлем чемпионы Жоламан Шаршенбековтен (Қырғызстан) жеңіліп қалды. Тартысты өткен айқастың есебі: 3-6. Олимпиаданың оныншы жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде бар.
Trending
- ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
- ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
- В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
- ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
- «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
- КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
- 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
- ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

