Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
  • Безопасная школа: в Шымкенте 500 школьников встретились с главой полиции
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ЖАЗҒЫ ОЛИМПИЯ ОЙЫНДАРЫ-2024: ЕКІНШІ ЖАРЫС КҮНІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ (29 ШІЛДЕ)
Әлемде

ЖАЗҒЫ ОЛИМПИЯ ОЙЫНДАРЫ-2024: ЕКІНШІ ЖАРЫС КҮНІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ (29 ШІЛДЕ)

authorBy author29 июля, 2024Updated:30 июля, 2024Комментариев нет2 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеудің финалында Александра Ле 6-орынға тұрақтады. Отандасымыз шиеленіске толы 165.4 ұпай жинады. Пневматикалық тапаншамен 10 метрден нысана көздеуде Қазақстан құрамасы 11-сатыдан көрінді. Олар іріктеуде 575 ұпай жинап, 11-нәтиже көрсетті. Семсерлесуші Әйгерім Сарыбай Олимпиаданың 1/16 кезеңде жарыс қожайыны франциялық Манон Брюнеден (Токио Олимпиадасының күміс және қола жүлдегері, әлем чемпионы) жеңіліп қалды. Есеп – 12-15. Садақ атудан командалық сында Қазақстан құрамасы 1/8 айналымда Италияға 4-5 есебімен жол берді. Кездесуде біздің мергендер 0-2 есебімен жеңіліп жатып, таразы басын теңестірді (2-2). Алайда шешуші сәтте қарсыластар дәлдік танытты. Академиялық ескек есуде Владислав Яковлев Париж Олимпиадасында E/F1 тобының жартылай финалында мәреге бірінші жетті. Ол жарыс жолын 7 минут, 26.20 секундта бағындырды. Дзюдошы Данияр Шамшаев (73 кг) алғашқы белдесуінде Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының жеңімпазы, әлем чемпионатының қола жүлдегері (2023) Муроджон Юлдошевқа (Өзбекстан) есе жіберді. Әйелдер арасында 100 метрге шалқалай жүзуде Ксения Игнатова өз тобында мәреге екінші болып жетті. Уақыт көрсеткіші – 1:02.51 секунд. Алайда жалпы есепте 26-орыннан көрініп, жартылай финалға шыға алмады. Теннистен ерлер арасындағы жұптық бәсекеде Александр Бублик пен Александр Недовесов алғашқы айналымда бразилиялық Тьяго Монтейро мен Тьяго Сейбот Уайлдтен екі сетте 4-6, 4-6 есебімен жеңіліп қалды. Бадминтоншы Дмитрий Панарин екінші матчта Брайан Янгтен жеңіліп, топтық кезеңнен шыға алмады. Канадалық спортшы 0-2 (18-21, 10-21) есебімен жеңіске жетті. Үстел теннисінен Ұлттық құрама көшбасшысы Кирилл Герасименко Париж Олимпиадасының 1/16 айналымында Дан Цюдан жеңісті жұлып алды. Отандасымыз бен германиялық ойыншы арасындағы матч 4-3 есебімен аяқталды. Ұлттық құраманың ең жас спортшысы Мұхамедсабыр Базарбайұлы 1/8 финалда Ханчжоудағы Жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Чу Ен Лайдан 3:2 есебімен басым түсті. Қамшыбек Қоңқабаев испан боксшысы Айюб Гадфа Дриссиден жеңіліп, Париж Олимпиадасының ширек финалына шыға алмады. Аса ауыр салмақтағы боксшымыз төрешілердің 2-3 есебімен жол берді. Олимпиаданың үшінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 2 қола жүлде бар.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ – КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚ

18 марта, 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРЫ

18 марта, 2026

РЕФЕРЕНДУМ-2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 марта, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.