Автор: author

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасы бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов бастаған делегация Қытай Халық Республикасына іссапармен барып, кездесулер өткізді. Сапар барысында Зұлпыхар Жолдасов «Henan Civil Aviation Development & Investment Group» (КХР) бас директорының орынбасары Цяо Ченмен кездесіп, облысқа инвестиция тарту, Түркістан халықаралық әуежайының әлеуетін ұлғайту, халықаралық әуе рейстері және туризм саласын дамыту бойынша мемлекетаралық келісімдерді жүзеге асыру барысын талқылады. 100 млн халқы бар Хэнань провинциясына биыл Қытайдан және шетелдерден 120 млн турист келеді деп жоспарланған. Henan Civil Aviation Development & Investment Co.Ltd (HNCA Group) компаниясы – Хэнань провинциясының авиация саласының дамуын жеделдетуге жауап беретін, авиациялық компанияларды қайта құруға…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пайдаланылмай жатқан жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың бастамасымен аудандағы игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Аудан әкімінің өкімі негізінде аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің жер қатынастары секторы тарапынан арнайы жұмысшы тобы құрылып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмей жатқан жер учаскелеріне түгендеу жүргізілген. Нәтижесінде, ауыл шаруашылық мақсатындағы игерілмеген жер учаскелерінің көлемі 351,6 га құрап, жер иелеріне Түркістан облысының жер ресурстарының басқару департаменті тарапынан тексеру тағайындау хабарламалары берілген. Соның нәтижесінде, 5 азамат 18,2 га жерді өз еркімен мемлекет меншігіне қайтарса,…

Read More

Түркістан облысының қолайлы ауа-райы ауыл шарушашылығы өнімдерін жыл бойы өсіруге мүмкіндік береді. Өңір халқы да ауыл шаруағашылығына машықтанған. 2024 жылдың 6 айдағы көрсеткіші бойынша ауыл шаруашылығы саласында оң өсім байқалады. Түркістан облысында жыл басынан бері өнім көлемі 216,9 млрд теңгені құрап, өсім 107,1%-ға жетті. Бұл – республикада жоғарғы көрсеткіш. 578,5 мың тонна ет және сүт өнімі жиналды. Нәтижесінде мал шаруашылығының өнім көлемі 171,2 млрд теңгені құрап, өсім 106,9% көрсетті. Оның ішінде, 139% – Сайрам ауданының, 132% – Қазығұрт ауданының, 125% – Кентау қаласының үлесінде. Облысқа қарасты елді мекендерде егін алқаптарының аумағы ұлғайып келеді. Өнім көлемі де артқан. Биыл 23,6 мың тонна…

Read More

Түркістан облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мен Turkistan hub «Жасанды Интеллект: Бүгінгі әлемді өзгертетін болашақ технологиялар» туралы workshop өткізді. Бұл шеберлік сағатына 20-ға жуық адам қатысты. Мастер класта жасанды интеллект арқылы чат-бот жасау, трендпен жұмыс, жасанд интеллект арқылы шетел тілдерін жаттау туралы толық түсіндірілді. Сонымен қатар мастер класс соңында сұрақ-жауап ойындары болып, түрлі сыйлықтар табысталды. Айта кетейік, бұған дейін telegram-ның шексіз мүмкіндіктері туралы воркшоп көптің қызығушылығын тудырған болатын. Ендігі кезек, шетелге оқуға түсу жолдарын түсіндіретін кездесу өткізу жоспарлануда.

Read More

Түркістанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Достық үйі» ғимаратының құрылысы жүруде. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Жаңа қала» аумағын жаяу аралап, аталған ғимараттың құрылыс жұмыстарын көрді. Нысанның кірпіші қаланып, сыртқы инженерлік желілері толық жүргізілген. Құрылысы аяқталып келеді. Облыс әкімі нысанның сапасы мен сәні үйлесім тауып, уақтылы берілуі керек екенін айтты. Мердігерге нақты тапсырмалар берді. Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығындағы жаңа үлгідегі «Достық үйі» ғимаратының жалпы алаңы – 3912,29 шаршы метр. Этносаралық татулықтың ұйытқысына айналатын жаңа ғимараттың құрылысы биыл күзде толық аяқталады деп жоспарланған. Жоба бойынша ғимарат төрт қабаттан тұрады және құрамында мәжіліс залы, этнос өкілдерінің орталықтары орналасады. Қазақстан халқы Ассамблеясының…

Read More

Түркістанда даңқты боксшы, КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері, білікті бапкер Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған бокстан ересектер арасындағы ХХХ халықаралық турнир мәресіне жетті. Апта бойы шаршы алаңда қолғап түйістірген жұдырықты жігіттердің жеңімпаздары белгілі болды. Тартысқа толы өткен бокс бәсекесіне барлық командалар жоғары дайындықпен келген. «Сен тұр, мен атайын» деген сайыпқырандар ринг көркін қыздырып, нағыз бокс бәсекесін көрсетті. Нәтижеге тоқталсақ, Түркістан облысының 6 боксшысы финалға жолдама алып, 3 алтын медальді қанжығалады. Оған қоса 3 күміс және 2 қола жүлдесі бар. Жүлде салған боксшыларды атап өтсек, 60 келіде Әділет Құрметов, 71 келіде Аман Қонысбеков, +92 келіде Даниял Сапарбайлар алтыннан алқа тағып, жерлестеріне зор…

Read More

Түркістан облысында, әсіресе, облыс орталығында бой көтеріп жатқан нысандардың сәулеті қала кейіпіне сай болуы тиіс. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында айтылды. Жиын барысында облыстағы сәулеттік жобалар жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, әкімшілік-іскерлік орталығындағы тұрғын үй кешендері мен коммерциялық нысандардың қасбеті, аулаларды абаттандыру, көше бойына салынатын саябақ дизайны қаралды. «Қолөнершілер орталығы» мен «Күлтебе қалашығы» жобасы пысықталып, ұсыныстар айтылды. Өңір басшысы әрбір нысанның құрылысы талапқа сай әрі сәнді жүргізілуі тиіс екенін ескертті. – Түркістан қаласының өзіндік келбеті қалыптасқан. Нысандардың сәулеттік жобалары талапқа сай болуы тиіс. Әрбір құрылысты зерделеңіздер. Құрылыстың тарихи нысандарға зияны келмеуі басты назарға алынсын. Әрбір нысанға жауапты әкім…

Read More

2024 жылдың I жартыжылдығының қорытындысы бойынша Түркістан облысында бюджетке 120,8 млрд. теңге көлемінде салықтар мен басқа да түсімдер түсіп, жоспар 111,1%-ға орындалды. Жоспар 108,7 млрд. теңге болатын. Көрсеткіштің артығымен орындалуы меншік салығынан, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық, көлік құралдарына салынатын салық, жер салығы, жеке табыс салығынан, азаматтарға пәтер сатудан түсетін түсімдер және өзге де салықтық емес түсімдер есебінен жүзеге асты. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппараттың апталық отырысында кіріс көздерін ұлғайта түсу тапсырмасы берілді. Әсіресе, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылса да, салықтан жалтарып жүрген білім және өзге де салаларға қатысты мекемелердің қаржылық әрекеттерін зерделеу, тиісті шешім қабылдау…

Read More

Өткен жылы республикалық бюджеттен «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Сайрам ауданына қарасты Қайнарбұлақ ауылдық округіндегі 19 көшеге асфальт төсеу жұмыстарына қажетті қаржы қаралып, биыл шілде айында жөндеу жұмыстары басталды. Жол жөндеу жұмыстары 3 кезеңге бөлініп, бүгінде Әсіларық ауылындағы Көктем көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта биылғы жылдың қазан айына дейін округтегі Көмешбұлақ, Парасат, Темірқазық, Мұсаев тұйық, Қ.Жұмабаев, Әлжанов, Қазыналы, Абай (Шіркін), Ж.Шамет, Сағым, Жаңғыру, Абай тұйық (Қасымбек датқа ауылы), Жастар, Одаманов, Ы.Шалабаев, Шынарлы, Самал және Абай (Тоған ауылы) көшелеріне кезең-кезеңімен асфальт төселетін болады. Айта кетейік, аталған көшелерді асфальттау жұмыстары аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырыс беруімен,…

Read More

VIII «Азия балалары» халықаралық ойындарының күміс жүлдегері Құдірет Ерімбетовті отбасы мүшелері мен туған-туыстары құрмет-қошеметпен күтіп алды. Түркістан теміржол вокзалындағы күтіп алу іс-шарасының бел ортасынан табылған қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев пен қалалық мәслихат депутаты Жандос Арыстанов спортшыны жеңісімен құттықтады. Ресей Федерациясының Якутск қаласында өткен дүбірлі жарыста түркістандық балуан 38 келі салмақта бақ сынап, күміс медальды қанағат тұтты. Чемпиондар мектебінің спортшысы Тәжікстан, Беларусь, Ресей, Әзербайжан елдерінің балуандарын жеңіп, финалдық белдесуде ғана қарсыласына есе жіберді. Жеке бапкері – Асхат Орынбасаров. Балуан бұған дейін облыстың жеңімпазы, ҚР-ның 2 дүркін және халықаралық турнирлердің жүлдегері атанып үлгерген. Күміс медаль тағынған спортшыға туған-туыстары қаржылай сый-сияпат ұсынып, ақжарма…

Read More