Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • Шымкентте медицина саласы өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдау білдірді
  • Шымкентте этномәдени бірлестік өкілдері жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » МҰНЫ ЕРЛІК ЕМЕС, ӘР АДАМНЫҢ АЗАМАТТЫҚ МІНДЕТІ ДЕП БІЛЕМІН
ЖАҢАЛЫҚТАР

МҰНЫ ЕРЛІК ЕМЕС, ӘР АДАМНЫҢ АЗАМАТТЫҚ МІНДЕТІ ДЕП БІЛЕМІН

authorBy author29 сентября, 2024Updated:30 сентября, 2024Комментариев нет4 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Күнделікті үрей мен қауіп-қатерге толы заманда айналадан, әсіресе ел тыныштығын күзетіп, қауіпсіздікті ойлап жүрген полиция қызметкерлерінен мол үміт күтесің. «Түн тыныштығын берсін!» деп ойлап жатып, таңертең тұрғанда жақсы жаңалықтардан үміттенесің. Әттең, әр күні сан-қилы жағдайларды ести беріп, нәзік жүректің де қатайып бара жатқаны байқалады. Тосын оқиғалардың жиілеп кеткені сонша «қорқатын заман болды ғой» деген тіркесті айтуды әдетке айналдырдық. Сондықтан, кейде қауіп-қатерден «құдай сақтап»  аман қалып, оған себепші болып, сол сәтте құтқарған, қолдаған жандар туралы естігенде қуаныштан төбеміз көкке жетіп, сол ерліктің басы-қасында жүрген адамның бар болғанына шүкір дейсің.

Сондай адамға ерекше алғыс та айтқың келеді, жақсылығын шартарапқа жеткізгің келеді…

Полиция капитаны Олжас Ерсұлтанов та кезекшілік барысында күтпеген жәйтқа тап болады. Ол өз учаскесін аралап келе жатып, отқа оранған пәтерді көріп, өрт сөндірушілерді күтпестен бірден пәтерге еніп кетеді. Бұл өткен жылдың тамыз айының соңы болатын. Бұл жайлы Түркістан қалалық Полиция басқармасының №4 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторы Олжас Ерсұлтанов былай деп еске алады:

«Мен әдеттегідей аулаларды аралап, қылмыстың және әкімшілік-құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында аралау және қадағалау жұмыстарын жан-жақты жүргізіп жүрген болатынмын. Сондай сәтте Самал мөлтек ауданының 2-қабатындағы пәтерден өрт шығып жатқандығын көріп қалдым. Дереу оқиға орнына барып, үйге басып кірдім. Кірсем, пәтердің жатын бөлмесі өртеніп, іші көк түтін болып жатыр екен. Бірден іштегі адамдарды ойладым. Оларды қалай-да құтқару керек деп іздей бастадым, сөйтсем үйде өздігінен жүріп-тұра алмайтын мүмкіндігі шектеулі ер адам мен 5 жас шамасындағы кішкентай қыз бар екен, екеуін де қауіпсіз жерге алып шықтым. Жедел әрекет етіп, алғашқы медициналық көмек көрсеттім».

Міне, осылайша шарасыз күйде қалған ер азамат пен шақшадай қызды бір сәт ойланбастан құтқарып, өміріне араша болған Олжастың ерлігі көпке үлгі. Азаматтың ерлігін мақтанышпен паш ете аламыз. Осы ретте Олжас Ерсұлтановты кішкене әңгімеге тартып, өзі жайлы айтуын өтінген едік.

«Мен 2016 жылдан бері құқық қорғау органында қызмет етіп келемін. Түркістанда туып-өстік, осында оқыдық, ендеше туған қаламыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты парызым деп білемін. Өзім де бала кезден осы мамандық иесі болуды армандап, қол жеткізгендіктен, соған сай қызмет ету қажет екені белгілі.

Отбасылымын, 3 балам бар. Балапандарымның, ет жақындарымның, ата-анамның алаңсыз өмірі мен жайлылығы ең басты орында тұрғандықтан, еліміздің, сонымен бірге әрбір тұрғынның өміріне бей-жай қарауға болмайды. Ол адами тұрғыдан да дұрыс емес. Ер азаматтың мойнына көп жауапкершілік жүктелгендіктен, өз отбасын, өз ортасын, елін, жұртын, жалпы ұлт тұтастығын бірінші орынға қою, қадірлеу, аялау – басты міндетіміз. Сол себепті өрттен құтқаруға қатысты әрекетімді ерлік деп бағаламаймын, ол менің қызметтік міндетім».

Иә, полиция қызметкерлерінің еңбегі айрықша бағалауға тұрарлық. Тәртіп сақшылары түрлі төтенше оқиғалардың алдын алу мен болдырмау мақсатында күнделікті тынымсыз шұғыл шаралар атқаруда. Балаларыңызға, дүние-мүліктеріңізге сақ болыңыздар деп, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттілігі туралы үздіксіз ескертулер жасауда. Әр түрлі құқық бұзушылық жасағандар анықталып, оларға қатысты тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қысқасы тәртіп сақшыларының күндіз-түні тынбай ел тыныштығын қорғап, дамыл таппай қызмет етіп жатқаны белгілі. Ал енді өртеніп жатқан пәтерге тәуекел етіп, өз жанын қиып, өртке қарсы келу — бұл нағыз ерліктің өзі деп айтуға лайықты! Айта кеткен жөн, осы ерен ерлікке куә болған аумақ тұрғындары ризашылықтарын жасыра алмай, Түркістан қалалық Полиция басқармасына алғыстарын білдірген жүрекжарды хатын жеткізіп, бүгінгі бейбіт күннің батырын марапаттауларын сұрайды. Халық алғысына бөлену деген осы болса керек. Ал халық алғысынан артық жоғары марапат бар ма?

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

5 февраля, 2026

Шымкент қаласының әкімдігінде жаңа Конституция жобасы талқыланды

2 февраля, 2026

ЖАСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

2 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.