Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ШҰҒЫЛ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУДА АСҚАН ҚЫРАҒЫЛЫҚ ҚАЖЕТ
Қоғам

ШҰҒЫЛ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУДА АСҚАН ҚЫРАҒЫЛЫҚ ҚАЖЕТ

authorBy author29 сентября, 2024Updated:30 сентября, 2024Комментариев нет14 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қоғамдық тәртіпті ретке келтіріп, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, тұрғындар тыныштығын сақтауда полиция қызметінің рөлі айрықша. Олар уақытпен санаспай түрлі қылмыстық істердің алдын алып, өз міндеттерін үлкен жауапкершілікпен атқарады. Полиция қызметкеріне қырағылық пен ептілік ауадай қажет. Сабыр төзім, бәрінен де қажыр-қайрат керек. Тәртіп сақшысына мәдениетті де, ұстамды болу аса маңызды. Шұғыл шешім қабылдай білу қасиеті де полицейге өте қажет. Полиция қызметі қай жерде болсын жауапкершілігі мол қызмет. Вокзал, станцияларда жолаушылардың ағыны көп. Осылардың барлығы дерлік көліктегі полиция департаменті желілік полиция бөлімдерінің жіті бақылауында. Осы орайда өз қызметтерін абыроймен атқарып, оңды істердің жүзеге асуына өз ықпалын тигізіп отырған азаматтар арамызда аз емес. Қызметтік міндеттеріне зор жауапкершілікпен қарап, біліктілігімен көпшілік көзіне түсіп жүргендер аз емес. Жанкешті қызметтің жауапкершілігін сезініп, қауіпсіздік шараларын алуда қырағылық пен ептілік танытып жүрген полиция қызметкерлері жайлы айтуды жөн көрдік. Бәрін басынан бастап айтайық.

Кентау қаласының полициясына жергілікті тұрғыннан оның ұлы 4-қабаттағы пәтердің терезесінен секірейін деп жатқаны туралы хабарлама келді. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен учаскелік полиция инспекторлары дереу шықты. Аталған мекенжайға келгеннен кейін тәртіп сақшылары 29 жастағы ер азаматтың денсаулығында ақауы бар екенін анықтады. Ол пәтердің есігін ішінен құлыптап алып, ешкімді, тіпті жақындарын да кіргізбей, терезеден секіремін деген.

Сонымен қатар қолына түскен заттарды терезеден лақтыра бастаған. Ер адам секіруге тырысқанда полицейлер оны тыныштандырып, әңгімелерімен назарын басқа жаққа аудара бастайды.

Осы уақытта байқатпастан және уақыт жоғалтпастан учаскелік полиция инспекторы Есімхан Бағзатхан өз өмірін тәуекел ете отырып, балконға көрші пәтердің терезесі арқылы кірді. Осыдан соң қасына ешкімді жақындатпаған жігітті күрес әдістерін қолдана отырып, бірден шап беріп ұстап алды. Осылайша учаскелік полиция инспекторы жігіттің өмірін аман сақтап қалды. Азаматқа медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жатқызылды. “102” арнасына хабарлама түсіріп, көмек сұраған Кентау қаласының тұрғыны, яғни жігіттің әкесі ұлын құтқарған полицейлерге шексіз алғысын білдірді.

Соңы жақсылықпен аяқталған, ел тыныштығы мен амандығы үшін өз өмірін қатерге тіккен Есімхандай азаматтар қазіргі заманның батыры деуге әбден лайық емес пе?! Ендеше ел қауіпсіздігі осындай мәртебесі биік, іскер жандардың қолына тапсырылса болашағымыздың жарқын болатынына сеніміміз мол.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.