Автор: author

Түркістанда «Turk youth talent» облыстық талантты жастар байқауы өтті. Алғашқы іріктеу кезеңіне 200-ден астам өнерпаз өтінім білдірсе, олардың арасынан іріктеліп шыққан 50-ге жуық талант келесі кезеңге жолдама алған. Финалға 15 қатысушы өтіп, бойындағы өнерін көпшілікке паш етті. Сайысты Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының Жастар ресурстық орталығы мен «Серпіліс» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған. Байқау мақсаты – ел арасындағы табиғатынан ерекше таланттарды табу. Шығармашылық ізденісін ұлғайтып, дарынды жастардың шеберлігін шыңдау. Талантты жастарды қолдау, елге таныту. Таланттар сайысында Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласы сазды-драма театрының басшысы Алиев Арман, «Серпіліс» қоғамдық бірлестігінің басшысы Нарымбетова Бейсенкүл, қоғам белсендісі, блогер Айтаханова Айгерім, Түркістан қалалық мәслихат депутаты Худияров Ғалымжан…

Read More

Түлкібас ауданында облыстық Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында сенбілік өтті. Іс-шараға аудан әкімдігіне қарасты ауылдық округ, кенттер мен дербес бөлімдерден құралған 25 мекеменің мамандары мен ақылы қоғамдық негіздегі жұмысшылар және басқарма қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ 15 дана күл-қоқыс шығаруға арналған арнайы техника жұмылдырылды. Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбеков пен аудан әкімінің міндетін атқарушы Марат Жанесен әр мекемеге 10 шақырымнан астам жол бойын бөліп, шөп ору, қураған талдарды кесу және күл-қоқысты жинау сынды жұмыстардың сапалы орындалуын бақылады. Сонымен қатар Машат шатқалында өткен сенбілікте спорттың бірнеше түрінен жарыстар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, сенбілікке қатысушылар «арқан…

Read More

Татарстанның Қазан қаласында БРИКС+ елдері қалаларының халықаралық форумы өтті. Оған Үкімет делегациясы құрамында арнайы барған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Татарстан Республикасының Раисы Рустам Миннихановпен кездесті. Облыс әкімі Түркістанның Түркі әлемінде өзіндік орны бар рухани орталық екенін айтып, аймақтың индустриалды әлеуеті мен инвесторларға жасалатын жеңілдіктер жөнінде баяндап берді. Қазақстан мен Татарстанның бауырлас елдер екеніне тоқталған Дархан Сатыбалды сауда-экономикалық байланысты нығайту, инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы мен ІТ саласында тәжірибе алмасу және өзге де мәселелерді талқылады. Өзара әріптестікті нығайту жөнінде келісімге қол жеткізілді. Татарстан басшысы екі елдің рухани байланысы тереңде екеніне тоқталып, сауда мен экономикалық байланыстарды тереңдете түсуге мүдделі екенін жеткізді. Қазақстандық делегацияға…

Read More

Түркістан облысын дамыту бағытында тұрғындардың ұсыныстары ескеріледі. Сондықтан облыс әкімі мен орынбасарлары бекітілген кестеге сәйкес өңір халқын жеке қабылдап, ұсыныстарын қарауда. Бұл жолы тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов тыңдады. Кездесуге келген азаматтар бірқатар мәселе көтерді. Басым бөлігі мемлекет тарапынан тұрғын үймен қамтуды сұрады. Оларға тұрғын үй кешендері бой көтеріп жатқаны және баспана заң аясында тек кезек реттілігімен берілетіні айтты. Сондай-ақ жалдамалы пәтер ақысына мемлекет тарапынан субсидия алуға өтінім беру жолдары түсіндірілді. Айта кетейік, қазіргі уақытта облыс орталығы Түркістан қаласында тұрғын үй кезегінде 16 мыңнан астам азамат тұр. Түркістан қаласының тұрғыны үйіне газ тарту және жол салу…

Read More

Түркістан өңірінде облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өндірісті дамыту, инвестиция тарту, жұмыс орындарын ашу бағытында ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Сонымен бірге шет мемлекеттердің өндірістегі тәжірибелері зерттеліп, келіссөздер жалғасуда. Түркістан облысының делегациясы жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту мақсатында Өзбекстан Республикасының Ташкент, Самарқанд, Жызақ өңірлеріндегі мата-тоқыма кәсіпорындары басшыларымен кездесіп тәжірибие алмасты. Келіссөздер жүргізіліп, осы салада әріптестік орнатылды. Тоқыма саласындағы танымал «SAFF TEXTILE» ЖШС, «Afrasiab jeans textile» ЖШС, «Aya textile» ЖШС, «VIRTUS Tricot» ЖШС, «Daka Tex» ЖШС және «Samarqand euro asia textile» компанияларымен келісімдер жасалды. Түркістандық делегация Өзбекстанның бірнеше аймағында кездесулер өткізді. Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Абдразақова аймақтың инвестициялық әлеуеті,…

Read More

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың базасында орналасқан бірегей ботаниқалық бақ – аймақ үшін баға жетпес байлық. Бүгінде 88 гектар аумақты алып жатқан ботаниқалық бақта декоративті және жеміс талдарының 150-ге жуық түрі мен сорты бар. Жылдағы дәстүрге сай, жаз мезгілінің алғашқы күнінен оқу ордасының ботаникалық бағындағы жеміс ағаштары өнім бере бастайды. Бұған дейін де бақтағы шие ағаштарының өнімдері жиналып, жидектен жасалған шырын университет факультеттеріне таратылған болатын. Енді, міне, биылғы маусымның піскен өріктерін жинау және өңдеу жұмыстары да бастау алды. Бақтың жалпы аумағының 15 гектарында өрік ағаштары егілген. «Инновациялық технологиялар негізінде биоресурстарды коммерциялық игеру арқылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың ботаникалық бағының бағалы гендік…

Read More

Түркістан облысында елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, халықты әлеуметтік жұмыспен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл мәселе өңір басшысы Дархан Сатыбалдының тұрақты бақылауында. Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен барып, ауданда жүргізіліп жатқан маңызды нысандардың құрылыс барысымен танысты. Мердігерлер, бас жобалаушылар, техникалық қадағалаушылар, жауапты басқарма өкілдеріне құрылыс кестесінен кешікпеу, жұмысшы күшін екі есе көбейту, құрылыс сапасына аса мән беруді тапсырды. Егер мерзімнен кешігу немесе құрылыс сапасы төмен болған жағдайда айыппұл салынатыны ескертілді. Алдымен аудандық білім бөліміне қарасты «Толағай» лагеріне барды. Жазғы сауықтыру лагері биылғы 3 маусымда жұмысын бастаған. Қазіргі таңда мұнда ауысымдағы 200 оқушы демалуда. Жалпы жаз…

Read More

Бүгін Түркістан қаласында «Neke tour» республикалық байқауы басталды. Биыл екінші рет қатарынан ұйымдастырылған байқауға 100-ге жуық жұп өтінім жіберді. Байқауға ресми некедегі және өтініш берерде неке қию туралы куәлігі бар, жасы 18-ден асқан жұбайлар қатысты. Іріктелген 20 жұп «Шаңырақ», «Махаббат», «Ару», «Жанұя» номинацияларымен марапатталып, ұйымдастырушылар тарапынан түрлі сыйлықтарға ие болды. Атап айтқанда, бас жүлде – «Шаңырақ» номинациясының иегері Түркістанға бару және қайту, қонақ үйде тұру, кешкі ас және фотосессия мен дәстүрге сай неке қиюға жолдама алды. Сонымен қатар өзге де номинацияға ие болған жұптар да белгіленген сый-сияпаттарға ие болды. Қатысушылар үшін киелі өңірде неке қиюдың барлық жөн-жоралғысы дайындалды. Алғашқы күні қала…

Read More

Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экоакциясы басталған болатын. Бір ай көлемінде өткізілген тазалық шараларына еліміздің әрбір өңірі атсалысты. Түркістан облысы да бұл шарадан тыс қалған жоқ. Акция аясында «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» апталықтары өтті. Жалпы 5 апталықта абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары күнделікті жүргізілді. Жалпы облыс бойынша науқан аясында 1 408 ауқымды іс-шара өтті. Бұл жайында облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбеков брифингте мәлімдеді. «Акция басталғалы 74 мыңға жуық тұрғын мен 1 700-ге тарта техника сенбіліктерге жұмылдырылып, 4 мың тоннадай қоқыс шығарылды. Сондай-ақ, 18 мың шақырым жолдардың бойы…

Read More

Талдау жұмыстарының қорытындысы бойынша 2023-2024 жылдары 2 мыңнан аса Түркістан облысы тұрғындарының шамамен 650 млн теңгеге жуық қаржысын қаржылық пирамидалар заңсыз иемденген. Аталған іс бойынша 22 күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, жәбірленушілерге келтірілген залалдың 233 млн теңгесі қайтырылды. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев брифингте мәлімдеді. «Қаржылық пирамидалардың алдын-алу мақсатында департамент «Аймап» ақпараттық жүйесі арқылы қауіптілігі бар 10 мыңға жуық «Instagram» аккаунтын анықтады. «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы қаржылық пирамида және заңсыз ойын бизнесінің күдік қаупі бар 180 аккаунт, сайт, «WhatsApp» топтар бұғатталды. Халық арасындағы кеңінен таралған қаржылық алаяқтық және экономикалық қылмыстар деңгейін төмендету…

Read More