ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап колледждер мен ЖОО студенттеріне арналған стипендияларды арттыруды көздейтін Үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz. Колледж студенттері үшін шәкіртақы 50%-ға артып, жұмысшы мамандықтары бойынша 43 574 теңгені, орта буын мамандары үшін 41 896 теңгені құрайтын болады. Бакалавриат студенттерінің стипендиясы 20%-ға артып, 47 135 теңгеге дейін, ал педагогика және медицина бағыттарындағы білім алушылардың стипендиясы 75 600 теңгеге дейін ұлғаяды. Интернатурада оқитындарға стипендия 85 376 теңге, ал резидентурада – 123 122 теңге көлемінде төленетін болады. Магистранттар мен докторанттарға стипендия 15%-ға ұлғайтылады, оның мөлшері тиісінше 107 061 теңгені және 240 000 теңгені құрайды. Сондай-ақ…
Автор: author
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Ош облысы Нооқат ауданында сел жүру салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровқа көңіл айту жеделхатын жолдады. – Қазақстан халқының және жеке өз атымнан қаза тапқан азаматтардың отбасы мен жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Қазақстан тату көршілік және өзара қолдау рухында табиғат апаты болған елді мекенге гуманитарлық көмек жіберді. Қажет болған жағдайда, бауырлас Қырғызстанға жәрдем беруге әзірміз, – деп жазылған жеделхатта.
ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап колледждер мен ЖОО студенттеріне арналған стипендияларды арттыруды көздейтін Үкімет қаулысына қол қойды. Колледж студенттері үшін шәкіртақы 50%-ға артып, жұмысшы мамандықтары бойынша 43 574 теңгені, орта буын мамандары үшін 41 896 теңгені құрайтын болады. Бакалавриат студенттерінің стипендиясы 20%-ға артып, 47 135 теңгеге дейін, ал педагогика және медицина бағыттарындағы білім алушылардың стипендиясы 75 600 теңгеге дейін ұлғаяды. Интернатурада оқитындарға стипендия 85 376 теңге, ал резидентурада – 123 122 теңге көлемінде төленетін болады. Магистранттар мен докторанттарға стипендия 15%-ға ұлғайтылады, оның мөлшері тиісінше 107 061 теңгені және 240 000 теңгені құрайды. Сондай-ақ 2025 жылғы 1…
Түркістан музыкалық драма театрынының ІІІ маусымы жабылды. Ел көңілінен шыға білген Саид Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» комедиялық қойылымы сахналанды. Пьесаны қазақ тіліне аударған – Асқар Сүлейменов. Әлемнің 14 елінің сахнасында қойылып, кино өндірісінде елеулі туындыға айналған бұл шығарма 40 жыл өтсе де маңыздылығын әлі жойған жоқ. Шығарма тұңғыш рет 1978 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында көрсетілді. Қазіргі күні қазақстандық театрлардың басым бөлігі Саид Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» спектаклін қойды десек қателеспейміз. Комедияда ене мен келін арасындағы қарым-қатынас ғана емес, жалпы қоғамда орын алып отырған мәселелер де көрсетіледі. Адам баласының еркіндігі, таңдау құқығы, психологияның жедел даму әсері сияқты…
Республика бойынша «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында атқарылған жұмыстарға апта сайын талдау жүргізіліп келеді. Түркістан облысында аталған акция аясында абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалық, қоқыс шығару және полигондарды күтіп ұстау бойынша үздіксіз жұмыстар жүргізіліп жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен өткен аппарат мәжілісінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов аталған акция аясында бір апта көлемінде өңірде атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Облысқа қарсты 807 елді мекенінде сенбілік жұмыстары кестеге сәйкес тұрақты жүргізіліп келеді. Өткен аптада 64 елді мекенде санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Оған 181 632 тұрғын қатысып, 132 техника жұлдырылды. Сол күні, жалпы, 717 тонна қоқыс шығарылды. Нәтижесінде, 199,7 шақырым ауыл ішілік көшелер,…
Түркістан облысы әкімінің апталық мәжілісінде өңірді сапалы ғаламтормен қамту мәселесі талқыланды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жауапты басшыларға ІТ саласын дамыту, жолдардың бойынша интернет байланысын күшейту, ауылдарда байланыс сапасын жақсарту жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Байланыс операторларының жауапкершілігін көтеру, солармен бірлесе жұмыс істеу, инвестиция тарту мәселелері де сөз болды. – Цифрландыру – заманауи әрі жастарды қызықтыратын сала. Жаңа идеялар ойлаңыздар. Түркістанды ІТ саласы дамыған орталыққа айналдыруымыз керек. Жуырда Татарстанға барып, сол жақтағы ІТ саласындағы жұмыстармен таныстым. Онда арнайы мектептер ашылып, жұмыс істеп жатыр. Түлектерінің 100 пайызы жұмыспен қамтылып жатыр екен. Осы бағытта келіссөз жүргізіп, халық тығыз орналасқан аудандарда ІТ мамандарын даярлайтын орталықтар, мектептер ашуымыз…
Түркістан облысында су нысандары мен шомылу орындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Осы ретте балалардың қауіпсіздігін сақтау бағытында құзырлы органдармен облыстың барлық аудан, қалаларында ата-аналармен жергілікті жерлерде кездесулер ұйымдастырылып, барынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан бері құзырлы органдармен кезекшіліктер бекітіліп, 4685 адамды тарта отырып, 2229 патрульдеу және рейд жұмыстары ұйымдастырылып, өзендер мен каналдардың бойында орналасқан 4000-ға жуық тұрғын үйлерді аралау арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды. Үлкендердің қарауынсыз жүрген 100-ден аса бала ата-аналарына тапсырылды. Қайғылы оқиғалардың көбісі балалардың ата-ананың қарауынсыз қалуынан болып жатқандықтан, құзырлы органдармен облысымыздың барлық аудан, қалаларына бару арқылы ата-аналармен жергілікті жерлерде кездесулер ұйымдастырылып, барынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мектеп директорларымен…
Сауран ауданына қарасты Шаға ауылдық округінде жаңбырлатып суару машиналары мен тракторлар шығарылуда. Бүгінгі таңда 80 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған «BNK GROUP LTD» ЖШС мекемесі жылына 950 дана жаңбырлатып суару технологиясымен жұмыс істейтін машиналарды өндіруге қауқарлы. Іргелі өндіріс орнына БАҚ өкілдері арнайы барып, жұмысымен танысты. Сонымен қатар, журналистер аталған ауылдық округте орналасқан «Ақниет Холдинг» Мүгедектор қоғамының зауытына барды. Онда тұрақты жұмыс істейтін 100 адам әскери шатыр өндірісімен айналысады. Бұдан бөлек, өндіріс орны корпустық, жұмсақ және медициналық жиһаз өндірісін қолға алған. БАҚ өкілдерінің келесі барған нысаны — Қарашық ауылдық округіндегі «Дильназ» шаруашылығы болды. Жылыжайда жыл бойы түрлі үй және көше өсімдіктері өсіріледі.…
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Төлеби ауданына арнайы іссапармен барды. Аудандағы бірқатар әлеуметтік нысанды аралап, құрылыс барысын бақылады. Зертас ауылдық округі, Шомшақты елді мекенінде бой көтерген жаңа фельдшерлік-акушерлік пункті, Көксәйек бастауыш мектебінде жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты. Биыл дәл осы елді мекенде тағы бір ФАП құрылысы басталды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қолдауымен аймақтағы мектептер күрделі жөндеуден өтуде. Оған Төлеби ауданындағы мектептер де енгізілген. Бейсенбай Тәжібаев Қазақстан және Б.Биболатұлы жалпы орта мектептері, Қостөбе шағын жинақты жалпы орта мектебінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеудің жұмыс сапасын қадағалады. Қостөбе шағын жинақты жалпы орта мектебі күрделі жөндеуден өткізілуде. Бүгінгі таңда Мердігер мекеме «Радуга-СН»…
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды көне Сауран қалашығына барып, жай-күйімен танысты. Ғалымдар мен зерттеушілермен бірге Сауранның тарихи маңызын дәріптеу, туристік мүмкіндігін молайту, рухани және туризм орталығына айналдыру жолдарын саралап, ақылдасты. – Дәл Түркістанның іргесінде аса құнды тарихи қаламыз тұр. Сауранды туристік бағытқа енгізіп, тұрақты түрде насихаттау керек. Салынып жатқан «Сапар орталығында» осы қала туралы толық мағлұмат беріліп, туристерге сапалы материалдар мен жәдігерлер ұсынылуы тиіс. Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келетін туристерді осы жаққа да бағыттаған жөн. Жауапты басқарма басшылары жұмысты үйлестірсін. Сауранның туристік әлеуетін арттыру бойынша жоспар, іс-шара бекітіңіздер. Жол, инфрақұрылымын реттеуді де жүйелі түрде атқарған жөн, – деген Дархан Сатыбалды…
