Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «АУЫЛДАҒЫ БІР КҮНІМ» АТТЫ РЕАЛИТИ-ШОУ САЙЫСЫ ӨТУДЕ
Қоғам

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «АУЫЛДАҒЫ БІР КҮНІМ» АТТЫ РЕАЛИТИ-ШОУ САЙЫСЫ ӨТУДЕ

authorBy author11 июля, 2024Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Бүгін Қазығұрт ауданында облыстық қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында ұлттық мәдениет пен салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың тәрбиелік мәнін дәріптеу, жастардың бойында ұлттық құндылықтар мен адамгершілік, имандылық қасиеттерді дамыту мақсатында «Ауылдағы бір күнім» атты облыстық реалити-шоу сайысы басталды.
Шараға Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Көшкінбай Аян және Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаты Молдасапаров Айбек, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Бектаев қатысып, барша командаға сәттілік тіледі.
– Заман өзгерсе де ұлттық салт-дәстүріміздің көнермейтіндігін еске сала отырып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту жолында жастарды халқымыздың ұлттық құндылықтарымен терең таныстырып, жан-жақты дамыған, ой-өрісі кең, мәдениетті тұлға қалыптастыру мақсатында облысымызда осы сайыс ұйымдастырылуда, – деді Ернар Бектаев.
Байқауда қатысушылар төрт кезең бойынша бақ сынайды.
Олар: I кезең. Ұлдар: Ләңгі тебу, садақ ату;
Қыздар: Ұлттық тағамдар әзірлеу.
II кезең. Ұлдар: Арқан тартыс;
Қыздар: Құрт әзірлеу.
III кезең. Салт-дәстүр туралы сұрақтар бойынша командалық сайыс.
Аталған байқауға облысымыздың аудан, қалаларынан 13 команда қатысып жатыр.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.