Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ТҮРКІСТАН: АППАРАТ БАСШЫСЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫН ТЫҢДАДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН: АППАРАТ БАСШЫСЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫН ТЫҢДАДЫ

authorBy author10 июля, 2024Updated:11 июля, 2024Комментариев нет4 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Түркістан облысында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында облыс әкімі Дархан Сатыбалдының, облыс әкімінің орынбасарларының және аппарат басшысының тұрғындарды жеке қабылдауы бекітілген кестеге сәйкес тұрақты жүргізіліп келеді.
Бүгін Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов «Ашық әкімдік» кеңсесінде өзі жетекшілік ететін салалар бойынша тұрғындарды жеке қабылдады. Ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады.
Жеке қабылдауға келген тұрғындар спорт саласына қатысты бірқатар мәселе көтерді. Мәселен, азаматша паралимпиада ойындарының жеңімпазына қолдау көрсетіп, тұрғын үймен қамтуға ықпал жасауды сұрады. Өтініш иесіне мемлекеттік тұрғын үй беру заңдылықтары түсіндіріліп, баспана үлестіру бойынша демеушілер қарастырылатындығы айтылды. Түркістан қаласының тұрғыны «ArtSport» бағдарламасы аясында мемлекет тарапынан қаржыландыру мәселесін ортаға салды. Түркістан облысы бойынша «ArtSport» жобасымен 16 мың баланы қаржыландыруға жеткілікті қаражат бөлінген. Қазіргі таңда жаңа 350 өнім берушіден 872 өтініш түскен. Кәсіпкерге ақпараттық жүйеге түскен өтінімі белгіленген талаптарға сай келмеуіне байланысты қайтарылғандығы түсіндірілді. Сонымен қатар аппарат басшысы жауапты сала басшыларына заңсыздықтардың алдын алу бойынша жұмысшы тобын құрып, спорт секцияларына мониторинг жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Еркеғали Әлімқұлов көтерілген мәселелерді шешу бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырма беріп, орындалу барысы бақылауда болатынын жеткізді.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.