Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Облыстың, ауданның даму бағыты туралы ой қозғап, өзекті мәселелерді де екшеді. Сайрамдықтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. – Сайрам – өңіріміздегі ең ауыл шаруашылығы дамыған, кәсіпкерлікке ден қойған аудан. Әлеуеті өте жоғары. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Сайрам ауданында 2023 жылы 14 елді мекенде 31 жобаны іске асыруға 2,6 млрд. теңге бөлінді. Бірқатарына тоқталсақ, Нұржанқорған елді мекенінде 300 орынға арналған мектептің қосымша корпусы пайдалануға тапсырылды. Қарамұрт елді мекеніндегі мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, Ақбұлақ елді мекенінде мәдениет үйі салынып, пайдалануға берілді.…
Автор: author
Бүгін Кентау қаласында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Тур аясында журналистер алдымен Кентау қаласындағы №5 Жылу энергия орталығындағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Биыл орталықтағы 6 қазандықтың жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталмақ. Жалпы құны – 13,6 млрд.теңгені құрайтын қазандықтарды қайта құру жұмыстары мердігер мекеме «ЭМ-ходинг» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Сондай-ақ, сапар аясында журналистер Қарнақ ауылында орналасқан «Medical style» тігін цехына барды. Бүгінде цех жылына 20-25 мыңға жуық медициналық киімдердің 25 түрін дайындайды. Айта кететін жайт, қазіргі таңда өндіріс орнының Астана, Алматы, Талдықорған, Шымкент қалаларында арнайы дүкендері бар. Мекеме басшысы Шавкат Хабибуллаевтың айтуынша, тігін цехында жалпы технолог пен арнайы білімі бар 30-ға…
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстанда әншілерге сахнада бейәдеп сөз айтуға болмайтынын ескертті. Министрдің пікірінше, өнер адамдары халыққа үлгі болуы керек. “Мәдениет қайраткерлерінің міндеті – рухани құндылықты насихаттау, мәдениетті қалыптастыру. Егер біз сахнада ішімдік ішуге немесе есірткі заттарын тұтынуға рұқсат етсек, бұл айналаға қалай әсер етеді? Сондықтан қазір біз сахнаны құрметтеу керек деген мәселені көтеріп жатырмыз. Сахнаға шығып, өзінің таланты арқылы ақша тауып жүрген әнші өз көрерменін құрметтеуі керек. Сондықтан ол жағдайы мен мінез-құлқын бақылауы керек. Боқтауға мүлдем болмайды. Мұны сахнада қалай елестетуге болады?» – деді Аида Балаева Сенаттың кулуарында. Одан кейін бұл ескертуі тек отандық шоу-бизнес өкілдеріне ғана емес, шетелдік…
Түркістан облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасы аясында 49 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысанының құрылысы жоспарланған. Оның ішінде, облысқа қарасты елді мекендерде 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік пункт, 6 медициналық пункт бой көтермек. Бұл нысандардың құрылыс барысы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қатаң бақылауында тұр. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жауапты сала басшылары және мердігер мекеме өкілдерімен бірге Ұлттық пилоттық жоба аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарды пысықтады. Жобаның маңыздылығына тоқталып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар міндеттеді. – Президенттің тікелей тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасының маңызы орасан. Бұл – мемлекеттік ғимарат. Құрылыс жұмыстары аса жауапкершілікті талап етеді.…
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бүгін Астана қаласында өткен Қазақстан-Корея бизнес форумына қатысты. Жұмыс сапары кезінде Түркістан облысының әкімдігі мен Корея Халықаралық Сауда Қауымдастығы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ Түркістан қаласында кореялық «Вусонг» университетінің филиалын ашу бойынша меморандумға қол қойылды. Айта кетейік, наурыз айында өткен Түркістан облысы делегациясының Оңтүстік Кореяға жасаған ресми іссапары аясында Корея Республикасының Халықаралық сауда қауымдастығының (Korea International Trade Association) басқарма төрағасы Юн Джин Сик мырзамен кездесу өтті. Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты нығайту мәселесі талқыланып, әр түрлі салаларда ынтымақтастықтың ықтимал мүмкіндіктері, инвестиция тарту, тәжірибе алмасу және өзара қарым – қатынасты дамыту талқыланды.…
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев «Самал-3» шағынауданына арнайы барып, тұрғындармен кездесті. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары, аудандық мәслихаттың депутаттары, Сарыағаш қаласы әкімі аппаратының қызметкерлері, «Нұра топтық су құбыры» ШЖҚ РМК-нің «Оңтүстікауызсу» филиалы, «Сарыағаш ТСЖ» өндірістік бөлімшесінің басшысы Б.Қалдыбаев қатысты. Жиын барысында ауыз сумен, электр жарығымен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Көшпелі кездесуде аудан әкімі Арман Абдуллаев әрбір тұрғынды мұқият тыңдап, ауыз су мәселесін оңтайлы шешу мақсатында арнайы жобалаушы мекеме «Улмад» ЖШС тарапынан жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатқанын және сараптаманың қорытындысын алу үшін тиісті жұмыстар атқарылғанын жетікізіп, аталған жұмыстар өзінің жіті бақылауында екенін атап өтті. Сонымен қатар электр жарығы бойынша аудан басшысы «Самал-2» мөлтек ауданы,…
Түркістан облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасы аясында 49 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысанының құрылысы жоспарланған. Оның ішінде, облысқа қарасты елді мекендерде 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік пункт, 6 медициналық пункт бой көтермек. Бұл нысандардың құрылыс барысы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қатаң бақылауында тұр. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жауапты сала басшылары және мердігер мекеме өкілдерімен бірге Ұлттық пилоттық жоба аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарды пысықтады. Жобаның маңыздылығына тоқталып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар міндеттеді. – Президенттің тікелей тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасының маңызы орасан. Бұл – мемлекеттік ғимарат. Құрылыс жұмыстары аса жауапкершілікті талап етеді.…
Apple компаниясы бүгін iPhone операциялық жүйесінің биылғы ерекшелігі – iOS 18 нұсқасын ұсынды. iOS 18 негізгі экранды теңшеудің жаңа құралдарын ұсынады. Қолданба белгілері енді қараңғы режимде болады және пайдаланушылар оларды бірегей көрініс жасау үшін теңшей алады. Қолданбаларды енді Android жүйесінде ұзақ уақыт бойы жүзеге асырылып келе жатқандай, «Басты экранда» еркін жылжытуға болады. Жаңа нұсқада басқару орталығы қайта жасақталды және кеңейтілген теңшеу опцияларына ие болды, сондай-ақ жаңа галерея пайда болды. Әзірлеушілер енді басқару орталығындағы қолданбаларынан құралдарды ұсына алады. Кез келген қолданбада Face ID құлыптауға болады. Пайдаланушылар Face ID арқылы құлыпталған қалтадағы қолданбаларды жасыра алады. iOS 18 жүйесінде құлыптау экранының бұрыштарындағы түймелерді өзгертуге болады. Қолданбаларды жасыру…
Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов ауданның спортшысы, бокстан әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосыновты арнайы қабылдады. Жүрекжарды құттықтауын жеткізіп, алдағы Париж қаласында 2024 жылдың 26 шілде – 11 тамыз аралығында өтетін 33-жазғы Олимпиада ойындарында Көк Туымызды желбірете беруіне сәттілік тіледі. – Биыл Италия елінің Бусто-Арсицио қаласында өткен лицензиялық турнирде 4 рет жекпе-жек өткізіп, Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алып, жоғары жетістікке қол жеткізген болатынсыз. Олимпиада ойындарына осымен қатарынан екінші мәрте баратын отандық спортшы ретінде барша аудан халқы Сізге сенім артып отырмыз. Бұл жолы да аламан сайыста қоржыныңызға алтын салып қайтатыныңызға сенемін, – деді аудан әкімі. Бұдан бөлек, әлемдік бәсекеде жеңіс…
Екіжақты келіссөздерден кейін Мемлекет басшысы мен Корея Республикасының Президенті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасады. Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, шақыруын қабыл алып, сапармен келгені үшін Президент Юн Сок Ёльге шынайы ризашылығын білдірді және бұл күнді қазақ-корей достығы жылнамасындағы айтулы оқиға деуге толық негіз бар екенін айтты. – Біз Корея басшысының осы мемлекеттік сапарына айрықша мән береміз. Бұл екіжақты қарым-қатынастың деңгейі жоғары екенін көрсетеді. Мен елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты жоғары бағалаймын. Бүгін біз кеңейтілген стратегиялық әріптестігімізді одан әрі дамытуға уағдаластық. Өзара ықпалдастықтың жаңа бағыттарын айқындадық. Ең бастысы, бір-бірімізге әрқашан тілеулес екенімізді таныттық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Қазақстан Президенті екі ел сауда-экономика…
