Аударыспақтан 100 келі салмақта сынға түскен Сырым Ізбасаров алтын жүлдеге ие болды. Финалда ол моңғолиялық спортшы Ерболат Жеңісбекті жеңді.
Автор: author
Бүгін, 9 қыркүйек күні сағат 09:09-да 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бағдарламасы аясында Тоғызқұмалақтан алғашқы ойындар басталды. Қатысушылардың алғашқы жүрістері 9 ойыншыдан тұратын 9 үстелдік тақтада, 9 ұядан басталып, есептеу жылдамдығымен сайысқа түсті. Уақыттың мұндай рәміздік таңдауы Тоғызқұмалақ күніне орайластырылып, Көшпенділер ойындары аясында өткізіліп отыр. 2020 жылдан бері бұл оқиға Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының бастамасымен аталып өтіледі. Ашылу салтанатында сөз сөйлегендер: Республикалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Бәйменов, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық дирекциясының басшысы Наиль Нұров және ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев. Құттықтау сөзінде Республикалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Бәйменов бұл күні тоғызқұмалақ логикалық ойыны бойынша рекордтар орнатуға арналған маңызды…
Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Президент Эмомали Рахмонның парасатты көшбасшылығымен Тәжікстанның маңызды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүйелі түрде жүзеге асырып, мемлекеттілікті нығайту жолында сенімді қадам басып келе жатқанын, халықаралық аренада абыройы жоғары екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан мен Тәжікстан стратегиялық серіктестік және одақтастық рухындағы өзара тиімді қарым-қатынас орнатқанын, бұл екі халықтың мүддесіне сай келетінін жеткізді. Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентінің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас тәжік халқына бақ-береке тіледі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткiзу туралы» Жарлыққа қол қойды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 10) тармақшасына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. 2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткізілсін. 2. Республикалық референдумға: «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сауал шығарылсын. 3. Осы Жарлық 2024 жылғы 3 қыркүйекте бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялансын. 4. Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткiзу Референдумның орталық комиссиясының қызметін атқаратын Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдумның аумақтық және учаскелiк комиссияларының қызметiн атқаратын аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына жүктелсiн. 5. Қазақстан Республикасының…
«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм». Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте өңір басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының маңыздылығы мен басымдықтарына жан-жақты тоқталып, белгіленген міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін жауапты орынбасарлары мен басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берді. Жолдауда жүктелген міндеттердің орындалуының қатаң қадағалауда болатынын айтты. Бұл жолғы стратегиялық құжаттың тақырыбы – «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм». Айқындалған 9 міндеттің әрқайсысы еліміздің бүгіні мен ертеңі үшін аса маңызды. – Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизим» атты Қазақстан халқына Жолдауында негізгі 9 бағытты айқындап берді десек,…
Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялады. Президент сөзінің басында Парламент өткен сессияда 102 заң қабылданғанын атап өтті. Олардың қатарында қоғамдық бақылауға, адам саудасына қарсы күреске, ғылым және технология саясатына, жылу энергетикасына қатысты және басқа да заңдар бар. Мемлекет басшысының айтуынша, әлеуметтік салаға, соның ішінде балаларды қорғау ісіне айрықша көңіл бөлінген.Президент халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігі тиетін басқа да көптеген шара қолға алынғанына назар аударып, арқаны кеңге салуға болмайтынын, алдымызда әлі талай ауқымды жұмыс тұрғанын айтты. – Қазақстан халқы қазір мүлде жаңа саяси жағдайда өмір сүруде. Соңғы 5…
Түркістан қаласында Конституция күніне орай Бекзат тұрғын алабында қала тұрғындарының ұсынысына сай жаңа саябақ ашылды. Саябақтың ашылу салтанатына қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, зиялы қауым өкілдері мен қалалық мәслихат депутаттары қатысып, Бекзат секторы тұрғындарының қуанышына ортақтасты. Жалпы аумағы 3 гектарды құрайтын саябақта тұрғындар мен қала қонақтарының тынығуына қолайлы жағдай жасалған. 24 мың шарты метр аумақ көгалдандырылып, 3500 ағаш отырғызылған. Аумақта балаларға арналған ойын алаңшасы мен воркаут алаңы орнатылған. Мерекелік кештерді өткізуге арналған сахна да қарастырылған, келушілер үшін 1200 шаршы метрді құрайтын автотұрағы да бар. Одан бөлек, 20 орындық пен 20 қоқыс жәшігі орнатылып, аяқ жол тақтайшалары төселген. Арнайы транформатор орнатылып, саябақ толық…
Келес ауданы, Абай ауылының 33 жастағы тұрғыны 7 қыздан кейін үшем босанып, 10 баланың анасы атанды. Көптен күткен ұлдарына Қасым, Жомарт есімдері, қыздарына Кемел есімі берілген. Түркістан облысында өмірге келген үшем бүгін отбасымен қауышты. Қасым, Жомарт, Кемел – Мыңжасар отбасының көптен күткен қуанышы. Гүлназ Мыңжасар мерзімінен бұрын – жүктіліктің 33-шы аптасында босанған. Кейбір қарсы көрсеткіштерге байланысты көпбалалы анаға ота жасалған. Әкесі Бахыт Мыңжасар құрылыста жұмыс істейді. Ал анасы жұмыссыз. Балалардың атын анасы қойған. Үшем шала туылған, балалардың салмағы 2000 грамм шамасында болған. – Ота жасаған және жалпы №1 Перинаталдық орталығының акушерлік блогына үлкен алғысымды білдіремін. Медициналық мекемелерде қолайлы жағдай жасап, заманауи…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапары барысында Қазақстанның Тәжікстандағы мәдениет күндері өтті. – Бұл сапар өзара құрметке, сенімге және жан-жақты ынтымақтастыққа негізделген қазақ-тәжік қатынастарының дәйекті түрде нығаюына тың серпін береді. Тәжікстан – сенімді досымыз әрі уақыт тезінен өткен одақтасымыз. Екі елді ортақ тарих, мәдениет және рухани құндылықтар байланыстырады. Біз барлық деңгейде тығыз әрі өзара сенімге құрылған саяси диалог орнаттық. Бірлескен күш-жігер арқылы нағыз достық пен тілеулестік рухында ортақ келешектің негізін қалап келеміз, – деді Қазақстан Президенті тәжік еліне сапарында. Қазақстанның Тәжікстандағы мәдениет күндері аясында екі елдің мәдениетаралық байланыстарын кеңейтуді көздеп, түркістандық «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінің «Jana Lep» ұжымы Худжанд…
Тамыз айының 20-25 күндері Қырғызстан елінің Чолпан-Ата қаласында гір көтеру спортынан кіші жасөспірім, жасөспірім және жастар арасында Әлем чемпионаты өтті. Аталған байрақты бәсекеде Шардара ауданының спортшылары 11 алтын, 11 күміс, 5 қола жүлдені иеленді. Жеңіс тұғырынан көрінген жерлестерімізді атап айтар болсақ: Серпе көтеруден Кіші жасөспірімдер арасында Әлем чемпионы 1. Жансанбай Нұрқанат Жастар арасында Әлем чемпиондары 1. Байдуллаев Бағжан 2. Қуаныш Ерасыл 3. Серикбай Нұрбала Жұлқа көтеруден Жасөспірімдер арасында Әлем чемпионы 1. Данышхан Айдар Жастар арасында Әлем чемпиондары 1. Шинтанов Бақдаулет 2. Тұрғанбай Нұрбатыр Ұзын циклда көтеруден Жастар арасында Әлем чемпиондары 1. Қуаныш Ерасыл 2. Шинтанов Бақдаулет 3. Ауесбек Медет 4.…
