Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ӨРТ СӨНДІРІП ӨЖЕТ ӘРЕКЕТ ТАНЫТҚАН ПОЛИЦИЯ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ӨРТ СӨНДІРІП ӨЖЕТ ӘРЕКЕТ ТАНЫТҚАН ПОЛИЦИЯ

authorBy author7 октября, 2024Updated:17 октября, 2024Комментариев нет6 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Апат айтып келмейді. Сол үшін сақ жүрген жөн. Дегенмен, кенет үйден өрт шықса оқиға орнына алғаш жететін полиция қажет болса өрт сөндірушінің де қызметін атқарып кететін жағдайлар кездеседі. Яғни, алғашқы әрекет шұғыл керек болғанда көзсіз ерлікке баруға тура келеді. Өйткені адам өміріне араша болу таңдауы тұр. Ондай кезде өрт сөндірушілердің келуін күтіп тұруға дәті шыдамайтын, қайтпас та қайсар полиция қызметкерлері талай қайғылы оқиғаның алдын алып қысылтаяң уақытта оңтайлы шешiм қабылдай бiлетiн мамандар. Сондықтан бұл қызметке кездейсоқ адам келе бермейдi.

Түркістан облысы полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінің қырағылығының арқасында Сайрам ауданындағы үйдің ауласында болған өртті сөндіруге мүмкіндік туды. Яғни таңғы сағат 10.00 шамасында, тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметін атқару кезінде полицейлер жергілікті тұрғынның үйінің ауласынан шыққан түтінді байқайды.

Тәртіп сақшылары дереу өрт сөндірушілерді шақырып, оқиға орнына өздері келді. Мұнда олар малға арналған екі қабатты ғимараттың шатырында шөп өртеніп жатқанын анықтады. 4 полиция қызметкері өрттің одан әрі таралуын болдырмау үшін оны дереу сөндіруге кірісті. Су мен қолға түскен құралдар көмегімен және өрт сөндірушілермен бірге олар өртті тез арада сөндірді.

Осылайша, жедел және ұйымдасқан әрекеттердің арқасында ауыл тұрғынының үйіне жалын тимеді. Өрттен ешкім зардап шекпеді. Үй иесі яғни жергілікті тұрғын өзінің шынайы алғысын білдірді.

Негізі, тілсіз жаудың тұтануына адамдар себеп болады. Отты дұрыс қолданбау, электр сымдарының ақауы, үйде өртке қауіпті заттарды сақтау. Десе де, қауіпсіздік ережесін үлкен-кіші түгел сақтағаны жөн. Ал өжет полицейді ісі ел есінде сақталатыны сөзсіз.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15 июня, 2026

«БІЗ БІРГЕМІЗ»: ШЫМКЕНТТЕ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ӨТТІ

15 июня, 2026

ГҮЛГЕ ОРАНҒАН ҚАЛА: ТІК КӨГАЛДАНДЫРУ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҚТЫ

29 мая, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.